Академиялық және студенттік істер жөніндегі менеджері, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

  • Полная занятость
  • Отдел: School of Engineering
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 13

Описание компании

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

Описание вакансии

 Менеджер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
1)    Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларының студенттерімен, профессорларымен және түлектерімен академиялық және студенттік мәселелер бойынша операциялық және әкімшілік жұмыстар жүргізеді;
2)    жетекшілік ететін академиялық бағдарламалар бойынша оқитын студенттер бойынша тәртіптік комиссиясының, сондай-ақ Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында өзге де комитеттерінің отырыстарын ұйымдастырады және өткізеді;
3)    Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында Мектеп бастамашылық еткен шарттар мен қосымша келісімдерді жасау және орындау бойынша іс-шараларды өткізеді;
4)    Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларымен көзделген студенттердің өндірістік практикасынан өту процесін ұйымдастырады;
5)    қажет болған жағдайда студенттерді Мектептің академиялық бағдарламаларына қабылдау процесіне, сондай-ақ Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, оларды кейіннен Мектепте бағдарлауға және бейімдеуге қатысады;
6)    студенттерді тіркеу, ауыстыру, оқудан шығару және оқу бітіру процестерін, сондай-ақ Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жетекшілік ететін Мектептің академиялық бағдарламаларының емтихан процесін ұйымдастырады;
7)    студенттердің дипломдық және курстық жобаларын орындау барысында жұмсаған шығыстарын өтеу немесе төлеу мақсатында іс-шараларды, сондай-ақ Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары студенттерінің сапарларын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
8)    Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларының студенттерімен кері байланыс бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, алынған деректерді жинақтайды және талдайды;
9)    академиялық бағдарламаларды ілгерілету бойынша іс-шараларға, соның ішінде Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, академиялық бағдарламаларға студенттерді тартуға бағытталған Мектептің іс-шараларына қатысады;
10)    Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларына шақырылған дәріскерлердің қатысуымен қонақ дәрістерін, семинарларды, конференцияларды дайындайды және ұйымдастырады;
11)     әр семестр аяқталғаннан кейін Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары студенттерінің дипломдық және емтихан жұмыстарын жинақтауды, сұрыптауды және мұрағаттауды қамтамасыз етеді;
12)    профессорларға оқу процесін ұйымдастыру бойынша, студенттерге академиялық үлгерім мәселелері бойынша консультация береді, сондай-ақ Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларының "тәуекел топтары" деп аталатын топтарынан академиялық үлгермейтін студенттерді анықтайды және қолдау көрсетеді;
13)    Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында тиісті қаржы жылына және орта мерзімді кезеңге арналған Мектептің бюджеттік өтінімі мен инвестициялық жоспарын қалыптастыру процесіне қатысады;
14)    Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында кіріс хат-хабарлармен, Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұраныстарымен жұмыс, азаматтардың хаттарына, өтініштеріне уақтылы жауап береді;
15)    жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;
16) басқа Менеджер болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);
17) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
18) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
19) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;    
20) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
21) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Требования к квалификации

Білімі 

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс 

Мамандықтардың басым бағыттары:
- менеджмент;
- экономика;
- қаржы;
- білім беруді басқару;
- мемлекеттік басқару;
- іскерлік әкімшілендіру;
- педагогика;
- лингвистика

Жұмыс тәжірибесі

Кем дегенде үш жыл. Тиісті салада магистр дәрежесі болған жағдайда бір жыл

Білімі

-    Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы заңнамасын білу;
-    білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу саласындағы білімдері;
-    MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын; Google (Docs, Spreadsheets, Forms, Slides, Drive) өнімдерін, студенттерді хабардар ету және тіркеу, Moodle жүйелерін білу;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру 

Дағдылары

- Студенттермен психологиялық және тәрбие жұмыстарын жүргізу дағдылары;
- келіссөздер жүргізудің бастапқы дағдылары;
- жұмыс процесін жоспарлаудың дағдылары.
 

Дополнительная информация

Басқа талаптар

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;
- сыни тұрғыда ойлау;
- тиімді қарым-қатынастар құру;
- жауапкершілік;
- тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары;
- командада жұмыс істей білу және өз бетінше жұмыс істеу дағдылары; 
- үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істей білу;
- әртүрлі мәдени ортада жұмыс істей білу.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values