Медицина мектебіндегі аға HR-менеджер
- Полная занятость
- Отдел: School of Medicine
- Job Type: Administrative staff
- Grade: 15
Описание компании
Питтсбург университетінің Медицина мектебімен ынтымақтастықта әзірленген Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) Американың оқыту моделіне негізделген ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасын ұсынады. Мектеп студенттердің алғашқы легіне өз есігін 2015 жылдың күзінен бастап ашады. НУММ миссиясы Қазақстанның, Орталық Азияның және қалған барлық әлем халқының денсаулығын жақсарту үшін ғылыми-зерттеу және академиялық салаларда және денсаулық сақтау саласында көшбасшылық орындарды иеленуге даярланған клиникалық дағдылары бар және ғылыми-зерттеулерге бағдарланған дәрігерлердің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады.
Описание вакансии
- Мектептің кадр саясатын және кадрлық стратегиясын әзірлеуге қатысу;
- Кадр саясатын енгізу (жұмыс орындарына, қызметкерлерді жалдауға, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қатысты саясат, тәртіптік саясат) және Мектепте оның сақталуын қамтамасыз ету;
- Орталық кадрлар бөліміне саясатты өзгерту жөнінде ұсыныстар беру;
- Кадр мәселелері бойынша Мектептің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу;
- Мектепке талап етілетін мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кадрларды жинақтау;
- Бос лауазымдар туралы ақпарат орналастыру;
- Мектептің академиялық және әкімшілік жұмыскерлерін іріктеуге және тартуға қатысу, Мектептің академиялық және әкімшілік жұмыскерлерін жалдауды үйлестіру;
- Жұмыскерлерді іріктеу кезінде конкурстық рәсімдерді өткізуді ұйымдастыру;
- Жаңа лауазымға академиялық және әкімшілік персоналды енгізу;
- Мектептің жұмыс процестерін әкімшілік жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- Университет қызметкерлерінің сандық, сапалық құрамы бойынша қажетті деректерді дайындау;
- HR-көрсеткіштер мониторингін жасау (мысалы, кадрлардың тұрақтамау көрсеткіштері және жалдау құны).
- Университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің келісімімен шетелдік персоналдың келуін ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Мектеп қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру мәселелерін үйлестіруге қолдау көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кадрлық басқару процессін жүзеге асырады;
- Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мектеп қызметкерлеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсетуге;
- Тиісті жылға арналған Мектептің еңбекақы төлеу қорын қалыптастыру;
- Мектептің әкімшілік қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын және даму бағдарламаларын ұйымдастыру;
- Мектеп өткізетін команда құру және басқа да қоғамдық шараларды ұйымдастыру және қатысу;
- Қызметкерлердің мансаптық өсу жолдарын Мектептің бас әкімшілік қызметкерімен талқылау;
- Жеке және кәсіби адалдықтың жоғары деңгейін сақтауға және Университетте және оның ұйымдарында негізгі құндылықтарды, адалдық мәдениетін және есеп беруді насихаттайтын этикалық агент ретінде әрекет ету;
- Жетекшілік ететін сала шегінде тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
- Тікелей жетекшісі мен Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
- Еңбек және қызмет тәртібінің сақталуына жауапты;
- Заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес қызметтік құжаттардың бүтіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ шектеулі ақпараттың жария етілуіне немесе таралуына жол бермеуге жауапты;
- Жұмыстан босатылған жағдайда тікелей басшының нұсқауы бойынша (қабылдау-тапсыру актісі бойынша) барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, тізімдемені басқа қызметкерге уақтылы беруге жауапты болады.
Требования к квалификации
Білім беру
Жоғары кәсіптік білім, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында;
Маманданудың басым бағыттары:
- адам ресурстарын басқару;
- білім беру саласындағы менеджмент;
- мемлекеттік басқару;
- құқықтану;
- халықаралық қатынастар
Жұмыс тәжірибесі
Бакалавр/маман дәрежесімен - кемінде бес жыл;
Тиісті саладағы магистр дәрежесімен - кемінде 3 жыл.
Білімі
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
- кадрлық басқарудағы процестер мен құралдарды білу;
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу.
Дағдылар
- Аналитикалық ойлау дағдылары;
- Көшбасшылық қасиеттері;
- Қызметкерлермен салауатты қарым-қатынас жасау қабілеті;
- ұйымдастыру дағдылары;
- тиімді коммуникация дағдылары;
- ақпаратты басқару дағдылары;
- көп тапсырма режимінде жұмыс істеу дағдылары;
- командада жұмыс істеу қабілеті;
- проблемаларды шешу дағдылары;
- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Қосымша ақпарат
Медициналық сақтандыру
3 ай сынақ мерзімі
аптасына 40 сағат
Дополнительная информация
Медицина мектебі туралы қосымша ақпарат алу үшін https://nusom.nu.edu.kz/ сілтемесі бойынша өтіңіз
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values