Дайындық мектебінің академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі оқытушысы

  • Full-time
  • Department: Center for Preparatory Studies
  • Job Type: Faculty
  • Grade: Faculty

Company Description

Назарбаев Университетінің профилі

Назарбаев Университеті (НУ) — Қазақстанның Астана қаласында орналасқан, оқыту үдерісі ағылшын тілінде жүргізілетін зерттеу университеті. Университет 2010 жылы Қазақстанның жетекші академиялық оқу орны ретінде құрылып, әлемнің жетекші университеттерімен серіктестік орната отырып, әлемдік деңгейдегі озық зерттеу университеті ретінде халықаралық мойындалуды мақсат етті.

НУ-ға қабылдау үдерісі жоғары бәсекелестік негізінде жүзеге асырылады және университет Қазақстаннан және өңір елдерінен ең үздік талапкерлерді қабылдайды. Құрылғанына небәрі 13 жыл ішінде НУ халықаралық деңгейде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, Times Higher Education Global Ranking 2024 рейтингіне енді және әлемдегі зерттеу университеттерінің үздік 30%-ының қатарына кірді.

Қазіргі таңда НУ Орталық Азиядағы жетекші университет болып табылады.

Дайындық мектебі

Назарбаев Университетінің Дайындық Мектебі 2010 жылы University College London бірлесіп құрылды. Дайындық Мектебі Назарбаев Университетінің ең алғашқы бөлімшесі болып табылады.

2015 жылы Назарбаев Университеті өзінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасын (NUFYP) құрды. Бұл бағдарлама қазақстандық студенттер үшін арнайы әзірленген және студенттерді әлемнің ең үздік ағылшын тілді университеттерінде оқуға дайындайды.

NUFYP-ті бітірген студенттердің басым көпшілігі Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына сәтті оқуға түсті, ал біршама студенттер бірден халықаралық университтерде білімдерін жалғастырды.

Job Description

NUFYP академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі оқытушылары аптасына студенттермен 18 сағатқа дейін байланыста болады (дәрістер, семинарлар, офис-сағаттар) және жұмыс топтарында сегіз сағат қолдау жұмысын атқарады (мысалы, материалдар әзірлеу, бағалау тапсырмаларын жасау). Сонымен қатар студенттік клубтарда еріктілік жасауға, университет комитеттерінің жұмысына қатысуға, оқу орталығында қысқа курстар ұсынуға немесе кәсіби даму воркшоптарын өткізуге болады.

Академиялық дағдыларды пәндік (контент) курста оқытуға қызығатын кандидаттар қалаулы.

Qualifications

Сәтті кандидаттың бакалавриатқа дейінгі дайындық бағдарламасында тиімді оқыту үшін қажетті біліктілігі, тәжірибесі, тұлғалық қасиеттері мен дағдылары болуы тиіс. Оларға мыналар кіреді:

  • тиісті саладағы аяқталған магистр дәрежесі (мысалы, Білім беру, EAP, TESL, Қолданбалы лингвистика);
  • оқыту қабілеті – әдетте тиісті жұмыс тәжірибесімен расталады; халықаралық дайындық бағдарламасында оқыту тәжірибесі артықшылық береді;
  • көпмәдениетті білім беру ортасында сабақ беру және қолдаушы команда мүшесі ретінде ынтымақтаса жұмыс істей білу;
  • мықты еңбексүйгіштік, үлгілі кәсіби мінез-құлық және берік адамгершілік қасиеттер;
  • тамаша коммуникативтік дағдылар – жазбаша және ауызша нұсқауларды орындай білу;
  • Назрабаев Университеттің негізгі құндылықтарына үлес қоса білу.

Additional Information

Өтінім беру үшін сілтемеге өтіп, мына құжаттарды жүктеңіз (мүмкін болса, PDF форматында):

  1. Резюме (CV): ең көбі 4 бет (қалыпты қаріп пен интервал). Осы 4 беттің ішіне кемінде екі референттің байланыс деректерін және қазіргі/соңғы жетекшіңіздің байланыс деректерін енгізіңіз. Ескерту: қысқа тізімге енгізіліп, рұқсат бермейінше, референттермен/жұмыс берушімен байланысқа шықпайды.
  2. Жеке ілеспе хат (ең көбі 1 бет).
  3. Жеке құжат, онда мыналар болуы тиіс: (1) өтінім беру себептерін/мотивацияңызды баяндайтын шамамен 100 сөзден тұратын абзац; (2) оқыту философияңызды сипаттайтын 50 сөзден аспайтын бір сөйлем; (3) мына сөйлемдерді толықтыру:
    a) Менің білімім мені CPS-те сабақ беруге дайындайды, өйткені…
    b) Менің кәсіби тәжірибем мені foundation бағдарламасында сабақ беруге дайындайды, өйткені…
    c) Менің жеке басым мен мінезім Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге сәйкес келеді, өйткені…

Қазіргі кезеңде басқа ешқандай материал жүктемеңіз (тек үш құжат).

Қысқа тізімге енгізілмес бұрын кандидаттардан Кәсіби/тұлғалық тапсырманы орындау сұралуы мүмкін.

Келісімшарт ұсынылған кандидаттар сотталмағандығы туралы анықтама, дәрежелерін растау және қажет болуы мүмкін өзге де құжаттарды ұсынуы тиіс.

Өтінімдерді қарау дереу басталады; 2026 жылғы 25 қазанға дейін түскен өтінімдер қабылданады, қорытынды сұхбаттар қараша айының басында жоспарланған; лауазымға кірісу – 2027 жылдың қаңтар айының басында.

Қосымша ақпаратты Назарбаев Университетінің ресми сайтынан табуға болады: www.nu.edu.kz.

Назарбаев Университеті – тең мүмкіндіктер беретін жұмыс беруші (EOE).

By clicking the link above or any third-party link within this posting, you are leaving this site and going to a third-party website where the third-party website's terms and privacy policy apply