Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері (SENU кураторларын үйлестіру және студенттерді сүйемелдеу бойынша)

  • Полная занятость
  • Отдел: Department of Student Services
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: N/A

Описание компании

Назарбаев Университеті Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті

Описание вакансии

1. Кураторлардың қызметін үйлестіру:

  1. Бекітілген жоспарларға, стандарттарға және жұмыс циклдеріне сәйкес кураторлардың күнделікті қызметін үйлестіреді.
  2. Жедел жұмыс кездесулерін ұйымдастырады, кураторлардың сұрауларын қабылдайды және бекітілген алгоритмдер мен құзырет шекараларын қолдану бойынша консультация береді.
  3. Келісілген іс-әрекеттердің, ұсынымдардың және кері байланыстың орындалу мерзімдерін мониторингілеуді жүзеге асырады.
  4. Қайталанатын қиындықтар мен жүйелік олқылықтарды анықтайды және оларды басшылыққа уақтылы эскалациялайды.

2. Студенттерді сүйемелдеу және бағыттау:

  1. Кураторлардан және Case Log арқылы келіп түскен сигналдарға бастапқы шолу жүргізеді, өз құзыреті шегінде қажетті ақпараттың толықтығын тексереді.
  2. Тәуекел тобындағы студенттер мен күрделі жағдайларды бекітілген рәсімдерге сәйкес сүйемелдеуді үйлестіреді.
  3. Тиісті алгоритм бойынша бағытты айқындайды, жағдайды бейінді бөлімшеге беруді бастайды және қабылдаудың расталуын қамтамасыз етеді.
  4. Клиникалық, психологиялық, медициналық, заңгерлік немесе өзге де мамандарды алмастырмай, жағдайды келісілген нәтижеге немесе жабылуға дейін бақылайды.

3. Дағдарыстық әрекет ету және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл:

  1. Тәуекел индикаторлары анықталған кезде дағдарыстық әрекет ету және эскалациялау алгоритмін іске қосады және жауапты тұлғаларды дереу хабардар етеді.
  2. Академиялық мектептер, психологиялық, медициналық, әлеуметтік, тұрғын үй, қауіпсіздік және өзге де бейінді қызметтер арасындағы жедел өзара іс-қимылды үйлестіреді.
  3. Ақпаратты білу қажеттілігі қағидаты бойынша шектей отырып, іс-әрекеттердің сабақтастығын, хронологиясын және шешімдердің тіркелуін қолдайды.
  4. Дербес деректерді ашпай, күрделі жағдайлардан алынған сабақтарды талдауға және алгоритмдерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысады.

4. Case Log мониторингі және деректер сапасы:

  1. Case Log жазбаларының уақтылы енгізілуін, толықтығын, бейтараптығын және мәртебелердің, іс-әрекеттер мен нәтижелердің өзектілігін мониторингілеуді жүзеге асырады.
  2. Қолжетімділік құқықтарының, құпиялылық талаптарының және деректер сапасының сақталуын бақылайды, бұзушылықтар туралы аға менеджерге хабарлайды.
  3. Мерзімі өткен әрекеттер, жоғары тәуекелді жағдайлар, бағыттау мерзімдері мен сүйемелдеу нәтижелері бойынша жедел жиынтықтар дайындайды.

5. Коммуникациялық және әкімшілік сүйемелдеу:

  1. Кураторларға өзекті нұсқаулықтарды, байланыс маршруттарын, нысандар мен жұмыс кестелерін жеткізеді және кері байланыс арналарын қолдайды.
  2. Жетекшілік ететін бағыт бойынша хат-хабарды, хаттамаларды, есептер мен тәуекелдер туралы ақпаратты дайындайды және құжат айналымын жүргізеді.

Требования к квалификации

Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

1) Психология, педагогика, әлеуметтік жұмыс, қоғамдық денсаулық сақтау, білім беруді басқару, мемлекеттік басқару немесе сабақтас сала бойынша жоғары білім;
2) дағдарыстық әрекет ету, алғашқы психологиялық көмек, студенттердің әл-ауқатын қорғау немесе кейс-менеджмент бойынша даярлықтың болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

1) студенттерді қолдау, жастармен жұмыс, әлеуметтік немесе психологиялық қызметтерді үйлестіру, білім беру немесе сабақтас салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; немесе
2) тиісті салада магистр дәрежесі болған жағдайда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Дополнительная информация

Білімге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:

Білімі:
1) студенттерді қолдау, тәуекел белгілерін ерте анықтау, кейс-менеджмент, бағыттау және дағдарыстық әрекет ету қағидаттары;
2) клиникалық емес қызметтердің құзырет шекаралары және жағдайларды бейінді мамандарға беру тәртібі;
3) дербес деректерді, медициналық құпияны және құпия ақпаратты қорғау талаптары;
4) Университеттің құрылымы, студенттерді қолдау қызметтері және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдері;
5) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы және Университеттің ішкі құжаттары.

6) Университеттің құрылымы, бейінді қызметтердің функциялары және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі;

7) Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы, жоғары білім беру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер және Университеттің ішкі құжаттары.

Дағдылары:
1) кураторлардың жұмысын жедел үйлестіру және тапсырмалардың орындалуын бақылау;
2) бекітілген скрининг және әрекет ету алгоритмдерін қолдану;
3) жағдайларды нақты және бейтарап құжаттау, Case Log жүргізу және деректер сапасын бақылау;
4) күрделі коммуникацияларды жүргізу, жағдайды ушықтырмай қарым-қатынас жасау және көпфункционалды өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
5) операциялық деректерді талдау және қысқаша есептер дайындау.
Құзыреттері:
1) әдептілік, эмпатия және құпиялылық;
2) дағдарыстық жағдайларда сабырлылық және негізделген шешім қабылдау;
3) егжей-тегжейлерге және мерзімдерге назар аудару;
4) командалық жұмыс және жауапкершілік;
5) құзырет шекараларын сақтау және жағдайды уақтылы эскалациялау қабілеті.

Тілдерді білуге қойылатын талаптар

Студенттермен, кураторлармен және құрылымдық бөлімшелермен жұмыс істеу, Case Log жүргізу және іскерлік хат алмасу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values

Переходя по ссылке выше или по любой сторонней ссылке в этом объявлении, вы покидаете сайт и переходите на внешний сайт, где действуют условия и политика конфиденциальности этого внешнего сайта