Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері (SENU кураторларын оқыту және әдістемелік дамыту бойынша)

  • Полная занятость
  • Отдел: Department of Student Services
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: N/A

Описание компании

Назарбаев Университеті Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті 

    Описание вакансии

    1. Оқу қажеттіліктері және оқыту архитектурасы:

    1. Жүйе басшылығымен бірлесіп кураторлардың құзыреттер моделін және даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптарды қалыптастырады және өзектендіреді.
    2. Кері байланыс, Case Log жиынтықтары, сапа мониторингі және жүйедегі өзгерістер негізінде оқу қажеттіліктерін бағалайды.
    3. Кіріспе даярлықты, міндетті модульдерді, білімді мерзімді жаңартуды және тереңдетілген тақырыптарды қамтитын кураторларды оқытудың жылдық жоспарын әзірлейді..
    4. Кураторларды оқытудың нәтижелерін, бағалау өлшемшарттарын және бағдарламаларды аяқтау талаптарын айқындайды..

    2. Оқу-әдістемелік материалдар мен бағдарламаларды әзірлеу:

    1. Кураторларды оқыту бағдарламаларын, модульдерді, сценарийлерді, кейстерді, нұсқаулықтарды, чек-парақтарды, таныстырылымдарды және цифрлық оқу материалдарын әзірлейді.
    2. Басшылықпен және бейінді сарапшылармен бірлесіп мазмұнның дәлдігін, өзектілігін және ішкі құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
    3. Материалдарды кураторлардың санаттарына, даярлық деңгейіне және оқыту форматтарына бейімдейді.
    4. Материалдардың нұсқаларын басқаруды, бірыңғай репозиторийін, өзектілігін және қажет болған жағдайда тілдік қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

    3. Кураторлардың оқытуды ұйымдастыру және кәсіби дамыту:

    1. SENU кураторлық жүйесі шеңберіндегі қатысушылар үшін тренингтерді, воркшоптарды, симуляцияларды және дербес деректерді ашпай практикалық жағдайларды талқылауды ұйымдастырады және өткізеді.
    2. SENU кураторлық жүйесі шеңберіндегі қатысушылардың оқу процесін ұйымдастыруға байланысты ішкі және сыртқы тренерлердің, сарапшылардың қатысуын, оқу кестесін, логистиканы және қатысушыларға ақпарат беруді үйлестіреді.
    3. Қатысуды, оқу бағдарламаларын аяқтауды және білім мен дағдыларды бағалау нәтижелерін есепке алады.
    4. Жаңадан қосылған кураторлардың бейімделуін, тәжірибе алмасу алаңдарын және кәсіби қауымдастықтарды дамытуды сүйемелдейді.

    4. SENU кураторлық жүйесі тәжірибесін институционалдандыру және процестерді стандарттау:

    1. Жинақталған тәжірибені, табысты шешімдерді және алынған сабақтарды құжаттайды және әдістемелік білім базасына енгізеді.
    2. Басшылықпен бірлесіп процестерді, операциялық рәсімдерді, алгоритмдер мен үлгілерді стандарттауға қатысады және оларды енгізуді сүйемелдейді.
    3. Қазақстандық және халықаралық жоғары оқу орындарының үздік практикаларын зерделейді, пилоттық енгізу, бағалау және ауқымдау бойынша ұсыныстар дайындайды.

    5. Кураторларды оқыту тиімділігін бағалау және есептілік:

    1. Кері байланыс, білімді бағалау және кураторлардың жұмыс практикасындағы өзгерістер көрсеткіштері арқылы оқытудың тиімділігін бағалайды.
    2. Оқыту нәтижелері бойынша талдамалық және қорытынды есептер, бағдарламалар мен материалдарды жетілдіру жөніндегі ұсынымдар дайындайды.

    Требования к квалификации

    Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

    1) Педагогика, психология, білім беруді басқару, ересектерді оқыту, персоналды оқыту және дамыту, әдістемелік жұмыс немесе оқу дизайны немесе сабақтас сала бойынша жоғары білім;
    2) тренер, фасилитатор, instructional designer немесе оқу бағдарламаларын әзірлеуші сертификатының болуы артықшылық болып табылады.

    Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

    1) білім беру бағдарламаларын, корпоративтік оқытуды, студенттерді қолдауды, әдістемелік жұмысты немесе кәсіби дамуды ұйымдастыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; немесе
    2) тиісті салада магистр дәрежесі болған жағдайда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

    Дополнительная информация

    Білімге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:

    Білімі:
    1) ересектерді оқыту қағидаттары, instructional design және аралас оқыту модельдері;
    2) кураторлық, тәлімгерлік, студенттерді қолдау, бағыттау және дағдарыстық әрекет ету негіздері;
    3) оқу қажеттіліктерін бағалау, оқу нәтижелерін қалыптастыру және оқыту тиімділігін бағалау әдістері;
    4) процестерді стандарттау, білімді басқару, үздік практикаларды анықтау және тарату тәсілдері;
    5) дербес деректерді және оқу кейстеріндегі құпия ақпаратты қорғау талаптары;
    6) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы және Университеттің ішкі құжаттары.

    7) Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы, жоғары білім беру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер және Университеттің ішкі құжаттары.
    Дағдылары:
    1) оқыту бағдарламаларын, модульдерді, кейстерді, нұсқаулықтарды және цифрлық оқу материалдарын әзірлеу;
    2) тренингтерді, воркшоптарды, фасилитациялық сессиялар мен практикалық симуляцияларды өткізу;
    3) құзыреттерді бағалау құралдарын, тесттерді, кері байланыс нысандарын және тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу;
    4) процестерді сипаттау, стандарттау және әдістемелік білім базасын жүргізу;
    5) сарапшылармен және құрылымдық бөлімшелермен жобалық өзара іс-қимыл.
    Құзыреттері:
    1) әдістемелік дәлдік және мазмұн сапасына бағдарлану;
    2) аудиторияның қажеттіліктерін түсіну және күрделі материалды түсінікті жеткізу;
    3) шығармашылық, жүйелік ойлау және үздіксіз жетілдіру;
    4) коммуникация, фасилитация және серіктестік;
    5) әдептілік, құпиялылық және жауапкершілік.

    Тілдерді білуге қойылатын талаптар

    Оқыту өткізу, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және іскерлік коммуникация үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

    Recruitment and selection process
    Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

    Formal interviews form the final stage of the selection process.
    They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
    You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values

    Переходя по ссылке выше или по любой сторонней ссылке в этом объявлении, вы покидаете сайт и переходите на внешний сайт, где действуют условия и политика конфиденциальности этого внешнего сайта