Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі менеджері

  • Полная занятость
  • Отдел: Information Services
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 13

Описание вакансии

ақпараттық қауіпсіздікке байланысты тұрақты тексерулер жүргізуде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға менеджерге көмек көрсету, дербес компьютерлерді (ДК) және серверлерді, бизнес-процестерді ақпараттық қауіпсіздік саласында осалдықтар мен бұзушылықтардың болуына тексеру;

•   ақпараттық қауіпсіздік саласында бұзушылықтар туындаған жағдайда есептер мен іс-қимылдар жоспарларын дайындау;

•   ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға менеджерге көмек көрсету, желі мониторингін және желіге қосылған тораптардағы бұзушылықтар немесе проблемалар туралы ертерек ескертуді қамтамасыз ету;

•   қауіпсіздік саласындағы олардың бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін жүйелерді тұрақты жаңғырту;

•   киберқауіпсіздікке байланысты Helpdesk өтінімдеріне кеңес беру және мақұлдау;

•   ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ішкі аудиторлық тексерулер үшін құжаттар дайындау;

•   Офис қызметкерлері уақытша болмаған кезде (қызметтік іссапар, әлеуметтік демалыстар, кезекті еңбек демалысы, уақытша еңбекке жарамсыздық) басшы жүктеген міндеттерін атқару;

•   жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

•   өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында басшы мен Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

 

Жоғарыда аталған функцияларды орындау үшін Маман келесі міндеттерді орындайды:

•   қысқа және мақсатты мерзімдермен жұмыстағы басымдықтарды анықтайды;

•   осы лауазымдық нұсқаулықта айқындалған лауазымдық функцияларды орындау үшін өзекті салалар бойынша АТ саласындағы өзгерістерге уақтылы бейімделуге, көп міндеттілік және қойылған міндеттерді аяқтауға дейін жеткізеді;

•   басшы мен Университет басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде және белгіленген мерзімде орындайды;

•   жылдам өзгеретін ортада тиімді жұмыс жасайды;

•   Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

•   лауазымдық міндеттерін адал орындайды;

•   еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң түрде сақтайды;

•   Университеттің жалпыға міндетті сипаттағы ішкі құжаттарының ережелерін сақтайды;

•   жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде басшы тағайындаған басқа тұлғаға қағаздағы, сол сияқты электронды жеткізгіштегі барлық қолда бар құжаттама мен ақпаратты, ал оның есебіндегі мүлікті Университеттің материалдық жауапты тұлғаларына тапсыру-қабылдау актісі бойынша беруді жүзеге асыруға міндетті.

Требования к квалификации

Жоғары кәсіптік, мүмкіндігінше келесі мамандықтар бойынша ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарынан:
•    информатика немесе байланысты сала;
•    киберқауіпсіздік;

Дополнительная информация

Компьютермен жұмыс істеу дағдылары:

•         киберқауіпсіздік;

•         Windows серверлері мен жұмыс станцияларына әкімшілік ету

•         Linux Әкімшілігі

•         Веб-технологиялар (HTML, CSS, JavaScript негіздері);

•         желі, телекоммуникация, сымсыз және ұялы байланыс; (VLAN, IPv4, негізгі протоколдар мен порттар, OSI моделі)

•         деректер базасы(SQL негізі).

 

Кәсіби құзыреттер:

•   Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарды жақсы білу;

•   Университет аумағында рұқсатсыз кіруді болдырмауға және ақпаратты қорғау үшін пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздігін зерттеу, әзірлеу, енгізу, тестілеу және шолу туралы білімі болуы керек;

•   ақпарат пен ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; осы функцияларды орындауға қатысты АТ бойынша сертификаттарының болуы (мүмкіндігінше);

•   аналитикалық қабілеттілігі болуы ;

•   ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білуі;

•   желілер топологиясының негіздерін білуі;

•   ISO 27000 стандарттар сериясын білу және түсінуі

 

Жеке құзыреттер:

•   Назарбаев Университетінің құзыреттілік моделі;

•   сыни ойлау;

•   тиімді қарым-қатынас құру;

•   тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары (ауызша және жазбаша);

•   командада жұмыс істей білу;

•   жауапкершілік;

•   жүйелік тәсіл, көпмақсаттылық, тайм-менеджмент

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values