Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының менеджері (коммуникациялар жөніндегі)

  • Full-time
  • Department: Career and Advising Center
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 13

Company Description

Веб-сайт:  http://www.nu.edu.kz

Job Description

Менеджер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:

  1. Бөлімше қызметі, бастамалары мен көрсететін қызметі туралы мүдделі тараптардың хабардар болуын арттыру үшін Бөлімшенің ішкі және сыртқы хабарларын тарату, Бөлімше және Университет туралы жағымды пікір қалыптастыру үшін жаңа бастамалар/іс-шаралар туралы хабарлау, Бөлімше, оның миссиясы, құндылықтар ұсынысы, бренді, қызметкерлері және көрсететін қызметтері туралы тиімді ақпарат беру және оны ілгерілету;
  2. коммуникациялық арналардың тиімділігін талдау, Бөлімшенің операциялық жоспарын іске асыруға тиімді көмектесетін коммуникациялық стратегияны әзірлеу;
  3. коммуникацялық арналарға қатысты есептерді/сауалнамаларды  дайындау және  тексеру;
  4. жазбаша материалдар әзірлеу, сыртқы аудитория үшін таныстырылымдар дайындау, ішкі/сыртқы мүдделі тұлғаларға таныстыру үшін Бөлімшенің жылдық есебін/таныстырылымын дайындау кезінде көмек көрсету;
  5. Бөлімше шығаратын баспа материалдарын әзірлеу, сондай-ақ Бөлімшені  кампуста және ішкі/сыртқы мүдделі тараптар арасында ілгерілету үшін маркетингтік стратегияларды қолдану, контенттің және мөрдің жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  6. Бөлімшенің вебсайттарын және әлеуметтік желілерін басқару, Бөілмешінің вебсайттарына жүктелетін материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару;
  7. әлеуметтік желілер, вебсайттар, ақпараттық бюллетеньдер, LibGuide, пресс релиздер және жариялаудың өзге де арналары арқылы тарату үшін контент әзірлеу;
  8. Бөлімшенің сайттары, жарияланымдары және әлеуметтік желілер үшін қажетті материалдар жинау үшін ішкі және сыртқы аудиториямен жұмыс;
  9. баспа және онлайн жарнама жасау және әзірлеу, электронды маркетинг, Бөлімше іс-шараларынан фото және бейне түсірілімдерді жүзеге асыру;
  10. студенттерге мансаптық қызметтер көрсету саласында тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның басқа университеттерінде оқытудағы қажеттіліктер туралы деректер жинау және қажеттіліктерді талдау, Университет Бөлімшесінің басқа университеттермен тәжірибе алмасу бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  11. әдістемелік және оқу материалдарын әзірлеуге көмектесу, тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында вебинарлар дайындау;
  12. тәжірибе алмасу бағдарламасының іс-шаралары мен қызметін ұйымдастыру, бағдарламаның тиімділігін талдау және бағалау;
  13. тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысушылардың қанағаттанушылық сауалнамаларын әзірлеу, енгізу және талдау;
  14. тәжірибе алмасу бағдарламасы туралы есептер дайындау және тексеру;
  15. жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
  16. жауапты қызметкерлер болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);
  17. Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
  18. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
  19. Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;    
  20. заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
  21. жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Qualifications

Білім: Жоғары кәсіби білім, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары білімі болғаны дұрыс


Мамандықтардың басым бағыттары:

  • адами ресурстарды басқару,
  • психология (мансаптық консультация беру);
  • іскери әкімшілендіру;
  • аралас мамандықтар

Білім тәжірибесі:

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді:

- магистр дәрежесінде жұмыс өтілі лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 1 жылдан кем емес;

- бакалавр немесе маман дәрежесінде жұмыс өтілі                  лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда 3 жылдан кем емес, немесе Университетте  жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

Бөлімше қызметімен байланысты салалардағы жұмыс тәжірибесі болғаны дұрыс

Білімі:

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- инклюзивті ынтымақтастық және мүдделі тараптарды тарту;

- міндеттерді шешудің шығармашылық тәсілдері;

- деректер мен күрделі міндеттерді талдау қабілеті, қорытындылар мен шешімдер әзірлеу;

- Microsoft Office (Excel, Power Point) бағдарламаларын білу

Дағдылары:

- жобаларды басқару, кәсіби даму, тапсырыс берушілермен қарым-қатынастарды басқару, мансапты жоспарлау және стартегиялық жоспарлау дағдылары;

- оңайлату мен жетілдіру мақсатында зерделеу және өзгерту операциялары мен рәсімдерін жүргізу дағдылары;

-ресурстарды басқару, басымдықтарды айқындау дағдылары;

- таныстыру және шығармашылық жазу дағдылары;

- мемлекеттік немесе білім беру институттарында интеграцияланған бағдарламаларды жоспарлау, әзірлеу және үйлестіру дағдылары;

- ағылшын,  қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Басқа талаптар:

-Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

- аналитикалық қабілеттер;

- сыни тұрғыда ойлау;

- адамдармен тіл табыса білу;

- бастамашылдық;

- жауапкершілік;

- орындаушылық;

- нәтижеге бағытталу;

- командада жұмыс істей білу;

- тез оқып үйрену;

- әртүрлі этникалық және мәдени орта адамдарымен тиімді ынтымақтастық орнату қабілеті

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values