Аға ғылыми менеджер_Жоғары білім беру мектебі

  • Полная занятость
  • Отдел: Graduate School of Education
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 14

Описание компании

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға ғылыми менеджер үшін білім беру саласында жаңа зерттеу орталығын құруға өз үлесін қосуға тамаша мүмкіндік бар. CARCEIT-тің (Central Asian Research Center for Education Innovation and Transformation) басты мақсаттары: Орталық Азияда білім беру саласында жетекші зерттеу орталығын болу; білім беру саясаты мен практикасын ақпараттандыру; Орталық Азияда білім беру саласында зерттеу желілері мен қауымдастықтарын құру үшін жоғары сапалы зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Описание вакансии

Аға ғылыми менеджер Орталықтың әкімшілік қызметкерлерінің басты мүшесі болып табылады. CARCEIT директорымен, GSE (Жоғары білім беру мектебі) және NU қызметкерлерімен бірлесіп, барлық әкімшілік мәселелерді басқаруға жауапты.

Аға ғылыми менеджердің басты міндеттері:

  • Орталықта өткізілетін барлық зерттеу жобаларына мониторинг жасау;
  • гранттарға өтінім жіберуді және марапаттау процестерін ұйымдастыру;
  • есеп беру және құжаттаманы басқару процестеріне қатысу;
  • басқа қызметкерлерді күнделікті бақылау;
  • Орталықтың саясаты мен процедураларын әзірлеуге көмектесу;
  • Орталықты сыртқы тұлғалар мен ұйымдарға ұсыну;
  • қажет болған жағдайда басқа міндеттерді атқару.
  • гранттарға өтінім беру, гранттарды басқару және гранттар негізінде зерттеулер жүргізуде институционалдық қолдау мәдениетін дамыту үшін Мектеп Деканы, Ғылыми-зерттеу мәселелері жөніндегі вице-деканымен, зерттеушілердің төрағаларымен, ғылыми-зерттеу институтымен, Зерттеу комитетімен, сондай-ақ Мектептің жекелеген оқытушылары және қызметкерлерімен ынтымақтасу;
  • өзінің құзыреті шегінде белгіленген мерзімдерде өзге де құжаттар мен есептерді дайындау;
  • жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
  • өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Деканның, Басшысы мен Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Жұмыс тәжірибесі:

Бакалавр/Маман, Кем дегенде бес жыл. 

Тиісті салада
магистр дәрежесі бар кемінде үш жыл

Требования к квалификации

Дағдылары

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру;

- Жұмыс пен адамдарды тиімді басқара білу;

- Мәдениетаралық команда құрамында бірлесіп те, өз бетінше де жұмыс істеуге қабілетті болу;

- Жұмыста ынтасын көрсетіп, адамдармен ортақ тіл таба білу;

- Орталықты әр түрлі аудитория алдында кәсіби түрде ұсыну және желілерді кеңейтуді білу;

- Адалдық пен шындық.

Кадрларды іріктеу процесі

Назарбаев Университетінде кадрларды іріктеу көрсетілген процестерді қамтиды: тәжірибе мен біліктілікке негізделген алдын ала іріктеу, бағалау (мысалы, техникалық дағдылар, қабілеттер, тұлға, жұмыс үлгілері, бейресми сұхбаттар) және уәждеме.

Қорытынды сұхбат - процестің соңғы кезеңі.

Жұмысқа орналасу үшін түйіндеме мен ілеспе хатты ағылшын тілінде жіберіңіз.

Дополнительная информация

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values