Ғылыми қызметкер мен постдокторант (RA/Postdoc) вакансиялары (3-5 орын)

  • Full-time
  • Department: Department of Electrical and Computer Engineering
  • Job Type: Research staff

Job Description

Зерттеу жұмысы туралы
Назарбаев Университеті Қазақстанның орталығында, Нұр-Сұлтан қаласында
орналасқан. Халықаралық және ағылшын тілді зерттеу орта қалыптастан.
Мұндай зерттеулердің үлкен бөлігі Электротехника және компьютерлік инженерия (ЭКИ)
кафедрасында жасалады. ЭКИ кафедрасында автоматты басқару, автоматтандыру,
мехатроника, байланыс жүйелері және ақпарат теориясы, сигналдарды өңдеу және
антенналар сияқты көптеген зерттеу салаларын қамтитын іргелі және қолданбалы
зерттеулер жүргізіледі. Департаменттегі жобаларды іске асыруда әртүрлі топтардың өзара
байланысы зерттеулердің пәнаралық сипатын қамтамасыз етеді.
RA/Postdoc машиналық оқу көмегімен интеллектуалды 5G/6G байланыс жүйелерін
дамыту бағытында алдыңғы қатарлы зерттеулер жүргізу үшін жұмысқа алынады.

Негізгі міндеттер
Үміткер 5G/6G жүйелерінде сымсыз байланыс пен қауіпсіздікті біріктіруге бағытталған
пәнаралық ғылыми жобаларға қатысады. Үміткер журналдық және конференциялық
мақалалар жазуға, сондай-ақ жоба тапсырмаларын орындауға үлес қосады деп күтілуде.
Үміткерге халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысып өз жұмыстарын
таныстыруға және басқа зерттеушілермен пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік беріледі.
Сонымен қатар, PhD дәрежесін алуға мүдделі адамдар үшін жеткілікті қолдау (мысалы,
НУ-да PhD докторантураға түсу үшін ғылыми ұсынысты дайындау) қамтамасыз етіледі.
Табысты үміткер студенттік тәлімгерлікпен де белсенді айналысуы мүмкін. Бастапқы
келісім мерзімі 1 жыл және жұмыс нәтижесіне көңіл толған жағдайда әрі қарай созу
мүмкіндігі бар. Үміткердің жұмыс уақытының көп бөлігі жоба тапсырмаларына арналады.
Лауазым 2022 жылдың шілдесінен басталуы мүмкін.

Qualifications

Біліктілік
 Электр және электроника инженериясы, қолданбалы математика, информатика,
физика немесе соған ұқсас салаларда жақында бакалавр / магистр / PhD дәрежесі
алынған болуы керек.
(PhD дәрежесі Postdoc лауазымына өтініш берудің соңғы мерзіміне дейін соңғы үш
жыл ішінде алынуы керек)
 Үміткерде кем дегенде келесі салалардың бірінде жеткілікті білім болуы шарт:
сымсыз байланыс, машиналық оқу және аппараттық құралды прототиптеу.
 Математикалық талдау дағдылары маңызды, әсіресе ықтималдықтар теориясы,
сызықтық алгебра және оңтайландыру теориясы. Сонымен қатар, модельдеу
әдістерін білуі оң бағаланады.
 Python, MATLAB және т.б. программаларында жұмыс жасай білуі қажет.
 Ауызша және жазбаша ағылшын тілін еркін меңгеру.

Additional Information

Ғылыми қызметкер лауазымына өтініш беру үшін келесі мағлұматтарды қамтитын
CV жіберу қажет:
 Үміткердің зерттеуге қызығушылығы бен мотивациясының қысқаша мазмұны бар
түйіндеме;
 Бакалавриат пен магистратураны аяқтағанын көрсететін транскрипттер мен
дипломдар;
 Тиісті сертификаттар мен анықтамалар;
 Егер бар болса, үміткер авторлығымен жарияланымдар.

Postdoc лауазымына өтініш беру үшін келесі мағлұматтарды қамтитын CV жіберу
қажет:
 Басылымдардың (мақалалардың) толық тізімі. IEEE журналдарында бірінші автор
ретінде жариялау тәжірибесі болуы міндетті;
 Кемінде екі сілтеменің (пікір берушінің) байланыс деректері.
 Жеке хат: 1-3 бетте келесі мәлемет болу керек:
 Өзін таныстыру;
 Бұрынғы зерттеу салаларсын және негізгі зерттеу нәтижелерін сипаттау;
 Болашақ мақсаттарын және болашақ зерттеу бағытын сипаттау;
 Позицияға қатысты зерттеу амбицияларын сипаттау.

Қызығушылық танытқан үміткерлер өтініштердің толық пакетін бір pdf файлы ретінде
мына мекен-жайға жіберуі керек: профессор Ғалымжан Наурызбаев
([email protected]‎). Электрондық хатыңызға сәйкес тақырыпты
пайдаланыңыз: RA Application НЕМЕСЕ Postdoc Application.