Ассистент профессор, Электротехника жəне компьютерлік инженерия кафедрасы, Инженерия жəне цифрлық ғылымдар мектебі

  • Full-time
  • Department: Department of Electrical and Computer Engineering
  • Job Type: Faculty
  • Grade: Faculty

Company Description

Назарбаев Университеті – Қазақстан Республикасының елордасы Астанада - Еуразияның қақ ортасында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан университет. Университет білім беруді, зерттеу мен инновацияны біріктіретін әлемдік атағы бар ғылыми-зерттеу университетіне айналуға бағытталған. Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасының ғылым, мемлекеттік басқару және түрлі кәсіптер саласындағы көшбасшылардың жаңа буынына білім береді, сол арқылы елдің болашақтағы дамуына өз үлесін қосады. Назарбаев Университетінің негізгі ерекшеліктеріне заңнамамен бекітілген академиялық еркіндік пен институционалдық дербестік жатады, өйткені Назарбаев Университеті арнайы заң негізінде қызмет етеді; негізінен халықаралық оқытушылар құрамы жұмыс істейді, ағылшын тілі оқыту және зерттеу тілі болып табылады; қабылдау және лауазымы бойынша ілгерілету жүйесінің нәтижелеріне толығымен негізделген; бакалавриат деңгейінен бастап интеграцияланған оқыту мен зерттеу жүргізіледі.

ПАЙЫМДАУЫ:

Қазақстанға және бүкіл әлемге өркендеу мен даму үшін қажетті ғалымдарды, академиктерді, менеджерлер мен кәсіпкерлерді дайындау.

МИССИЯСЫ:

Қазақстандағы жоғары білім мен заманауи зерттеулерді реформалаудың үлгісі болу және Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына ықпал ету.

НУ кампусы Астанада, қаланың жаңа және заманауи Сол жағалау ауданының қақ ортасында орналасқан. Жұмысқа келген оқытушылар тамақ пен ойын-сауықтың дәстүрлі мәдени әсерлерімен байланысты космополиттік өмірден ләззат ала алады. Әлеуметтік өмір керемет клубтар мен мейрамханаларды, театр, музыка, опера, би түрлерін, мұражайларды, заманауи және дәстүрлі дүкендер мен базарды, кәсіби және әуесқой спортты, табиғатта демалуды және т.б. қамтитын бай және жарқын атмосфераны ұсынады.

Job Description

Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Электротехника жəне компьютерлік инженерия кафедрасы, белсенді дамып келе жатырған Электротехника және компьютерлік инженерия бағдарламасына халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушыларды толық жұмыс уақытына жұмысқа шақырады. Зерттеу және/немесе оқыту саласына қызығушылық танытқан үміткерлерді өтініш беруге шақырамыз.

Ассистент профессор дәрежесіне үміткер табысты кандидаттар беделді ғылыми-зерттеу университетінен Электротехника және компьютерлік инженерия немесе жақын сала бойынша PhD дәрежесіне ие болуы тиіс және зерттеу жүргізу қабілетін көрсетуі қажет. Идеалды үміткер кең ауқымды электротехника және компьютерлік инженерия саласына қатысты оқыту мен зерттеуде топпен ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын болуымен ерекшеленеді.

Барлық үміткерлер ағылшын тілінде еркін сөйлеуі және оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Лауазым міндеттеріне семестріне орта есеппен екі (2) пән жүргізу, кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметімен тұрақты айналысу, студенттерге академиялық кеңес беру, сондай-ақ университеттің зияткерлік және мәдени ортасына қатысы бар басқа да қызметтер кіреді.

Qualifications

  • Электротехника және компьютерлік инженерия немесе соған жақын салалар бойынша беделді университеттен алынған PhD дәрежесі, дәлелденген ғылыми-зерттеу және оқыту тәжірибесі.
  • Артықшылық ретінде: постдокторантура тәжірибесі немесе ғылыми жарияланымдар бойынша жоғары көрсеткіштер.
  • Жасанды интеллект (AI) және машиналық оқыту (ML) саласында беделді журналдар мен конференцияларда жарияланған нәтижелермен расталған зерттеу тәжірибесі.
  • Жасанды интеллект теориясы бойынша терең білім, жаңа алгоритмдер мен әдістерді әзірлеудегі жетістіктер және әртүрлі деректер түрлерімен тиімді жұмыс істеу қабілеті.
  • Электротехника және компьютерлік инженерия саласында, сондай-ақ келесі бағыттарда AI/ML қолдану бойынша оқыту тәжірибесі: шеткі құрылғыларға арналған жасанды интеллект, инженериядағы AI, үлгілерді тану және Заттар интернеті (IoT) үшін AI.
  • Ғылыми жобалар үшін сыртқы қаржыландыру көздерін тарту қабілеті.
  • Пәнаралық топтармен нәтижелі жұмыс істеу дағдысы.
  • Мәдени әртүрлі және жеткіліксіз ұсынылған қауымдастықтармен жұмыс істеу тәжірибесі.
  • Өнеркәсіпке, қысқамерзімді курстарға және кәсіби бағдарламаларға арналған AI және ML курстарын әзірлеу қабілеті.
  • Жасанды интеллекттің заманауи құралдары мен әдістерін қамтитындай етіп оқу бағдарламаларын жаңарту қабілеті.

Additional Information

Біз не ұсынамыз:

  • Жылына екі пәннен (семестр сайын) оқу жүктемесімен бәсекеге қабілетті айлықақы
  • Ғылыми-зерттеу жұмысына жеткілікті уақыт
  • Ғылыми жобаларды бастауға арналған гранттар және басқа да бәсекеге қабілетті қаржыландыру мүмкіндіктері
  • Конференциялар мен іссапарларға арналған қаржылық қолдау
  • Халықаралық медициналық сақтандыру
  • Экспатрианттарға арналған жеңілдіктер (тегін тұрғын үй, үйге бару шығындары, көшуге байланысты жолақы және басқа да шығындарды өтеу – өтініш беруші мен отбасы мүшелері үшін)
  • Жылына 56 күн ақылы үйге демалыс

Бастапқы келісімшарт 3 жылға жасалады және кейін жыл сайынғы нәтижелерге байланысты 3 немесе 5 жылға ұзартылуы мүмкін.

Өтініш беру тәртібі:

Өтініш берушілер Smartrecruiters платформасы арқылы өтініш беруі қажет. Құжаттар тізіміне егжей-тегжейлі түйіндеме, ұсыныс хаттар, оқыту мен ғылыми зерттеу жұмысы бойынша мәлімдемелер, жарияланымдар тізімі кіреді. Өтініштер позиция жабылғанға дейін қаралады. Тек іріктелген үміткерлерге ғана хабарланады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісі, профессор Мехди Багериге хабарласуға болады: [email protected].