Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының (түлектермен өзара іс-байланыс және кеңес беру мәселелері бойынша) аға менеджері

  • Full-time
  • Department: Career and Advising Center
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 14

Company Description

Веб-сайт: http://www.nu.edu.kz

Job Description

  1. Аға менеджері келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
  1. магистратура мен докторантураға түсу мәселелері бойынша консультация беру бағдарламасы бойынша есеп әзірлеу, жоспарлау, орындау, үйлестіру, іске асыру, бағалау және дайындау, атап айтқанда:
  • магистратура мен докторантураға түсу мәселелері бойынша консультация беру бағдарламасының сапасын бағалаудың жүйелі тәсілін әзірлеу және іске асыру;
  • магистратура мен докторантураға түсу мәселелері бойынша семинарлар өткізу және бағалау;
  • Бөлімше сайтына арналған контент әзірлеу және ЖОО-дар профильдерін (Еуропа/Солтүстік және Оңтүстік Америка, Азия-Тынық мұхит өңірі) тұрақты жаңартып отыру;
  • магистратура мен докторантура бағдарламаларына түсу мәселелері бойынша мансаптық консультациялар жүргізу және оқуға түсу кезінде студенттерге көмек көрсету (оқуға түсуге арналған құжаттар пакеті, университетті таңдау, ұсыным хатты сұраныс жасау);
  • оқытушы-профессорлар құрамының, НУ түлектерінің, тиісті білім беру ұйымдарының тізімін жасау және магистратура мен докторантураға түсу мәселелері бойынша консультация беру бағдарламасы аясында оларға тиісті өтініштер жіберу;
  • магистратура мен докторантураға түсу мәселелері бойынша консультация беру бағдарламасы аясында Университет Мектептері, сыртқы ұйымдар, шетел институттары арасындағы қызметті үйлестіру;
  • CareerNet платформасындағы, Бөлімшенің сайтындағы және LibGuide-дегі құжаттар кітапханасын қоса алғанда, ресурстарды дайындау және тұрақты  жаңарту  (қаржыландыруды,  елдің портфолиосы және түлектер мен магистранттарға мүмкіндіктерді қоса алғанда);
  • деректер базасын құру және басқару, сауалнамалар жүргізу және студенттердің өтініштерін қадағалау, Университет Мектептерінің менеджерлерімен және оқытушы-профессорлар құрамымен және Университеттің басқа да бөлімшелерімен  бірге қызмет етіп, оқуға қабылдау және алу;
  1. Университет түлектерімен қарым қарым-қатынасты басқару (түлектерді қамту), атап айтқанда:
  • Университет түлектерін біріктіру үшін стратегия мен тактика әзірлеу, енгізу, Университеттің қолданыстағы стратегиялары мен мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;  

-    түлектерге қатысты іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру, өткізу,  

     үйлестіру/түлектермен, оның ішінде Назарбаев Университеті Түлектер

     қауымдастығымен («Назарбаев Университеті Түлектер Қауымдастығының»

     ҚБ) бірлесіп бітірушілерді тарту деңгейін арттыру мақсатында;

