Топтың экономикалық жоспарлау департаментінің менеджері (декреттік демалыс уақытына орын басу)

  • Полная занятость
  • Отдел: Department of Group Economic Planning
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 13

Описание компании

НУ – 60 елден келген студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер бар көп мәдениетті оқу орны. Біз қауымдастық мүшелерін мақсатты, құндылықтарды және миссияны ортақ түсіну арқылы әртүрлілік пен құрметті бағалайтын біртұтас команданың бір бөлігі ретінде сезінуге шақырамыз.

Описание вакансии

  1. Университеттің жоспарлы кезеңге арналған жиынтық бюджеттік өтінімдерін қалыптастырады және белгіленген тәртіппен уәкілетті органның қарауы мен бекітуіне және тиісті жылдың республикалық бюджетін нақтылауға жібереді;
  2. Университеттің және ұйымдардың Жылдық бюджетін әзірлеуге және орындауға қатысады және оларды бақылайды;
  3. қызмет қорытындылары туралы және өткен кезеңдегі Жылдық бюджеттің орындалуы туралы есептерді қалыптастырады, Университеттің тиісті басқару органдарының қарауына енгізеді;
  4. Бөлімшенің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ішкі құжаттарға сәйкес Университеттің уәкілетті органдарының қарауына енгізілетін, жетекшілік ететін ұйымдарға қатысты және олардың құжаттарын дайындайды, қарайды және келіседі;
  5. ішкі құжаттарға сәйкес және жетекшілік ететін бағыт аясында жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша Университет пен оның ұйымдары орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының есептеулерін дайындауға және қарауға қатысады;
  6. жетекшілік ететін бағыт аясында жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша талдамалық анықтамаларды, баяндамалар мен таныстыру материалдарын дайындайды;
  7. ішкі құжаттарға сәйкес және жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша Университеттің және жетекшілік ететін ұйымдардың қаржы – шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдауды жүргізуге қатысады;
  8. ішкі шаруашылық резервтерді анықтайды, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімдердің өзіндік құнын азайту, шығындар мен өндірістік емес шығыстардың алдын алу мақсатында материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімді және ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  9. Университеттің бюджеттеу әдіснамасын, сондай-ақ Бөлімшенің құзыретіне енетін мәселелер бойынша өзге де нормативтік, өкімдік және ұйымдастырушылық құжаттарын әзірлейді және жетілдіреді;
  10. жетекшілік ететін бағыт аясында деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық, талдамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістерді әзірлейді және енгізеді;
  11. өз міндеттері аясында хат алмасуды жүргізеді;
  12. жетекшілік ететін бағыт аясында Университет бөлімшелері мен ұйымдарының қызметкерлеріне практикалық көмек көрсетеді;
  13. Университеттің құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік және өзге де ұйымдары өткізетін кеңестерге қатысады;
  14. Бюджет комитетінің отырыстарын өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырады;
  15. Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның ұйымдарына Бюджет комитетінің материалдары мен шешімдері туралы ақпарат береді;
  16. Бюджет комитеті шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  17. жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;
  18. Аға менеджері болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);   
  19. Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
  20. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
  21. Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;        
  22. заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
  23. жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

 

Требования к квалификации

Білім: Жоғары кәсіптік, Бакалавр/Маман Экономика/Қаржы бағыттарында.

Білім тәжірибесі: Кем дегенде үш жыл. Экономика/Қаржы/MBA бағыттарында магистр дәрежесімен кемінде 1 жыл.

Дополнительная информация

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру;

- MS Office, Excel, PowerPoint, 1С, ЭҚЖ бағдарламаларын білу

- Аналитикалық қабілеті (бар болған деректердің негізінде болжамдар жасау);

- таныстырылымдарды дайындау дағдылары;

- талдамалық материалдарды (түсіндірме жазбаларды) дайындау дағдылары;

- тікелей басшыны үрдістер туралы хабардар ету және саясатты өзгертуді ұсыну үшін бірнеше көздерден алынған ақпаратты пайдаланады

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values