Оқытушы ассистенті (Оқытушы ассистентінің) (грейд 12)

  • Полная занятость
  • Отдел: School of Engineering
  • Job Type: Administrative-academic staff
  • Grade: 12

Описание компании

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университеті 

Описание вакансии

Оқытушы ассистенті келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
1) тиісті курстың кемінде 90% лекциясына (немесе тең мәнді) қатысады;
2) Мектеп басшылығының жазбаша келісімі болған жағдайда Мектептің зерттеу жобаларына қолдау көрсетеді;
3) студенттерге арналған оқу материалдары мен тапсырмаларын дайындауға көмек көрсетеді;
4) профессорлар ұсынған тапсырмаларды меңгеру және оқыту тұжырымдамасын нығайту мақсатында оқушыларға жеке түрде немесе шағын топтарда оқытады және көмек көрсетеді;
5) үй тапсырмалары мен тестілерді бағалауға, нәтижелерді есептеуге және жазуға, жауаптарды немесе бағалау үшін электрондық құрылғыларды қолдану арқылы көмек көрсетеді;
6) Мектептің оқу бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға ықпал етеді;
7) кафедра дәрістерін толықтыратын оқу материалдарын дайындауға, пікірталастар мен оқу сабақтарын өткізуге оқытушыларға көмек көрсетеді;
8) зертханалық сабақтар үшін шығыс материалдары мен жабдықтарын дайындайды;
9) қабылдау сағаттарын өткізеді және студенттердің зерттеу жобаларына қолдау көрсетеді;
10) оқытушы-профессорлар құрамы мүшесінің тікелей басшылығымен болған және Мектеп Деканы жазбаша келісім берген жағдайда дәрістердің жалпы санының 10%-нан артық емес оқиды;
11) Декан және Кафедра меңгерушісі тағайындаған басқа да міндеттерді орындайды;
12) өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде хат жазысуды жүргізеді;
13) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;
14) басқа Оқытушы ассистенті болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);
15) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
16) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
17) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;    
18) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
19) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Требования к квалификации

Білімі    

Жоғары кәсіптік, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында болғаны жақсы;
Магистратура бағдарламалары бойынша оқытушылардың ассистенттері үшін тиісті білім саласындағы магистр дәрежесі міндетті шарт болып табылады.

Мамандықтардың басым бағыттары:
- Инженерлік-техникалық;
- Химия-технологиялық;
- Инженерлік-құрылыс;
- Компьютерлік ғылымдар

Жұмыс тәжірибесі    

Бір жылдан кем емес. Сәйкес салада магистр дәрежесі болған жағдайда, жұмыс тәжірибесіз

Білімі    

- Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;
- сәйкес саладағы білімі: Инженерлік-техникалық/Химия-технологиялық/Инженерлік-құрылыс/Компьютерлік ғылымдар;
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Дағдылары     

- Презентация жасау және өткізу дағдылары;
- аналитикалық қабілеттер;
- зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары

Дополнительная информация

Басқа талаптар     

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;
- өз бетінше және командада жұмыс істей білу;
- адамдармен тіл табыса білу;
- жауапкершілік;
- бастамашылық;
- жұмысқа жауапты көзқарас 
 

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values