Маман ( операциялық қызмет бойынша, 12-грейд) Дайындық мектебі, уақытша лауазым.
- Full-time
- Department: Center for Preparatory Studies
- Job Type: Administrative staff
- Grade: 12
Company Description
Nazarbayev University университетінің профилі
Nazarbayev University (NU) — Қазақстанның Астана қаласында орналасқан, оқыту үдерісі ағылшын тілінде жүргізілетін зерттеу университеті. Университет 2010 жылы Қазақстанның жетекші академиялық оқу орны ретінде құрылып, әлемнің жетекші университеттерімен серіктестік орната отырып, әлемдік деңгейдегі озық зерттеу университеті ретінде халықаралық мойындалуды мақсат етті.
NU-ға қабылдау үдерісі жоғары бәсекелестік негізінде жүзеге асырылады және университет Қазақстаннан және өңір елдерінен ең үздік талапкерлерді қабылдайды. Құрылғанына небәрі 13 жыл ішінде NU халықаралық деңгейде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, Times Higher Education Global Ranking 2024 рейтингіне енді және әлемдегі зерттеу университеттерінің үздік 30%-ының қатарына кірді.
Қазіргі таңда NU Орталық Азиядағы жетекші университет болып табылады.
Дайындық мектебі
Назарбаев Университетінің Дайындық Мектебі 2010 жылы University College London бірлесіп құрылды. Дайындық Мектебі Назарбаев Университетінің ең алғашқы бөлімшесі болып табылады.
2015 жылы Назарбаев Университеті өзінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасын (NUFYP) құрды. Бұл бағдарлама қазақстандық студенттер үшін арнайы әзірленген және студенттерді әлемнің ең үздік ағылшын тілді университеттерінде оқуға дайындайды.
NUFYP-ті бітірген студенттердің басым көпшілігі Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына сәтті оқуға түсті, ал біршама студенттер бірден халықаралық университтерде білімдерін жалғастырды.
Job Description
Маман мектептің әкімшілік және операциялық қызметіне қолдау көрсетіп, студенттерді қабылдау, талапкерлерді тарту, емтихандарды ұйымдастыру, құжаттарды басқару және мектептің күнделікті қызметін қамтамасыз етуге қатысады.
Негізгі міндеттері
- Университеттің саясаты мен рәсімдеріне сәйкес Мектеп қызметіне қатысты құжаттарды дайындау және өңдеу.
- Қазақстанда және шетелде студенттерді тарту бойынша іс-шараларға, оның ішінде өңірлік таныстырылымдар мен халықаралық білім беру көрмелеріне қатысу және қолдау көрсету.
- Қазақстанда және шетелде Nazarbayev University-дің қабылдау емтихандарын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу.
- Университеттің ішкі нормативтік құжаттары мен рәсімдеріне сәйкес Мектептің құжаттары мен жазбаларын жүргізу.
- Мектеп қызметкерлерін кеңсе тауарларымен уақтылы қамтамасыз етуді, оларды тапсырыс беруді және толықтыруды бақылау.
- Мектеп құжаттарын Университет мұрағатына тапсырғанға дейін олардың тиісті есебін жүргізуді, сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Белгіленген тәртіпке сәйкес Мектеп құжаттарын дайындау, тіркеу, жүйелеу және Университет мұрағатына тапсыру.
- Мектептің құжаттарды сақтау және жіктеу номенклатурасын жыл сайын дайындау процесіне қатысу.
- Есептілігі қатаң бақылаудағы Университет бланкілерінің тиісті есебін жүргізуді, сақталуын және берілуін қамтамасыз ету.
- Оқу және емтихан жабдықтары мен материалдарын, оның ішінде калькуляторлар, диктофондар, дәптерлер, микрофондар, камералар және басқа да жабдықтарды сақтау, есепке алу және беруді ұйымдастыру.
- Мектеп қызметкерлерінің электрондық пошта тарату тізімдері мен байланыс ақпаратын жүргізу және тұрақты жаңартып отыру.
- Мектептің Атқарушы комитеті және Оқу-әдістемелік комитеті отырыстарының хаттамаларын және тиісті құжаттарын дайындау әрі жүргізу.
- Мектеп қызметкерлерінің Университеттен шығу рәсімдеріне (clearance/bypass) қатысты іс-шараларды үйлестіру.
- Мектеп өткізетін емтихандарды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу.
- Жетекшінің тапсырмасы бойынша және лауазымның құзыреті шегінде презентациялар, талдамалық материалдар, есептер және басқа да ақпараттық материалдар дайындау.
- Өзінің жауапкершілік саласы шеңберінде операциялық тәуекелдерді анықтауға, бағалауға, басқаруға және мониторинг жүргізуге қатысу.
- Қолданыстағы заңнамаға және Университеттің саясаты мен рәсімдеріне сәйкес тікелей басшының және Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.
Qualifications
Білімі
Жоғары кәсіптік білім, білім беру тілі ағылшын тілі болып табылатын жоғары оқу орнын бітіргені құпталады.
Басымдық берілетін мамандықтар:
- Менеджмент;
- Білім берудегі менеджмент;
- Адам ресурстарын басқару;
- Қаржы;
- Халықаралық қатынастар;
- Халықаралық бизнес;
- Халықаралық құқық;
- Маркетинг;
- Құқық;
- Саясаттану;
- Әлеуметтану;
- немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзге де бейінді мамандықтар.
Жұмыс тәжірибесі
- Бакалавр/маман дипломы болған жағдайда — кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
- тиісті сала бойынша магистр дәрежесі болған жағдайда — жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Білімі
- MS Office, соның ішінде Excel және PowerPoint бағдарламаларын білу.
Дағдылары
- Ақпаратты басқару дағдылары;
- аналитикалық ойлау қабілеті;
- ұйымдастырушылық дағдылар;
- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру;
- командада жұмыс істей білу.
Additional Information
Бұл лауазымның уақытша екенін ескеріңіз.
Қызметкерді іріктеу және қабылдау процесі
Nazarbayev University-дегі қызметкерлерді іріктеу және қабылдау процесі келесі кезеңдерді қамтиды:
- кандидаттарды тәжірибесі мен біліктілігіне қарай алдын ала іріктеу;
- бағалау рәсімдері (мысалы, техникалық дағдылар мен құзыреттерді, қабілеттер мен тұлғалық қасиеттерді бағалау, практикалық тапсырмалар, in-basket жаттығулары және бейресми сұхбаттар);
- кандидаттың лауазымға деген уәжін бағалау.
Ресми сұхбаттасу — іріктеу процесінің соңғы кезеңі.
Сұхбаттар, әдетте, ағылшын тілінде өткізіледі және ұйымның құндылықтары, құзыреттері мен мінез-құлық үлгілеріне негізделеді.
Кандидаттарға өз көзқарастарын, тәжірибелері мен құндылықтарын ашық білдіру ұсынылады. Бұл олардың Nazarbayev University-дің негізгі құндылықтарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values
By clicking the link above or any third-party link within this posting, you are leaving this site and going to a third-party website where the third-party website's terms and privacy policy apply