Декан ассистенті _ Жоғары білім беру мектебі
- Полная занятость
- Отдел: Graduate School of Education
- Job Type: Administrative staff
- Grade: 12
Описание вакансии
- Деканның жұмыс күнін жоспарлауға жәрдемдесу, күнделікті жұмыс кестесін жүргізу және Декан кездесулерін ұйымдастыру;
- Деканның қызметін техникалық қамтамасыз етуді (көлікке, билеттерге тапсырыс беру, кездесулер, келіссөздер ұйымдастыру және т.б.) жүзеге асыру;
- Деканның жыл сайынғы еңбек демалысын, іссапарларын ресімдеу кезінде қажетті құжаттарды әзірлеу;
- Деканның келіссөздеріне, іскери кездесулеріне қатысу, отырыстардың, келіссөздердің барысы мен нәтижесін ресімдейтін хаттамалар мен басқа құжаттарды жүргізу;
- Деканның тапсырмасы бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен жекелеген мәселелерді келісу, Мектептің қызметкерлеріне Деканның нұсқаулары мен өкімдерін жеткізу;
- өз құзыретінің аясында Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;
- Деканның қабылдауына жазбаларды жүргізу, Деканға келушілерді қабылдауды ұйымдастыру: рұқсатнамаға тапсырыс беру және келушіні алып жүру, келіссөздер кестесін жүргізу, кездесу бөлмелерінің келуші келгенге дейінгі және одан кейінгі жағдайын (тазалық, артық құжаттардың болмауын, кеңселік жабдықтардың болуын және жұмыс істеп тұруын) қадағалау;
- Деканға қажетті материалдар мен ақпараттарды жинауды жүзеге асыру, Деканның тапсырмасы бойынша аналитикалық, ақпараттық, анықтамалық және басқа материалдарды дайындау;
- Деканның іс қағаздарын жүргізу, Деканның хат-хабарларын алу және Деканның қол қоюына құжаттарды қабылдау, сондай-ақ Деканның құжаттарын есепке алу, өңдеу және тіркеу;
- Декан өткізетін жиналыстар мен отырыстарды дайындау жұмыстарын жүргізу (қажетті материалдарды жинақтау, отырыстың уақыты мен орны, күн тәртібі туралы қатысушыларды хабардар ету), жиналыстар мен отырыстардың хаттамаларын жүргізу және ресімдеу;
- Декан құжаттамасын тиісті деңгейде жүргізу, Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес құжаттарды Университеттің архивіне уақтылы тапсыру;
- өз құзыретінің шегінде Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен, Мектептермен және ұйымдарымен іскери хат алмасу;
- жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
- өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Декан мен Басшысының және Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
Требования к квалификации
Білімі
Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс
Мамандықтардың басым бағыттары:
- халықаралық қатынастар;
- шетел тілі;
- менеджмент
- өзге де гуманитарлық мамандықтар
Жұмыс тәжірибесі
Кем дегенде бір жыл. Тиісті салада магистр дәрежесі бар болса, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Халықаралық команданың құрамындағы жұмыс тәжірибесі құпталады
Дополнительная информация
Кәсіптік құзыреті
- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;
- таныстырылымдар дайындау және өткізу дағдылары;
- аналитикалық қабілеттер;
- есеп дайындау дағдылары;
- құжаттаманы ағылшын тіліне аудару дағдылары және іс қағаздарын ағылшын тілінде жүргізу;
- уақытты тиімді басқару дағдылары;
- іскерлік этикетті, іскери қарым-қатынас, телефонмен келіссөздер жүргізу қағидаларын білу;
- іс қағаздары мен іскери хат алмасуды қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізе алу;
- қойылған мақсатты жүзеге асыра білу, міндеттерді анықтай білу және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімге жоспарлай білу;
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру
Дополнительная информация
Жеке қасиеттері
- сыни тұрғыда ойлау;
- тиімді қарым-қатынас жасау;
- тіл табыса білу;
- командада жұмыс істеу;
- жауапкершілік;
- дамыған көшбасшылық қасиеттері
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values
Переходя по ссылке выше или по любой сторонней ссылке в этом объявлении, вы покидаете сайт и переходите на внешний сайт, где действуют условия и политика конфиденциальности этого внешнего сайта