Кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету офисінің менеджері (3 позиция)

  • Полная занятость
  • Отдел: Library
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 12

Описание компании

Пайдаланушыларға қызмет көрсету офисі пайдаланушыларға қызмет көрсету және олардың кітапхана қорына қол жеткізуін қамтамасыз етеді; пайдаланушыларға қолжетімді орналасқан құжаттарды іріктеу кезінде және оқу залдарында компьютерлендірілген орындарда жұмыс істеу кезінде консультация береді; пайдаланушылардың кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметке қанағаттану деңгейіне мониторинг жасайды; мәдени-ағартушылық іс-шараларды өткізеді; студенттердің клубтық құрылымдарымен бірлесіп әлеуметтік-мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады; негізгі қорды басқарады; оқу залдарындағы қорды Конгресс Кітапханасы жіктеуіне (LCC) сәйкес орналастырады.

Описание вакансии

  1. қызмет көрсету орындарында жеке анықтамалық және абоненттік қызметтерді көрсетеді, электрондық сұраныстардың мониторингін қоса алғанда;

  2. үлгілі қызмет көрсету дағдыларына ие және кітапхана пайдаланушыларымен тиісті қарым-қатынас жасайды;

  3. Alma және Primo кітапхана жүйелерімен, сондай-ақ кітапхананың онлайн құралдарының, электрондық ресурстар мен жабдықтардың кең ауқымымен жұмыс істейді;

  4. кітапхана қорының бүлінуден және ұрланудан сақталуын қамтамасыз етеді, кітапхана қорында сақталатын құжаттардың бүтіндігі мен қалыпты физикалық жай-күйін сақтайды;   

  5. пайдаланушылардың кітапхана ресурстары мен оқырмандар залдарын пайдалану ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;

  6. кітап сөрелерін күнделікті ретке келтіруге қатысады және оқу залында және кітап сақтау қоймасында кітаптардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді;

  7. кітапхана қорын есепке алу және каталогтау офисінен жаңа кітаптарды қабылдайды;

  8. тақырыптық, авторлық, салалық кітап көрмелерін, сондай-ақ кітапхананың веб-сайтында виртуалды кітап көрмелерін ұйымдастырады;

  9. кітапхананың жедел жобаларына қатысады, оның ішінде кітап қорының қозғалысы және жыл сайынғы кітапхана қорын түгендеу;

  10. пайдаланушыларға кітапхана материалдарын электронды каталогтан және кітапхананың ашық қорларынан іздеуге көмектеседі;

  11. кітапхана пайдаланушыларына өзіне-өзі қызмет көрсету станцияларында көмек көрсетеді;

  12. электрондық пошта, телефон арқылы және Springshare Dashboard платформасы арқылы кітапхана пайдаланушыларының сұраныстарына жауап береді;

  13. кітапхана ресурстары мен қызметтерін насихаттау, кітап оқу мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

  14. кітапхананың әлеуметтік-мәдени жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

  15. кітапхана веб-сайтының және/немесе кітапхананың әлеуметтік желілері мазмұнын ағымдағы жаңалықтар ақпаратымен толықтыруға қатысады;

  16. кітапхана қызметін жоспарлауға, дамытуға, маркетинг және насихаттауға қатысады;

  17. НУ кітапханасында қызмет көрсетуді дамыту мақсатында академиялық кітапхана ісі тенденцияларын зерттейді;

  18. лауазымның ажырамас бөлігі ретінде кешкі кезекшілікті атқарады, сенбі және/немесе жексенбі күндері жұмыс істейді; 

  19. жұмыс уақыты НУ-нің кез келген кампусында атқарылады;

  20. Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;

  21.  Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

  22. Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;

  23. заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;

  24. жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Требования к квалификации

Білім

- Кітапхана және ақпараттық ғылымдар немесе онымен байланысты білім салалары бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесі (артықшылық беріледі);

- ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарына артықшылық беріледі.

 

Білім тәжірибесі

- Университетте немесе ғылыми кітапханада кітапхана ісі саласында кемінде 2 жыл.

 

Білімі

- Университеттегі кітапханалық-ақпараттық қызметке қатысты нормативтік құқықтық құжаттарды білу;

- кітапхана ісі, информатика негіздерін білу;

- кітапхана қорын ұйымдастыру негіздерін, кітапхана қорымен жұмыс істеу принциптерін білу; 

- кітапхана тұтынушыларына қызмет көрсетудің тиімді әдістерін жақсы түсіну;

- кітапханалық қызмет көрсету үдерістерінде кітапханалық және ақпараттық ғылымды пайдалана білу;

- пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін білу;

- кітапханалық қызмет көрсету үдерістерінде ақпараттық технологияларды қолдана білу;

- бірнеше дереккөздерді қолдана отырып, кітапханаларға қатысты тенденцияларды талдау және жақсартуларды ұсына білу.

 

Дағдылары 

- презентацияларды дайындау және өткізу дағдылары;

- әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын меңгеру;

- кітапхана ісіндегі озық тәжірибелерді аудару бойынша нұсқаушы ретінде семинарлар өткізу дағдылары;

- кең ауқымды жалпы мәдени дайындық;

- мәселелерді шешу дағдылары;

- кітапхана жабдықтарын, MS Office, Excel, PowerPoint және т.б. сияқты жүйелер мен бағдарламалық кешендерді пайдалана білу.

 

Басқа талаптар 

- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген.

Дополнительная информация

Recruitment and selection process Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process. They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English. You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values