  • тәлімгерлік бағдарламасын және Университет елшілері бағдарламасын әзірлеу, үйлестіру, бағалау;
  • түлектерді жұмысқа орналастыру бағдарламасына және студенттердің мансапты дамыту курсына және NUAlumniNet платформасына тарту;
  • түлектерге арналған іс-шараларды, соның ішінде жыл сайынғы оқуды аяқтау рәсімі, түлектердің кездесуі және Бөлімшенің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін әзірленген өзге де іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру;
  • барлық түлектерді тартудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуін қамтамасыз ету үшін іс-шараларға тұрақты талдау жүргізу;
  • Университет түлектері туралы оқиғаларды жинау және тарату.
  1. сапаны, нақтылықты және сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында түлектер деректер базасы меңгерушісінің бітірушілер деректер базасы мен есептеріне қатысты мәселелер бойынша жұмысын үйлестіруге қатысу;түлектерге жыл сайынғы сауалнамадан алынған ақпаратты қоса алғанда, Университет түлектері мансабын дамыту туралы ақпарат жинауға көмектесу;
  2. Университет түлектерінің мансаптық дамуы туралы ақпаратты, оның ішінде жыл сайынғы түлектер сауалнамасы мәліметтерін жинауға жәрдемдесу;
  3. Университет түлектеріне оларға қолжетімді жеңілдіктер мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру;
  4. түлектердің мәртебесі туралы ақпаратты талдау, қорытындылар мен ұсынымдар беру, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде тұрақты негізде және сұрау бойынша есептер дайындау;
  5. еңбек нарығының үрдістерін талдау және түлектер арасында сауалнама жүргізуге қатысу, ұсынымдарды Университет Мектептеріне жеткізу;
  6. жұмыс берушілер үшін Университет түлектерінің артықшылықтарын жасау, тұжырымдау және белсенді ілгерілету; түлектер үшін Университеттің / Бөлімшенің артықшылықтарын жасау, тұжырымдау және белсенді ілгерілету;
  7. оқу материалдарын әзірлеу, мансапты дамыту бойынша тренингтер мен семинарлар өткізу;
  8. нақты функционалдық салаларда ақпарат жинау және Бөлімшенің сайттары, жарияланымдары және әлеуметтік желілерде тұрақты жаңарту үшін материалдарды тұрақты ұсыну;
  9.  «Назарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы» БҚ-мен ынтымақтастық, атап айтқанда:
  • «Назарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы» БҚ-ны нығайту, Жарғыны жасау кезінде көмектесу, түлектермен берік байланыстарды қолдау және жоспараланған іс-шаралар мен қызметінде көмек көрсету;
  • «Назарбаев Университеті түлектерінің қауымдастығы» БҚ-мен бірлесіп, байланыстарды жолға қою үшін Университеттің студенттері мен түлектеріне арналған іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру.
  1. жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
  2. жауапты қызметкерлер болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);
  3. Университет түлектерінің үш жылдық жұмыспен өтеу міндеті процесін басқару, оның ішінде үш жылдық жұмыспен өтеу бойынша есеп беретін үйлестірушілерге тағайындау;
  4. АҚ «Қаржы орталығы»  дерекқорына уақытылы ақпаратты енгізілуін қадағалау;
  5. үш жылдық жұмыспен өтеу шеңберінде жас мамандарды бөлу жөніндегі университет комиссиясының жұмысын басқару;
  6. Университеттің тікелей жетекшісі мен басшылығының тапсырмаларын уақтылы және дұрыс орындайды;
  7. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
  8. еңбек және қызмет тәртібінің сақталуына жауапты;
  9. заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
  10. жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Qualifications

Білімі:

Жоғары кәсіби білім, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары білімі болғаны дұрыс
Мамандықтардың басым бағыттары:

  • адами ресурстарды басқару,
  • психология (мансаптық консультация беру);
  • іскери әкімшілендіру;

-аралас мамандықтар

Жұмыс тәжірибесі:

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын  біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді.

Білімі:

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- инклюзивті ынтымақтастық және мүдделі тараптарды тарту;

- міндеттерді шешудің шығармашылық тәсілдері;

- деректер мен күрделі міндеттерді талдау қабілеті, қорытындылар мен шешімдер әзірлеу;

- Microsoft Office (Excel, Power Point) бағдарламаларын білу

Дағдылары:

- жобаларды басқару, кәсіби даму, тапсырыс берушілермен қарым-қатынастарды басқару, мансапты жоспарлау және стартегиялық жоспарлау дағдылары;

- оңайлату мен жетілдіру мақсатында зерделеу және өзгерту операциялары мен рәсімдерін жүргізу дағдылары;

-ресурстарды басқару, басымдықтарды айқындау дағдылары;

- таныстыру және шығармашылық жазу дағдылары;

- мемлекеттік немесе білім беру институттарында интеграцияланған бағдарламаларды жоспарлау, әзірлеу және үйлестіру дағдылары;

- ағылшын,  қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Басқа талаптар:

Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын қолдау;

- аналитикалық қабілеттер;

- сыни тұрғыда ойлау;

- адамдармен тіл табыса білу;

- бастамашылдық;

- жауапкершілік;

- орындаушылық;

- нәтижеге бағытталу;

- командада жұмыс істей білу;

- тез оқып үйрену;

- әртүрлі этникалық және мәдени орта адамдарымен тиімді ынтымақтастық орнату қабілеті

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values