Аэроғарыштық инженерия пәнінен ашық дәрежелі оқытушылар лауазымы

  • Contract
  • Department: Department of Mechanical and Aerospace Engineering
  • Job Type: Faculty

Company Description

Назарбаев Университеті – Қазақстан Республикасының Астана қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан университет. Университет білім беруді, ғылыми зерттеуді, және инновацияны біріктіретін халықаралық танымал зерттеуші университет қатарына қосылуды алдына мақсат етеді. Назарбаев Университетінің негізгі сипаттамаларына академиялық еркіндік пен институционалдық автономия жатады, соған байланысты Назарбаев Университеті өзіне арнайы құрастырылған Заң астында жұмыс істейді; Мұғалімдердің көбісін халықаралық ортадан талданған білікті мамандар құрайды; Оқыту және зерттеу тілі ретінде ағылшын тілі басшылыққа алынды; Тек қана жетістіктерге негізделген қабылдау және жоғарылату жүйесі; Сонымен қатар интеграцияланған оқыту мен зерттеу жұйесі іске қосылған.

Job Description

Назарбаев Университетінің Инженерлік және Цифрлық Ғылымдар Мектебінің Механикалық және Аэроғарыштық Инженерия кафедрасына үздік кандидаттар үшін ассистент, қауымдастырылған, немесе толық профессор лауазымына өтінімдерді қабылдайды.

Үміткердің беделді университеттен алынған аэроғарыштық инженерия саласындағы PhD дәрежесі болуы керек. Үміткер алдыңғы жұмыс барысында ғылыми-зерттеу және оқыту, сондай-ақ сыртқы қарым-қатынас саласындағы керемет жетістіктерін көрсетуі керек. Зерттеу нәтижелерін жоғары Scopus h-индексімен сипатталатын халықаралық деңгейде мойындалған жоғары сапалы журналдарда мақалалар ретінде жариялау немесе коммерциялық қаржыландыруды ұтып алу тәжірибесі болуы міндетті. Үміткер ауқымы кең аэроғарыштық инженерия және қозғаушы жүйелер саласына қатысты зерттеулерді жүргізу және сабақ беру үшін топта жұмыс істеуге дайын болуы керек. Кандидаттың ғылыми қызығушылықтары кафедраның аэроғарыштық қозғалыс, ұшу механикасы, және аэросерпімділік салаларын нығайтып, толықтыруы керек және қандидат толықтай жұмысқа дайын болуы тиіс.

Механикалық және Аэроғарыштық Инженерия кафедрасы туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады:

https://research.nu.edu.kz/en/organisations/department-of-mechanical-and-aerospace-engineering

Qualifications

Беделді университетінен аэроғарыштық инженерия саласында ғылым докторы (PhD) дәрежесі және аэроғарыштық инженерия саласындағы ғылыми тәжірибесі және елеулі қызметті атқарған тәжірибесі болуы шарт.

Additional Information

Біз ұсынамыз:

• Халықаралық деңгейдегі жалақы және бір семестрде 2 курс оқу жүктемесі

• Арнайы зерттеу уақыты

• Бастапқы зерттеу гранттары және басқа да бәсекеге қабілетті зерттеулерді қаржыландыру мүмкіндіктері

• Жеке конференциялар мен сапарларды қаржыландыру

• Белгіленген тұлға мен асырауындағы адамдар үшін халықаралық медициналық сақтандыру

• Экспатрианттарға жәрдемақы (тегін баспана, үйге бару (жылына екі рет), тағайындалған адамға және асырауындағы адамдарға қоныс аудару шығындарына көмек (әуе билетін қоса алғанда))

• Жылына 56 күндік ақылы үй демалысы

Бастапқы тағайындау 3 жылдық жаңартылатын келісім-шарт бойынша, ал кейінгі тағайындаулар жыл сайынғы нәтижелерге байланысты 5 жыл/3 жыл мерзімге ұзартылады.

Рөл туралы бейресми талқылау үшін Механика және Аэроғарыш кафедрасының меңгерушісі, профессор Эссам Шехабқа хабарласыңыз, электрондық пошта:  essam.shehab@nu.edu.kz

Мерзімі: лауазым жабылғанша ашық.

Өтініштер жолдама хатпен, түйіндемемен, және үш анықтамалық хатпен онлайн өтініш формасын толтыру арқылы қабылданады. Толық емес өтініштер қарастырылмайды.