Пайдаланушыларға IT көмек көрсету жөніндегі менеджер (аудиовизуалды қызмет көрсету) (3 позиция)

  • Полная занятость
  • Отдел: Information Services
  • Job Type: Technical and support services staff

Описание компании

Nazarbayev University

Описание вакансии

- Өз құзыреті шегінде пайдаланушылар пайдаланатын аппараттық құрал және құрылғыларды басқаруға арналған қосымшалар сияқты жаңа технологияларды орнату және баптау;
- оқу процесін қамтамасыз ету және іс-шараларды сүйемелдеу үшін қолданыстағы аудиовизуалды және интерактивті жабдықтар паркіне тұрақты техникалық қызмет көрсету;
- дыбыс-бейне және интерактивті жабдықтардың жұмысқа дайындығын тұрақты тексеруді жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде ақпараттық технологияларға байланысты мәселелер бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету;
- барлық жүйелер мен жабдықтардың жай-күйін тексеру, сондай-ақ жүйелер мен қосымшалардың ақауларын іздеу және жою;
- ақаулы немесе зақымдалған жабдықты ауыстыру;
- Пайдаланушыларға IT қызметін көрсету офисінің (офистерді (үй-жайларды) ІТ – қолдау) (бұдан әрі – Офис) жұмысы шеңберінде жаңартулар мен жаңа технологияларды тестілеу, бағалау және зерделеу;
- Пайдаланушыларға ІТ қызметін көрсету офисінің (бұдан әрі – Офис) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
- өз құзыреті шеңберінде Басшыға және Бас ақпараттық директорға шарттар мен бюджеттік баптардың орындалуын үйлестіруге және мониторингтеуге жәрдемдесу;
- Офис қызметкерлері уақытша болмаған кезде (бір ай)  оларға Басшы жүктеген міндеттерді орында(қызметтік іссапар, әлеуметтік демалыстар, кезекті еңбек демалысы, еңбекке уақытша жарамсыздық);
- жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
- өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттілігі шеңберінде Басшының және Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік білім, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алған.
Мамандықтардың басым бағыттары:
- компьютерлік ғылымдар немесе онымен байланысты салалар;
- ақпараттық технологиялар;
- инженерия

Жұмыс тәжірибесі

Кем дегенде үш жыл.
Тиісті салада магистр дәрежесімен кем дегенде 1 жыл

Білім дағдылары

- ақпараттандыру және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
- ағындық дәрістер, түрлі деңгейдегі іс-шаралар (VIP, мемлекеттік, маркетингтік және т. б.), презентациялар, конференциялар, қашықтықтан оқыту саласында аудио/бейне жабдықтар мен техникалық шешімдер функционалын сенімді білу;
- аудио/бейне сигналды қабылдау және өңдеу саласындағы жабдық функционалы мен техникалық шешімдер туралы сенімді білім;
- аудиовизуалды және интерактивті жабдықтарға техникалық қызмет көрсету туралы білімге ие болу (жұмыс аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы орнатуды, конфигурациялауды және жаңартуды, сондай-ақ жүйелі түрде пайда болатын үй-жайлардағы жабдыққа қатысты кез-келген мәселелерді шешуді қамтуы мүмкін);
- компьютерлік жабдықтар мен жүйелер туралы білім;
- аналитикалық дағдылар;
- пайдаланушыларға қызмет көрсету дағдылары;
- IT-қолдау саласындағы жұмыс тәжірибесі;
- жобаларды және өзгерістерді басқару дағдылары;
- презентацияларды дайындау және өткізу дағдылары;
- Ақпараттық технологиялар саласында осы функцияларды орындауға өзекті сертификаттардың болуы (дұрысы);
- MS Office (Microsoft Word, Excel, PowerPoint)бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру

Машықтары

- кәсіби сараптаманы дамытуға ұмтылу;
- университет мақсаттарын ұстану;
- адалдық және этикалық мінез-құлық;
- нәтижеге бағдарлану және проблемаларды шешу;
- кооперация дағдылары және клиентке бағдарлану;
- инновациялық және тәуекелді қабылдау;
- сыни ойлау;
- тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары (ауызша және жазбаша);
- командада жұмыс істеу;
- жауапкершілік;
- жүйелілік;
- жан-жақты міндеттерді шеше білу;
- тиімді тайм-менеджмент