Аудит офисінің Aға аудиторы
- Полная занятость
- Отдел: Audit Office
- Job Type: Administrative staff
- Grade: N/A
Описание вакансии
Аға аудиторға Қамқоршылық кеңеске, Аудит жөніндегі комитетке, Басқарушы кеңеске Университеттің білім, ғылым және өндірісті интеграциялау моделін құруға бағытталған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне, тәуелсіз және объективті консультациялар беру жолымен жәрдемдесуге қатысуға байланысты мынадай міндеттер мен функциялар жүктеледі:
- тәуелсіз, объективті пікір қалыптастыруға қатысу және Қамқоршылық кеңеске, Аудит жөніндегі комитетке, Басқарушы кеңеске стратегиялық тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар мен консультациялар беру;
- Аудит офисінің мәселелері бойынша Университет пен оның ұйымдарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға қатысу;
- Аудит жөніндегі комитет жанындағы орган ретінде Аудит офисінің жұмысын ұйымдастыруға қатысу;
- Аудит офисіне қатысты ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және Аудит жөніндегі комитеттің қарауына енгізуге қатысу;
- Аудит офисі Басшысының тапсырмалары бойынша деректер мен материалдарды бастапқы жинау мен талдауды қамтамасыз ету;
- Университеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясында қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Университет қолданатын шаралардың сәйкестігіне аудит жүргізуге қатысу;
- Қамқоршылық кеңестің және (немесе) Аудит жөніндегі комитеттің тапсырмалары бойынша, оның ішінде Басқарушы кеңестің бастамасымен туындаған мәселелер бойынша аудит жүргізуге қатысу;
- Университетте ішкі аудитті ұйымдастырудың белгіленген тәртібіне сәйкес Аудит офисінің қызметін жоспарлауға қатысу;
- Аудит жөніндегі комитет бекіткен Аудит офисі жұмысының тәуекелге бағдарланған жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруға қатысу;
- тексеру барысында анықталған барлық елеулі фактілер мен кемшіліктерді көрсету, негізделген ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ аудиторлық анықтауларды тиісті құжаттау арқылы Аудит офисінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары бойынша қорытынды дайындау;
- аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша берілген Аудит офисінің ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізу;
- мониторинг нәтижелері туралы ақпарат негізінде мемлекеттік және тәуелсіз аудит органдарының ұсынымдары мен нұсқамаларын іске асырудың толықтығына талдау жүргізу;
- өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- ішкі аудит мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;
- Аудит офисі бюджетінің жобасын дайындау және Аудит офисіне жүктелген функцияларды орындауға байланысты шығыстарды тиімді орындау;
- Жоғары қамқоршылық кеңестің, Қамқоршылық кеңестің және Аудит жөніндегі комитеттің тапсырмасы бойынша және (немесе) Аудит офисі орындайтын жұмыс шеңберінде мұндай ашу талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Университеттің қызметі жөніндегі құпия ақпаратқа қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Аудит жөніндегі комитетке ұсыну үшін белгіленген талаптарға сәйкес Аудит офисінің есептілік жобаларын дайындау;
- Аудит офисінің құзыретіне кіретін сауалдар мен мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге қатысу;
- Аудит офисінің іс қағаздарын жүргізу, бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Аудит жөніндегі комитеттің және (немесе) Қамқоршылық кеңестің тапсырмалары бойынша қызметтік тергеп-тексерулерге қатысу, арнайы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
- Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды орындау.
Жоғарыда аталған функцияларды орындау мақсатында Аға аудитор:
- өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының, Аудит жөніндегі комитет туралы ереженің, Аудит офисі туралы ереженің және Университеттің өзге де ішкі құжаттарының нормалары мен талаптарын сақтауға;
- өз құзыреті шегінде Жоғары қамқоршылық кеңестің, Қамқоршылық кеңестің және (немесе) Аудит жөніндегі комитеттің және Аудит офисі Басшысының тапсырмаларын орындауға;
- ақпарат алу үшін Аудит жөніндегі комитетке, сондай-ақ ақпараттандыру үшін Университеттің Басқарушы кеңесіне Аудит офисі қызметінің қорытындылары туралы есепті ұсынуға қатысуға;
- аудит қорытындылары бойынша есепті Аудит жөніндегі комитетке, сондай-ақ Университеттің Басқарушы кеңесіне, аудит объектілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға ұсынымдарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін ұсынуға қатысуға;
- жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде – белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға акт бойынша қағаз және электрондық тасымалдағышта құжаттама мен ақпаратты беруге, ал есептегі мүлікті Университеттің материалдық жауапты тұлғаларына тапсыруға міндетті.
Требования к квалификации
Білімі
Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында алынғаны жақсы, магистр және (немесе) бакалавр дәрежесінің бар болуы
Мамандығы
Мынадай салалардағы жоғары білімі:
- экономика;
- бухгалтерлік есеп;
- аудит;
- қаржы;
- құқықтану;
- менеджмент;
- және (немесе) аудит объектісінің ерекше қызметіне сәйкес келетін өзге де жоғары білім, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында жоғары кәсіптік білімінің болуы құпталады
Жұмыс тәжірибесі
Жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оның ішінде аудит/бақылау және (немесе) бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржы және (немесе) экономика және (немесе) құқықтану салаларындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.
Стратегиялық талдау және бизнес-тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау мен жетілдіру саласындағы жұмыс тәжірибесі құпталады
Кәсіби біліктілігі
Ішкі аудитор дипломының және (немесе) кәсіби бухгалтер сертификатының және (немесе) тәуекел менеджментіндегі сертификаттың және (немесе) Университеттің қызметіне қатысты саладағы дипломдардың болуы
CIA және (немесе) DipIFR (ACCA) және (немесе) халықаралық сертификаттардың (практикалық тәжірибе) кәсіби біліктілігінің болуы құпталады
Кәсіби құзыреттері
Аудиторлық қызметтегі және (немесе) тәуекелдерді бағалаудағы жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, салық салу, сатып алу, білім беру, ғылыми және медициналық қызмет, бюджеттік қатынастар саласындағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, еңбек және өзге де заңнамаларын білу мен қолдана білу
Университет қызметінің бағыттары бойынша талдауды, бағалауды және тексеруді, олардың қорытындылары бойынша қорытынды/есепті дайындауды қамтитын аудит жүргізу дағдылары. Кәсіби пайдаланушы деңгейіндегі компьютерлік дағдылар
Тілдерді меңгеру
Қазақ тілі – еркін меңгеру
Орыс тілі – еркін меңгеру
Ағылшын тілі – орта және жоғары (Upper Intermediate, IELTS 6.0)
Жеке қасиеттері
Келесі қасиеттерге ие болу: жауапкершілік, бастамашылдық, командада жұмыс істей білу, ұқыптылық, адамдармен тіл табыса алу, стресске төзімділік.
Дополнительная информация
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values