Мүдделер қақтығысы, этика және комплаенс жөніндегі офистің менеджері

  • Полная занятость
  • Отдел: Office of Compliance

Описание компании

Офис комплаенс жөніндегі, этиканы және мүдделер қақтығысын сақтау мәселелері бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Описание вакансии

Мүдделер қақтығысы, этика және комплаенс жөніндегі офистің  Менеджерінің міндеттері:

1)       комплаенс саласында болуы ықтимал проблемаларды уақтылы анықтау мен талдауды қолдау және болуы ықтимал мүдделер қақтығысын бағалауға көмектеседі;

2)       Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Университеттің ішкі құжаттарына бағдарлану, сондай-ақ зерделенетін мәселелер бойынша ақпарат көзі ретінде қызмет етеді;

3)       мүдделер қақтығысын ашық және дәйекті түрде ашуға ықпал етеді;

4)       комплаенс, этика және мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша Университет жұмыскерлерін жіберу мақсатында коммуникация құралдарын қолдайды;

5)       жұмыс процестерін оңтайландыру мүмкіндіктерін зерделейді, анықтайды және Университет ресурстары туралы хабардарлықты арттырады;

6)       өзара іс-қимылдың барлық салаларында қойылған міндеттерді орындауға бағдарланған бірлескен тәсілді қолданады;

7)       мүдделер қайшылығы жөніндегі жоспарларды басқару бойынша есептер жасайды;

8)       мүдделер қайшылығына әкеп соғатын барлық жағдайларды мұқият және егжей-тегжейлі есепке алуды жүргізеді;

9)       Тікелей басшы уақытша болмаған кезде (бір айға дейінгі мерзім) оның міндеттерін атқарады (алмастырады);

10)   Тікелей басшы мен Университет басшылығының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;

11)  Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

12)  еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;

13)  заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және қызметтік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе таралуын болғызбау үшін жауапты болады;

14)  жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды Тікелей басшының нұсқауы бойынша (қабылдау-тапсыру актісі бойынша) басқа жұмыскерге уақтылы беру үшін жауапты болады;

15)  Бөлімше құжаттарының Университет архивіне сақтауға тапсырылғанға дейін есепке алынуын және сақталуын, олардың жай-күйін және сақталуын бақылайды;

16)  іс қағаздарын жүргізеді, Бөлімше номенклатурасына сәйкес істерді архивке сақтауға тапсырады, жыл сайын Бөлімшенің істер номеклатурасының жобасын әзірлейді, Бөлімшеде қорғалуы тиіс Университет бланкілерін беру, сақтау, есепке алуды жүргізеді.

Требования к квалификации

Білімі:

Жоғары кәсіптік, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында болғаны дұрыс. Құқық саласындағы бакалавр дәрежесі.

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі:

Тиісті салада магистр дәрежесі бар үміткерлер үшін – құқық және/немесе комплаенс саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;

Тиісті салада бакалавр дәрежесі бар үміткерлер үшін – құқық және/немесе комплаенс саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.

Дополнительная информация

Кәсіби біліктілігі және жеке қабілеттері:

- мінсіз жеке және кәсіби адалдық; 

- аналитикалық ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасай білу;

- егжей-тегжейге назар аудара отырып, бірнеше тапсырмалар мен басымдықтар арасындағы тепе-теңдікті табу мүмкіндігі;

- егжей-тегжейге назар аудару.

Компьютерлік дағдылар:

- Электрондық кестелер мен дерекқорларды, MS Office-ті қоса алғанда, озық офистік бағдарламалық қосымшаларды пайдалана білу.

Aғылшын, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеру.