Медицина мектебінің маманы (Симуляциялық орталықтың маманы)

  • Полная занятость
  • Отдел: School of Medicine
  • Job Type: Administrative staff

Описание компании

Питтсбург университетінің Медицина мектебімен ынтымақтастықта әзірленген Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) Американың оқыту моделіне негізделген ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасын ұсынады. Мектеп студенттердің алғашқы легіне өз есігін 2015 жылдың күзінен бастап ашады. НУММ миссиясы Қазақстанның, Орталық Азияның және қалған барлық әлем халқының денсаулығын жақсарту үшін ғылыми-зерттеу және академиялық салаларда және денсаулық сақтау саласында көшбасшылық орындарды иеленуге даярланған  клиникалық дағдылары бар және ғылыми-зерттеулерге бағдарланған дәрігерлердің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады. 

Описание вакансии

1)      автоматтандырылған манекендер мен басқа да симуляциялық жабдықтарды дайындауды, пайдалануды және ақауларын жоюды қоса алғанда, Мектептің симуляциялық орталығында (бұдан әрі – Орталық) барлық симуляциялық операцияларды техникалық қолдауды қамтамасыз ету;

2)      Мектептің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерін Орталықтың жабдығын дұрыс пайдалануға үйрету және мониторингтеу;

3)      жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін және Орталықта бағдарламалық-аппараттық кешеннің дұрыс жұмыс істеуін тұрақты тексеру және оларға бақылау жүргізу;

4)      Орталықта оқу кестесін дайындау және сабақтарды ұйымдастыру;

5)      Мектептің оқытушы-профессорлар құрамына ұйымдастырушылық және әкімшілік қолдау көрсету;

6)      Орталықтың ақпараттық және аудиовизуалды жүйелерін әкімшілендіру;

7)      Орталықтың қажеттілігін анықтау және Орталықтың қызметін қолдау үшін жабдықтар мен шығыс материалдарын сатып алу үшін техникалық құжаттаманы дайындау;

8)      Мектепте өткізілетін маркетингтік науқан кезінде Мектептің қонақтары, сондай-ақ Мектептің академиялық және кәсіптік бағдарламаларына үміткерлері үшін Орталық бойынша экскурсияларды ұйымдастыру;

9)    өзінің функционалдық міндеттерінің шеңбері бойынша хат алмасу;

10)   Орталықтың операциялық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;

11)   Орталықтың студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы мен қонақтары үшін Орталықта симуляциялық жабдықтарды пайдалану, кәсіби жүріс-тұрыс және қауіпсіздік техникасы бойынша үлгілік нұсқаулықтарды әзірлеу;

12)   қажет болған жағдайда стандартталған пациенттер бағдарламасына логистикалық сүйемелдеу көрсетуге қатысу;

13)  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу

Требования к квалификации

Тәжірибе келесі талаптардың біріне сәйкес болуы керек:

- бакалавр дәрежесімен: осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда 1 жылдан кем емес; немесе

- осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда магистр дәрежесі болса, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Кәсіби біліктілігі және жеке қабілеттері:

- Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;

- жабдықпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік негіздерін білу;

- симуляциялық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары;

- аудиовизуалды жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдылары;

- жабдықтар мен шығыс материалдарын сатып алу тәжірибесі мен білімі;

- аналитикалық қабілеттер;

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (ауызша және жазбаша дағдылар);

-  MS Office бағдарламаларын білу

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;

- адамдармен тіл табыса білу;

- жауапкершілік;

- жеке және командада жұмыс істей білу;

- көрсетілген мерзімде мақсатқа жету қабілеті;

- стреске төзімділік;

- әр түрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу

 

Дополнительная информация

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values