Аэроғарыштық инженерия пәнінен ассистент немесе қауымдастырылған профессор

  • Contract
  • Department: Department of Mechanical and Aerospace Engineering
  • Job Type: Faculty

Company Description

Назарбаев Университеті – Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан университет. Университет ғылыми білім, зерттеу және инновацияны біріктіретін халықаралық танымал зерттеуші университет қатарына қосылуды алдына мақсат етеді. Назарбаев Университетінің негізгі сипаттамаларына академиялық еркіндік пен институционалдық автономия жатады, соған байланысты Назарбаев Университеті өзінің арнайы Заң астында жұмыс істейді; Мұғалімдерді санатын негізінен халықаралық ортадан талданған білікті мамандар құрайды, оқыту және зерттеу тілі ретінде ағылшын тілі басшылыққа алады; Толық жетістіктерге негізделген қабылдау және жоғарылату жүйесі ұсынылады; Сонымен қатар интеграцияланған оқыту мен зерттеу жұйесі іске қосылған.

Job Description

Назарбаев Университетінің инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасына үздік кандидаттар үшін ассистент немесе қауымдастырылған профессор лауазымына өтінімдерді қабылдайды.

Үміткер беделді университетте аэроғарыштық инженерия саласындағы PhD дәрежесі болуы керек. Үміткер алдыңғы жұмыс барысында ғылыми-зерттеу және оқыту, сондай-ақ сыртқы қарым-қатынас саласындағы керемет жетістіктерін көрсетуі керек. Жоғары Scopus h-индексімен байланысты болып табылатын зерттеулерді немесе коммерциялық қаржыландыруды ұтып алу және халықаралық деңгейде мойындалған жоғары сапалы журналдарда мақаласын жариялау бойынша тұрақты және табысты тәжірибесі болу міндетті. Үміткер аэроғарыштық инженерияның ауқымы кең саласына қатысты зерттеулерді үйрету және жүргізу үшін топта жұмыс істеуге дайын болуы керек. Кандидаттың ғылыми қызығушылықтары кафедраның аэроғарыштық қозғалыс саласы, және ұшу механикасы мен аэросерпімділік саласында қызығушылығы зор және толықтай жұмысқа дайын болуы тиіс.

Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасы туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады:

https://seds.nu.edu.kz/mae_faculty

https://research.nu.edu.kz/en/organisations/department-of-mechanical-and-aerospace-engineering

 

Qualifications

Квалификация

Аэроғарыштық инженерия саласындағы тиісті тәжірибесі және елеулі қызметті атқарған тізімі болу сонымен қатар беделді университетінен ғылым докторы дәрежесі болу шарт.

Additional Information

Қосымша ақпарат

Біз не ұсына аламыз:

• Бір семестрде 2 курс бойынша толықтай қамтылған жалақы және оқу жүктемесі

• Арнайы зерттеу уақыты

• Бастапқы зерттеу гранттары және басқа да бәсекеге қабілетті зерттеулерді қаржыландыру мүмкіндіктері

• Жеке конференциялар мен сапарларды қаржыландыру

• Белгіленген тұлға мен асырауындағы адамдар үшін халықаралық медициналық сақтандыру

• Экспатрианттарға жәрдемақы (тегін баспана, үйге бару (жылына екі рет), тағайындалған адамға және асырауындағы адамдарға әуе билетін қоса алғанда, қоныс аудару шығындарына көмек)

• Жылына 56 күндік ақылы үй демалысы

 

Бастапқы тағайындау 3 жылдық жаңартылатын келісім-шарт бойынша, ал кейінгі тағайындаулар жыл сайынғы нәтижелер бойынша 5 жыл/3 жыл мерзімге ұзартылады.

Рөл туралы бейресми талқылау үшін механика және аэроғарыш кафедрасының меңгерушісі, профессор Эссам Шехабқа хабарласыңыз, электрондық пошта:  [email protected]

Мерзімі: толық болғанша ашық.

Өтініштер жолдама хатпен, түйіндемемен және үш ұсыныс хатымен, онлайн өтініш формасын толтыру арқылы қабылданады. Толық емес өтініштер қарастырылмайды.