Дайындық мектебінің менеджері

  • Полная занятость
  • Отдел: Center for Preparatory Studies
  • Job Type: Administrative staff

Описание компании

Дайындық мектебі екі бағдарламаны жүзеге асырады - Университетке дейінгі дайындық бағдарламасы және НУ магистратура және докторантура бағдарламаларына дайындық жылы.

Описание вакансии

  • Мектептің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды дайындау және ресімдеу;
  • Мектептің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мектептің тыңдаушыларымен және академиялық персоналымен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде әлеуетті тыңдаушыларды тарту бойынша рекрутингтік науқанға (Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі презентациялар, халықаралық білім беру көрмелері) қатысу;
  • Қазақстан Республикасының өңірлерінде және одан тыс жерлерде Назарбаев Университетіне түсу тестін өткізуді ұйымдастыруға қатысу; «BALEAP» халықаралық қауымдастығымен аккредиттеу мәселелері бойынша жұмыстарды, аккредиттеу мәселелері бойынша өзге де жұмыстарды әкімшілендіру;
  • Университеттің университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттарды дайындау, қарау, бекіту, басып шығару, тіркеу және тыңдаушыларға беру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
  • Университеттің университет алдындағы дайындық бағдарламасының тыңдаушыларына сертификаттар жасау, ресімдеу және шығару рәсімін регламенттейтін ішкі нормативтік құжатты уақтылы жаңарту және бекіту;
  • Мектеп студенттері мен тыңдаушыларының кампусқа кіруін ұйымдастыру мәселелері бойынша үйлестіру;
  • Мектеп тыңдаушыларының қатысуы бойынша мониторингті жүзеге асыру және есептілікті қалыптастыру;
  • тыңдаушылармен Университеттің университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерін көрсету шарттарына қол қою рәсімін ұйымдастыру және өткізу;
  • Университеттің университет алдындағы дайындық бағдарламасының студенттер контингенті бойынша деректерді дайындау (ресми статистика, талап етілетін деректерді жинау және жинақтау, есептілікті қалыптастыру);
  • білім беру қызметтері және студенттік мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
  • қажет болған жағдайда, деректерді талдау негізінде Мектептің тыңдаушылары мен студенттері бойынша есептерді жасау;
  • Мектептің құзыретіне кіретін жеке тапсырмалар, тікелей басшының тапсырмалары бойынша талдамалық материалдар, презентациялар, ақпараттар дайындау;
  • жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторинг процестеріне қатысу. 

Требования к квалификации

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы кәсіптік білімі болғаны дұрыс

Мамандықтардың басым бағыттары:
- телекоммуникация;
- IT менеджмент;
- қаржы; 
- менеджмент;
- іскерлік әкімшілендіру;
немесе
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы сабақтас
мамандық

Жұмыс тәжірибесі

Тәжірибе келесі талаптардың біріне сәйкес болуы керек:

  • Бакалавр / маман дәрежесінде - кем дегенде үш жыл;
  • Кем дегенде 1 жыл тиісті саладағы магистр дәрежесімен

Дағдылары

  • тиімді коммуникация дағдылары; 
  • ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары;
  • аналитикалық ойлау дағдылары; 
  • егжей-тегжейлерге назар аудару;
  • ұйымдастырушылық дағдылар;
  • командада жұмыс істей білу;
  • проблемаларды шешу дағдысы

Тілдік дағдылар

Мемлекеттік ауызша және жазбаша, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі.

Дополнительная информация

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values