Нұсқаушы, Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы

  • Full-time
  • Department: School of Engineering
  • Job Type: Faculty
  • Grade: Faculty

Company Description

Назарбаев Университеті – Қазақстан Республикасының елордасы Астанада - Еуразияның қақ ортасында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан университет. Университет білім беруді, зерттеу мен инновацияны біріктіретін әлемдік атағы бар ғылыми-зерттеу университетіне айналуға бағытталған. Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасының ғылым, мемлекеттік басқару және түрлі кәсіптер саласындағы көшбасшылардың жаңа буынына білім береді, сол арқылы елдің болашақтағы дамуына өз үлесін қосады. Назарбаев Университетінің негізгі ерекшеліктеріне заңнамамен бекітілген академиялық еркіндік пен институционалдық дербестік жатады, өйткені Назарбаев Университеті арнайы заң негізінде қызмет етеді; негізінен халықаралық оқытушылар құрамы жұмыс істейді, ағылшын тілі оқыту және зерттеу тілі болып табылады; қабылдау және лауазымы бойынша ілгерілету жүйесінің нәтижелеріне толығымен негізделген; бакалавриат деңгейінен бастап интеграцияланған оқыту мен зерттеу жүргізіледі.

ПАЙЫМДАУЫ:
Қазақстанға және бүкіл әлемге өркендеу мен даму үшін қажетті ғалымдарды, академиктерді, менеджерлер мен кәсіпкерлерді дайындау.

МИССИЯСЫ:
Қазақстандағы жоғары білім мен заманауи зерттеулерді реформалаудың үлгісі болу және Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына ықпал ету.
НУ кампусы Астанада, қаланың жаңа және заманауи Сол жағалау ауданының қақ ортасында орналасқан. Жұмысқа келген оқытушылар тамақ пен ойын-сауықтың дәстүрлі мәдени әсерлерімен байланысты космополиттік өмірден ләззат ала алады. Әлеуметтік өмір керемет клубтар мен мейрамханаларды, театр, музыка, опера, би түрлерін, мұражайларды, заманауи және дәстүрлі дүкендер мен базарды, кәсіби және әуесқой спортты, табиғатта демалуды және т.б. қамтитын бай және жарқын атмосфераны ұсынады.

Job Description

Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасында нұсқаушы лауазымына үміткерлерді 2025 жылдың тамыз айынан бастап уақытша болмаған қызметкердің орнына жұмысқа шақырады.

Біз оқыту сапасына жоғары жауапкершілікпен қарайтын үміткерлерді іздейміз. Таңдалған үміткер кафедраның бағдарламаларын қолдауға, атап айтқанда, бакалавриат деңгейіндегі химиялық инженерия зертханалық курстарын және «Биомедициналық инженерия» магистратура бағдарламасы аясындағы «Биомедициналық инженерияға арналған анатомия және физиология» сияқты пәндерді оқытуға жауапты болады. 

Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы бакалавриат бағдарламасы бойынша алғашқы курсын 2015 жылы шығарды, жақында аумағы 2000 м2 жаңа ғимаратқа және ең заманауи зертханаларға көшті. Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады және Қазақстандағы ең үздік студенттерді оқуға тартады. Ғылыми қызмет салаларына химиялық инженерия, озық материалдар инженериясы, энергияны өндіруге, түрлендіруге және сақтауға арналған материалдар мен жүйелер; қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды қалпына келтіру және пайдалану тиімділігі; тәуекелдерді талдау, аэрозольдер және климатология; материалдарды көп масштабты модельдеу және өңдеу және биомедициналық инженерия кіреді. 2018 жылдың күзінен бастап кафедрада ABET талаптарына сәйкес келетін бакалавриат курсы және химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы екі жылдық, қарқынды, жаңа  зерттеу магистратура бағдарламасы және биомедициналық инженерия саласындағы екінші магистратура бағдарламасы қабылданды.

Қосымша ақпарат алу үшін https://seds.nu.edu.kz/bachelor_of_cme сілтемесіне өтіңіз.

Сондай-ақ www.nu.edu.kz веб-сайтында қосымша ақпаратпен танысуға болады.

Qualifications

Химиялық инженерия немесе оған жақын сала бойынша бакалавр дәрежесі / дипломы, сондай-ақ химиялық немесе биомедициналық инженерия мамандығы бойынша магистр дәрежесі талап етіледі.

Additional Information

Біз мыналарды ұсынамыз:
-    Бәсекеге қабілетті жалақы және семестрдің ішінде 4 курстың мөлшеріндегі оқытушылық жүктеме
-    Жеке конференциялар мен сапарларды қаржыландыру
-    Медициналық сақтандыру
-    Экспатрианттарға арналған жеңілдіктер (тұрғын үйде тегін тұру, отанына сапарлар (жылына екі рет), тағайындалған адамға және оның асырауындағы адамдарға авиабилеттерді қоса алғанда, көшуге байланысты шығыстарды төлеуге көмек)
-    Жылына ұзақтығы 56 күнге созылатын, отанға бару үшін ақы төленітін демалыс

Аталған позиция жүктілік және босану бойынша демалыста жүрген қызметкерді уақытша алмастыру кезеңіне ұсынылады.

Үміткерлер ұсыныстары бар егжей-тегжейлі түйіндемені, оқыту және зерттеу туралы мәлімдемелерін, сондай-ақ жарияланымдар тізімін жіберуі керек. Өтінімдер бос орын толтырылғанға дейін қаралады. Қысқа тізімге енгізілген үміткерлерге ғана хабарландыру жіберілетінін ескеріңіздер.

Толық емес өтінімдер қаралмайды. Құжаттарды тек келесі сілтеме арқылы онлайн нысан арқылы жіберуіңізді сұраймыз: https://smrtr.io/qzqJY
Сәтті өткен кандидаттарды тағайындау 2025 жылғы 1 тамыздан басталады деп жоспарлануда. Өтінім беру процесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша кафедра меңгерушісі, профессор Ставрос Поулопоулосқа хабарласуыңызды сұраймыз: stavros.poulopoulos@nu.edu.kz.