Ассистент профессор, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы, Инженерия жəне цифрлық ғылымдар мектебі
- Full-time
- Department: Computer Science Department
- Job Type: Faculty
- Grade: Faculty
Company Description
Назарбаев Университеті – Еуразия жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы Астанада - Еуразияның ортасында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан университет. орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан университет. Университеттің мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу және инновацияны үйлестіре отырып, халықаралық деңгейде танылған зерттеу университетіне айналу. Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасының ғылым, мемлекеттік басқару және түрлі кәсіптер саласындағы көшбасшылардың жаңа буынына білім береді, сол арқылы елдің болашақтағы дамуына өз үлесін қосады. Назарбаев Университетінің негізгі ерекшеліктеріне заңнамамен бекітілген академиялық еркіндік пен институционалдық дербестік жатады, өйткені Назарбаев Университеті арнайы заң негізінде қызмет етеді; негізінен халықаралық оқытушылар құрамы жұмыс істейді, ағылшын тілі оқыту және зерттеу тілі болып табылады; қабылдау және лауазымы бойынша ілгерілету жүйесінің нәтижелеріне толығымен негізделген; бакалавриат деңгейінен бастап интеграцияланған оқыту мен зерттеу жүргізіледі.
ПАЙЫМДАУЫ:
Қазақстанға және бүкіл әлемге өркендеу мен даму үшін қажетті ғалымдарды, академиктерді, менеджерлер мен кәсіпкерлерді дайындау.
МИССИЯСЫ:
Қазақстандағы жоғары білім мен заманауи зерттеулерді реформалаудың үлгісі болу және Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына ықпал ету.
НУ кампусы Астанада, қаланың жаңа және заманауи Сол жағалау ауданының қақ ортасында орналасқан. Жұмысқа келген оқытушылар тамақ пен ойын-сауықтың дәстүрлі мәдени әсерлерімен байланысты космополиттік өмірден ләззат ала алады. Әлеуметтік өмір керемет клубтар мен мейрамханаларды, театр, музыка, опера, би түрлерін, мұражайларды, заманауи және дәстүрлі дүкендер мен базарды, кәсіби және әуесқой спортты, табиғатта демалуды және т.б. қамтитын бай және жарқын атмосфераны ұсынады.
Job Description
Назарбаев Университетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасы Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қарқынды дамып келе жатқан Компьютерлік ғылымдар және Компьютерлік инженерия бағдарламасына қосылу үшін толық жұмыс күнімен жұмыс істейтін жоғары білікті ассистент профессор лауазымына оқытушы іздейді.
Деректер инженериясы, деректер ғылымы және жасанды интеллект салаларында ғылыми және педагогикалық қызығушылығы бар үміткерлер де өтініш беруге шақырылады.
Сәтті үміткер беделді ғылыми-зерттеу университетінен алынған компьютерлік ғылымдар, компьютерлік инженерия немесе тығыз байланысты сала бойынша PhD дәрежесіне және ғылыми-зерттеу қабілеттілігіне ие болуы тиіс.
Барлық үміткерлер ағылшын тілінде жоғары деңгейдегі коммуникативтік дағдыларға ие болып, оқыту мен ғылыми-зерттеу жұмысына мықты ынтасын көрсетуі қажет.
Лауазымдық міндеттерге семестріне екі (2) пәнді оқыту, кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысу, студенттерге академиялық кеңес беру және университеттің зияткерлік және мәдени ортасына байланысты басқа да іс-шаралар кіреді.
Qualifications
Беделді университеттен алынған компьютерлік ғылымдар, компьютерлік инженерия немесе тығыз байланысты сала бойынша PhD дәрежесі және ғылыми-зерттеу жұмыстарының дәлелденген нәтижелері.
Бұрынғы оқытушылық тәжірибе және ғылыми гранттарды басқару тәжірибесі құпталады, бірақ міндетті емес.
Additional Information
Біз не ұсынамыз:
• Жылына екі пәннен (семестр сайын) оқу жүктемесімен бәсекеге қабілетті жалақы
• Ғылыми-зерттеу жұмысына жеткілікті уақыт
• Ғылыми жобаларды бастауға арналған гранттар және басқа да бәсекеге қабілетті қаржыландыру мүмкіндіктері
• Конференциялар мен іссапарларға арналған қаржылық қолдау
• Халықаралық медициналық сақтандыру
• Экспатрианттарға арналған жеңілдіктер (тегін тұрғын үй, үйге бару шығындары, көшуге байланысты жолақы және басқа да шығындарды өтеу – өтініш беруші мен отбасы мүшелері үшін)
• Жылына 56 күн ақылы үйге демалыс
Бастапқы келісімшарт 3 жылға жасалады және кейін жыл сайынғы нәтижелерге байланысты 3 немесе 5 жылға ұзартылуы мүмкін.
Өтініш беру тәртібі:
Үміткерлер өтініштерін Smartrecruiters платформасы арқылы беруі тиіс. Өтінішке толық түйіндеме (рекомендация берушілер тізімімен), оқыту және ғылыми-зерттеу қызметі туралы мәлімдемелер, сондай-ақ жарияланымдар тізімі қоса берілуі қажет.
Лауазым 2025 жылғы тамызда басталады. Тек іріктелген үміткерлерге ғана хабар беріледі.
Өтінішке қатысты кез келген сұрақтар бойынша кафедра меңгерушісі профессор Аднан Языджиға ([email protected]) хабарласуға болады.