Аға заңгер (15 грейд)

  • Полная занятость
  • Отдел: Legal Department
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 15

Описание компании

Назарбаев Университеті

Описание вакансии

Аға заңгер мынадай еңбек міндеттерін орындайды:

  1. кез келген сатыдағы соттарда сенімхат арқылы Университеттің мүдделерін білдіреді;
  2. әзірленуі Университетке жүктелген немесе оның қатысуымен жүзеге асырылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, дайындауға және әзірлеуге қатысады, оның ішінде Университет қызметінің мәселелері бойынша заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
  3. Университеттің қызметіне қатысты құқықтық мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, өзге де органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  4. белгіленген тәртіппен құқықтық сараптама жүргізеді, Бөлімшеге құрылымдық бөлімшелерден қарауға келіп түсетін құжаттарды (шешімдердің, өкімдік құжаттардың, ішкі нормативтік құжаттардың, шарттардың, шығыс құжаттардың және т.б. жобаларын), нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Тікелей басшының және/немесе Университет басшылығының тапсырмасы бойынша Бөлімшеге ұсынылған Университеттің басқа құжаттарын белгіленген тәртіппен келіседі;
  5. Жоғары қамқоршылық кеңестің, Университеттің Қамқоршылық кеңесінің, Басқарушы кеңестің отырыстарына Университет басшылығының қатысуымен қаралатын мәселелер бойынша Бөлімшенің құзыреті шегінде Университеттің мүдделерін қорғауды көрсететін ұсыныстар енгізу мақсатында кеңестерге материалдарды талдауды жүзеге асырады;
  6. Университеттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде Университеттің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты құқықтық қолдауды жүзеге асырады;
  7. Бөлімшенің құзыреті шегінде құжаттарды (шешімдердің, өкімдік құжаттардың, ішкі нормативтік құжаттардың, шарттардың, шығыс құжаттардың және т.б. жобаларын) әзірлейді;
  8. Бөлімшенің Директоры уақытша болмаған кезеңде (бір айға дейінгі мерзімде) оның міндеттерін еңбек заңнамасында және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен орындайды (ауыстырады);
  9. Заң департаменті туралы Ережеге сәйкес бөлімшенің құзыреті шегінде Университет қызметінің мәселелері бойынша жұмыс топтарының, комиссиялардың құрамында келіссөздерге, кеңестерге қатысып, ұсыныстар енгізеді;
  10. жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингілеу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
  11. Бөлімше Директорының және Университет басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындайды;  
  12. заңнамаға, Университеттің Жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ құпия және қызметтік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуіне немесе таратылуына жол бермеуге жауапты болады.

Требования к квалификации

1. Жоғары кәсіби білімі, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында алынғаны жақсы. Құқық саласындағы бакалавр дәрежесі.

2. Магистр дәрежесі бар үміткерлер үшін жұмыс тәжірибесі көрсетілген лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда (халықаралық, шетелдік және/немесе ұлттық компанияларда) мамандығы бойынша кемінде 3 жыл болуы тиіс. Магистр дәрежесі болмаған кезде аталған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда (халықаралық, шетелдік және/немесе ұлттық компанияларда) мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

3. Университеттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

4. Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру (ауызша және жазбаша).

Дополнительная информация

Дағдылары:

- дербес компьютермен (MS Office: Word, Excel, PowerPoint бағдарламалары, заңнаманың электрондық базалары) және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейі;

- презентация дайындау дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- сыни тұрғыдан ойлау;

- адамдармен тіл табыса алу;

- командада жұмыс істеу;

-тайм-менеджмент;

- егжей-тегжейге назар аудара отырып, бірнеше тапсырмалар мен басымдықтар арасындағы тепе-теңдікті табу;

- жауапкершілік;

- стресске төзімділік.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values