Академиялық бюджеттеу және жоспарлау жөніндегі вице-провост

  • Full-time
  • Department: Executive Staff
  • Job Type: Administrative-academic staff
  • Grade: N/A

Company Description

2024 жылғы әлем университеттерінің рейтингінде Times Higher Education журналы НУ үздіктердің 30 пайызына енгізді. НУ Орталық Азияда бірінші орынға ие және АСЕАН университеттерінің алғашқы ондығына кіреді.
2010 жылы құрылған университет Қазақстан мен Орталық Азиядағы зерттеу қызметінің флагманы болып табылады. Астана Азиямен де, Еуропамен де байланысты және қуатты және сенімді институттарға негізделген білім экономикасын дамыту мақсатын қояды.
НУ – әлемдік деңгейдегі зерттеулер, оқыту және инновациялар жүргізу мандаты бар автономды ағылшын тілді университет болып табылады. Бізде 61 елден келген шетелдік оқытушылар жұмыс жасайды және 35 елден келген шетелдік студенттер бар. Олар күшті және өршіл ғылыми қоғамдастық құрып, көшбасшы рөлін алуға дайын. 

Job Description

Вице-провост келесі еңбек міндеттерін орындайды:
1)    Университеттің 2030 жылға арналған Стратегиялық жоспарын және әрбір Мектептің бекітілген стратегиялық жоспарларын іске асыру мақсатында Мектептердің академиялық бюджеттеріне қатысты барлық мәселелер бойынша университеттің үйлестірушісі ретінде қызмет етеді.
2)    Провосттың сұрауы бойынша тиісті Комитеттерді басқарады.
3)    НУ-ың тиісті ережелерін қайта қарайды және жаңартады.
4)    озық тәжірибені енгізуді қоса алғанда, Университетте академиялық бюджетті жоспарлаудың жалпы сапасын жақсартуға ықпал етеді.
5)    Мектептерге оқу мақсаттары үшін бюджеттерін жоспарлауда белгілі бір көмек көрсетеді. 
6)    академиялық бюджетті жоспарлауды және декандарға, вице-декандарға және Мектептердің әкімшілік директорларына кеңес беруді қамтамасыз етеді.
7)    тиісті қызметкерлердің Провост офисінде және Мектептерде тәлімгерлігін, оқуын және дамуын қамтамасыз етеді.
8)    Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде тәжірибе алмасуды және ақпараттық-ағарту жұмысын үйлестіреді. 
9)    жалпы университеттік стратегиялық бастамалар шеңберінде Мектептермен және олардың арасында үйлестіруді жақсартуға ықпал етеді.
10)    Университеттің мақсаттары мен қаржылық тұрақтылық талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, Мектептің Стратегиялық жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі және олардың орындалуын бақылайды.
11)    бірлескен академиялық бастамалар мен бағдарламаларды құру мен іске асыруда халықаралық және жергілікті университеттермен ынтымақтасады.
12)    Мектептерді бірлескен бағдарламалар мен қос дипломдық бағдарламаларды, сондай-ақ ұқсас әріптестіктерді іске асыруға бағытталған халықаралық бастамаларында қолдайды.
13)    лауазымға сәйкес ғылыми қызмет пен зерттеулер жүргізеді. 

Қосымша Еңбек міндеттері мен жауапкершілігі:
•    өзінің ғылыми-зерттеу қызығушылықтарын дамытады.
•    лауазымына сәйкес біліктілікті арттырудан өтеді.
•    Университеттің құндылықтарын, соның ішінде мүдделер қақтығысын және Университеттің басқа да саясатын белсенді қолдайды және таратады.
•    НУ Мектептері мен ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру үшін Провост офисімен, және декандармен, әсіресе Провостпен, ғылыми-зерттеу жұмысы, академиялық мәселелер және өнеркәсіппен өзара әрекеттесу жөніндегі вице-провосттармен тиімді ынтымақтасады.
•    Провосттың тапсырмасы бойынша басқа да міндеттер, соның ішінде Қазақстанда да, шетелде де халықаралық стратегиялық серіктестерге және кәсіби конференцияларға мерзімді сапарлар.
•    Университеттің тікелей басшысы мен басшылығының тапсырмаларын тиісінше орындайды;
•    Қазақстан Республикасы заңнамасының және жұмыс берушінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
•    өз қызметкерлерінің міндеттерін дұрыс орындауға жауапты; 
•    қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуіне немесе таралуына жол бермеуге жауапты болады;   
•    жұмыстан босатылған жағдайда тікелей басшының нұсқауы бойынша барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, тауар-материалдық құндылықтарды басқа жұмыскерге уақтылы беруге жауапты болады (қабылдау-тапсыру актісімен куәландырылады). 

Qualifications

Білімі:

Аккредиттелген университеттегі ғылым докторы дәрежесі (STEM немесе STEM емес саладағы PhD немесе оның баламасы)

Жұмыс тәжірибесі:

- НУ мектептерінің бірінде немесе жоғары рейтингті халықаралық немесе қазақстандық университетте қауымдастырылған немесе толық профессор ғылыми атағы бар; және/немесе
- Вице-декан немесе декан сияқты басшылық қызметте үш немесе одан да көп жыл жұмыс атқару.

Білуі қажет:

- Ғылыми қызметтің жоғары тәжірибесі.
- Жоғары білімге қатысты қазақстандық қаржы заңнамасын білу.
 

Дағдылары:

- Университеттің саясаты мен рәсімдерін әзірлеу мен енгізуге бірлескен және алқалы көзқарас.
- Тұлғааралық қарым-қатынас, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары.
- Декандармен, вице-декандармен және әкімшілік директорлармен, сондай-ақ Университеттің басқа басшыларымен өзара әрекеттесу тәжірибесі.
 

Басқа талаптар:

- Бұл лауазым толық уақытты қажет ететініне қарамастан, Вице-провост Провост мақұлдаған жағдайда НУ мектептерінің бірінде өз міндеттерін орындай алады.

- Бұл лауазымдық нұсқаулық лауазымға қойылатын ағымдағы талаптарды көрсетеді және Еңбек міндеттері мен жауапкершілігі кеңейген сайын лауазымдық нұсқаулық осы лауазымды атқаратын қызметкердің келісімі бойынша қайта қаралады және өзгертіледі.

- Университет Этика кодексін ұстанады және академиялық және ғылыми-зерттеу адалдығының халықаралық стандарттарын белсенді қолдайды.

- НУ мектебінен тағайындалған Вице-провост Провост мақұлдаған жағдайда үш жылдан кейін өзінің негізгі академиялық қызметіне оралуға құқылы.
 

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values