Операциялық маман_Жоғары білім беру мектебі

  • Full-time
  • Department: Graduate School of Education
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 12

Job Description

Маманға мынадай функциялар жүктеледі:

1. электрондық құжат айналымы жүйесіндегі кіріс және шығыс құжаттар мен хаттарды тіркеу және өңдеу; 

2. Мектептің нормативті құжаттарын әзірлеуге қатысу;

3. Мектептің сақтауға қабылданған құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету;

4. Басшысы мен аға HR менеджеріне Мектеп қызметкерлерінің Мектептің бақылаудағы құжаттары мен басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз етуде жәрдемдесу;

5. күнделікті жедел жұмыс кезінде әкімшілік қолдау көрсету;

6. бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру;

7. шығыс және кіріс хат-хабарды (құжаттар, хаттар, факстар және т.б.) алуды және жөнелтуді бақылау, олардың уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

8. Мектеп құжаттарының Университет архивіне сақтауға тапсырылғанға дейін есепке алынуын және сақталуын, олардың жай-күйін және сақталуын бақылау;

9. Мектеп номенклатурасына сәйкес істерді архивке сақтауға тапсыру;

10. жыл сайын  Мектептің істер номеклатурасының жобасын әзірлеу;

11. Мектепте іс қағаздарын жүргізу;

12. Мектепте қорғалуы тиіс Университет бланкілерін беру, сақтау, есепке алу;

13. жетекшілік ететін бағыт аясында  тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторингтеу процестеріне қатысу;

14. өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Деканның, Басшысының және Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Qualifications

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Мамандықтардың басым бағыттары:

- құжат жүргізу;

- заңтану;

- басқа гуманитарлық мамандықтар.

Жұмыс тәжірибесі

Кем дегенде бір жыл. Тиісті салада магистр дәрежесі бар жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Кәсіптік құзыреті

- Құжаттаманы және іс қағаздарын басқару саласындағы заңнаманы білу;

- іс қағаздарын жүргізуді және архив жұмысының, құжаттарды сақтау және жіктеу жүйесінің қағидаларын; құжаттар мен ақпараттық-іздестіру жүйелерінің құрамы мен мазмұнын білу;

- ұйымдастырушылық дағдылар;

- аналитикалық дағдылар;

- тәртіптілік;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;

- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Additional Information

Жеке қасиеттері
- Сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- жеке және топта жұмыс істей білу;

- тіл табыса білу;

- жауапкершілік.

- дамыған көшбасшылық қасиеттері

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values