Маман (операциялық)

  • Полная занятость
  • Отдел: Graduate School of Public Policy
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 11

Описание вакансии

Жоғарыда көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін, маман келесі міндеттерді орындайды және жауапты:

  • Мектеппен және Университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Мемлекеттік саясат магистрі (MPP), Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) және Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы (PhD) бағдарламаларымен байланысты шетелдік компонент, бағдарлау бағдарламасы, студенттік сапарлар, оқу бітіру рәсімі және т.б. сияқты білім беру және студенттік іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  • MPP және MPA бағдарламалары үшін білім беру құралдарының/АТ-жабдықтарының дайындығы мен даярлығын мониторингтеу;
  • Мектептің стратегиялық әріптесімен және Университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жергілікті және халықаралық семинарларды және конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу;
  • Мектептің оқытушы-профессорлар құрамының, Мектептің стратегиялық әріптесінің, шақырылған профессорлары мен спикерлерінің келуі мен кетуін ұйымдастыруға жәрдемдесу (келуді, тұруды (кампуста) ұйымдастыру, уақытша ID беруге, уақытша аккаунт пен Университеттің электронды мекенжайын ашуға, Registrar және Moodle жүйелеріне кіруге  сұрау салулар дайындау, жұмыс орнын ұйымдастыру, пошта хат-хабарламаларын қабылдау, көлікпен қамтамасыз ету, конференцияларға, семинарларға қатысқан соң және/немесе оған дейін брифингтерді ұйымдастыруға көмектесу);
  • Университеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары туралы ережеге сәйкес шығыстарды өтеу туралы халықаралық жалдау персоналының, стратегиялық әріптестің шақырылған профессорларының және шақырылған спикерлерінің өтініштерін дайындау және сүйемелдеу; 
  • Мектептің аудиторияларына мониторинг жасау, рум-букинг;
  • Мектеп Басшылығы өткізетін отырыстарды, кеңестер мен басқа да мәжілістерді ұйымдастыру (қажетті материалдарды жинақтау, қатысушыларды өткізілетін уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар ету, оларды тіркеу);
  • кеңсе тауарларына, визиткаларға және басқа да кеңсе тауарларына сұраныс дайындау;
  • Мектеп құжаттарының Университеттің архивіне сақтауға тапсырылғанға дейін есепке алынуын және сақталуын, олардың жай-күйін және сақталуын бақылау;
  • Мектеп номенклатурасына сәйкес істерді архивке сақтауға тапсыру;
  • жыл сайын Мектептің  істер номеклатурасының жобасын әзірлеу;
  • Мектепте  іс қағаздарын жүргізу;
  • Мектепте қорғалуы тиіс Университет бланкілерін беру, сақтау, есепке алу;
  • жетекшілік ететін сала шегінде тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару, мониторингілеу процестеріне қатысу;
  • Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің маманы (ғылыми әкімшілендіру) уақытша болмаған кезеңде (бір айға дейін) оның қызметін жүзеге асырады (алмаштырады);
  • тікелей басшының және университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және дұрыс орындауға

Требования к квалификации

Білімі

  • құжат айналымы мен іс қағаздарды жүргізу негіздерін білу;
  • ақпараттарды топтастыруды жүйелеу қабілеттілігі;
  • Қазақстандағы және шетелдегі мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы білім беру жүйесін білу;
  • жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені білу;
  • MS Office бағдарламаларын білу;
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу міндетті

Дағдылары

  • қарым-қатынас дағдылары;
  • жауапкершілік;
  • стреске төзімділік;
  • аналитикалық дағдылар;
  • ұйымдастырушылық дағдылар;
  • командада жұмыс істеу дағдылары;
  • түрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу

Дополнительная информация

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values