Зертхана көмекшісі

  • Full-time
  • Department: School of Engineering
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 12

Company Description

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университеті

Job Description

Зертхана көмекшісі келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
1)    зертханалық сабақтарды дайындауда Мектептің оқытушыларымен және оқутышылар көмекшілерімен ынтымақтастық орнатады;
2)    зертханалық сабақтар үшін қажетті шығыс материалдар мен жабдықтарды дайындайды;
3)    оқытушының ассистенттерімен бірге зертханалық сабақтарды модельдейді;
4)    зертханаларды жүйелі тексеру аралаударды жүргізеді;
5)    зертханалық жабдыққа қызмет көрсетуге, оны орнатуға,  баптауға және ағымдағы сынақтауларды жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады;
6)    зертханалық жабдықтарды жақсы жұмыс жағдайында ұстайды, қажет болған жағдайда Провост офисінің Инженерлік-техникалық қызметін тартады;
7)    зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарына түгендеу жүргізеді;
8)     зертханада жұмыс істеу үшін Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментімен (бұдан әрі – ДСЕҚД) бірлесіп қорғау құралдарына және басқа да қажетті құралдарға қажеттілігін айқындайды;
9)    өзiнiң қызметтiк мiндеттерi мен өкiлеттiктерi шегiнде студенттерге/зертхана пайдаланушыларына нұсқаулықтар жүргiзедi;
10)    ДСЕҚД-мен бірлесіп ықтимал қауіпті жұмыстар түрлері үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жабдықтар мен нұсқаулықтар үшін стандартты операциялық рәсімдерін (СОР) әзірлейді;
11)    зертханада жұмыс істеуге тағайындалған тұлғалар үшін жабдықтарды пайдалану бойынша тренингтер өткізеді;
12)     негіздемелерді дайындауды қоса алғанда, тиісті есепті кезеңге арналған бюджеттік өтінімді дайындауға жәрдемдеседі;
13)     бастамашымен бірге тауарларды сатып алуды жүзеге асыру үшін техникалық құжаттаманы дайындайды;
14)    қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде зертхана үшін сатып алынған жабдықтар мен шығыс материалдарын қабылдау, тексеру, сынау процестеріне қатысады;
15)    Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің негізгі құралдарын жыл сайынғы түгендеуге қатысады;
16)    Университеттің қоймаларынан қажетті шығыс материалдарын есептен шығаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындайды;
17)    Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының сұрауы бойынша, Мектеп басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шеңберінде есептемелер, ақпарат пен мәліметтерді береді;
18)    жетекшілік ететін бағыт шеңберінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
19)    өзінің атқарымдық міндеттерінің шеңберінде хат жазысуды жүргізеді;
20)    жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;
21)     басқа Зертхана көмекшісі болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);
22)     Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
23)    Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
24)    Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;    
25)    заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
26)    жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Qualifications

Білімі    

Жоғары кәсіптік, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында болғаны жақсы;

Мамандықтардың басым бағыттары:
- Инженерлік-техникалық;
- Химия-технологиялық;
- Инженерлік-құрылыс;
- Компьютерлік ғылымдар

Жұмыс тәжірибесі    

Бір жылдан кем емес. Сәйкес салада магистр дәрежесі болған жағдайда, жұмыс тәжірибесіз

Білімі    

- Сәйкес саладағы білімі: Инженерлік-техникалық/Химия-технологиялық/Инженерлік-құрылыс/Компьютерлік ғылымдар;
- жабдыққа немесе шығыс материалдарына техникалық құжаттаманы дайындаудың негізгі принциптерін білу;
- зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын білу; 
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Дағдылары     

- Презентация жасау және өткізу дағдылары;
- базалық зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары

Additional Information

Басқа талаптар     

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;
- өз бетінше және командада жұмыс істей білу;
- адамдармен тіл табыса білу;
- жауапкершілік;
- бастамашылық;
- жұмысқа жауапты көзқарас.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values