Бухгалтер, Бухгалтерлік және салықтық есепке алу кеңсесі, ISSAI ЖМ
- Full-time
- Department: PI ISSAI
- Job Type: Administrative staff
- Grade: N/A
Company Description
«Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» жеке мекемесі (ISSAI) 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның цифрлық саласындағы зерттеулер мен инновациялардың қозғаушы күші болу, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге басымдық беру мақсатында құрылды.
ISSAI Азия, Еуропа және Америка Құрама Штаттарындағы озық тәжірибелерді ескере отырып, жасанды интеллект саласындағы зерттеулер бойынша ұлттық әлеуетті дамытуға бағытталған.
ISSAI білім беру, өнеркәсіп және мемлекеттік сектордағы ұлттық және халықаралық серіктестермен зерттеулер, инновациялар және ынтымақтастық үшін икемді орта қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған Қазақстанның цифрлық экожүйесінің дамуына үлес қосады.
Job Description
Бухгалтер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
Өткен кезеңдегі жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуға және оларды жетекшілік ететін бағыт шеңберінде Мекеменің тиісті басқару органдарының қарауына енгізуге қатысады;
Ішкі құжаттарға сәйкес және жетекшілік ететін бағыт шеңберінде жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша Мекеменің орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнының есеп-қисаптарын дайындау және қарау жөніндегі жұмысқа қатысады;
жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша жетекшілік ететін бағыт шеңберінде талдамалық анықтамаларды, баяндамаларды және тұсаукесер материалдарын дайындауды;
Ішкі құжаттарға сәйкес және жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін талдауды жүргізеді;
Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мекеменің әдіснамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық құжаттарын әзірлеуге қатысады;
жетекшілік ететін бағыт шеңберінде деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық, талдамалық және нормативтік ақпаратты әзірлеуге және жетілдіруге қатысады;
өз міндеттері шеңберінде хат-хабар алмасуды жүргізеді;
кәсіпорын бөлімшелерінің қызметкерлеріне жетекшілік ететін мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетеді;
Мекеменің салықтық есепке алу мәселелері жөніндегі жұмысына жедел басшылық жасауда және оны үйлестіруде басшыға жәрдем көрсетеді.
Мекеменің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерін есепке алуды жүзеге асыру; тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету;
Жауапты аймағы бойынша салықтарды уақытылы есептейді;
бастапқы құжаттарды жауапкершілік аймағы бойынша қабылдауды, тексеруді және қажет болған кезде тіркеуді, олардың сақталуын қамтамасыз етуді және мұрағатта сақтауға дайындауды;
Халықаралық бухгалтерлік статистика стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есептілік есепті жасау процесіне қатысу;
жетекшілік ететін бағыт бойынша ішкі нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
өзіне жүктелген міндет бойынша салықтық, статистикалық және өзге де есептілікті уақтылы ұсыну;
жауапкершілік аймағы бойынша активтерді немесе дебиторлық және кредиторлық берешекті түгендеуді жүргізуді және оған қатысуды белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;
бухгалтерлік есепке алу деректері мен есептілікке байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
өз міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде процестерді автоматтандыру және оңтайландыру;
өз міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Мекеменің шарттарын, мәмілелерін және ішкі құжаттарын қарау және қажет болған кезде оларға өзгерістер енгізу;
жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
Басшысының уақытша болмауы кезеңінде (бір айға дейін) оның міндетін уақытша атқаруға;
Басшысы мен Мекеме басшылығының тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындауға;
Қазақстан Республикасы заңнамасының және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға жауапты болады;
қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, құпия және іскерлік ақпаратты, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпаратты жария етуге немесе тарап кетуіне жол бермеуге, заңнамаға, Жұмыс берушінің жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес жауап береді;
жұмыстан босатылған жағдайда, барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, тауарлық-материалдық құндылықтарды желілік жетекшінің нұсқауы бойынша басқа қызметкерге (қабылдау-тапсыру актісімен куәландырылған) уақытылы беруге жауапты болады.
Qualifications
Білім: Жоғары кәсіптік білім
Басымдық бағыттары:
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Қаржы
- Экономика
Жұмыс тәжірибесі: тиісті жұмыс тәжірибесімен кемінде үш жыл
Білімі
- қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі, ағылшын тілін білуі құпталады;
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (бұдан әрі - ХҚСС) және салықтық есептілік нысандарын білу;
- Word, 1С, Excel, Power Point, Internet Explorer, Express бағдарламаларын меңгере білу.
Дағдылары
- Талдау қабілеті (қолда бар деректер негізінде болжам жасау).
- баяндамалар, талдамалық жазбалар дайындау дағдылары;
-командада жұмыс істей білу (ұйым мүддесін құрылымдық бөлімше мүддесінен жоғары қоя білу);
- Қазақстан Республикасы кәсіби бухгалтерінің сертификаты болуы;
- DipIFR/ACCA/CPA сертификаты болуы;
- трендтер туралы тікелей жетекшіні хабардар ету және саясат немесе ережелерге өзгерістер енгізуді ұсыну үшін бірнеше дереккөзден ақпарат алу;
- сыни тұрғыдан ойлау;
- өнімді қарым-қатынас орнату;
- қарым-қабілеті;
- командалық жұмыс;
- жауапкершілік;
- мықты көшбасшылық қабілеттер.
Additional Information
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values
By clicking the link above or any third-party link within this posting, you are leaving this site and going to a third-party website where the third-party website's terms and privacy policy apply