Университеттің Денсаулық сақтау департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері

  • Qabanbay Batyr Ave, Nur-Sultan 020000, Kazakhstan
  • Full-time
  • Job Type: Administrative staff

Job Description

1. Университеттің денсаулық сақтау департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері (Университеттің Денсаулық сақтау департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, Жұмыс берушінің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес тағайындалады.

2.  Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау мәселелерін басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.

3.      Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жұмыс берушінің Жарғысын және ішкі құжаттарын, басшылықтың шешімдерін, Университеттің Денсаулық сақтау департаменті (бұдан әрі – Бөлімше) туралы ережені және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

4.      Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері тікелей Қоршаған орта қауіпсіздігі, денсаулық және салауаттылық мәселелері жөніндегі басқарушы директорға (тікелей басшы) және Университеттің Денсаулық сақтау департаментінің бас менеджеріне бағынады.    

3.      Қоғамдық денсаулық сақтау менеджері мынадай еңбек міндеттерін атқарады:

1) тиісті ішкі құжаттарды дайындауды қоса алғанда, Университетте денсаулық сақтау жүйесін жоспарлауға, әзірлеуге, енгізуге және үздіксіз дамытуға қатысу;

2) Университеттің бөлімшелері мен ұйымдарының қатысуымен кешенді шараларды қоса алғанда, Университетте денсаулық сақтау талаптарын сақтауды ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;

3) Университетте қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша презентацияларды жоспарлау және өткізу, соның ішінде жөнелтілімдерді дайындау мен жүзеге асыру және тиісті материалдарды ұсыну;

4) Университет кампусында және ұйымдарында денсаулық сақтау талаптарын сақтау мониторингі бойынша жұмысты үйлестіру;

5) бастамашысы бөлімшесі болатын, COVID-19-ға тестілеу, медициналық тексеру және өзге де медициналық қызмет көрсету бойынша шарттар жасасуды және оларды әкімшілендіруді ұйымдастыруға қатысу; 

6) тиісті шығыс баптары бойынша бюджетті жоспарлауға және мониторингтеуге қатысуды қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша материалдар мен талдамалық анықтамаларды дайындау;

7) Университетте қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды үйлестіруге және ішкі бақылауға қатысу; 

8) санитариялық-гигиеналық ағарту, оның ішінде инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу;

9) саламатты және қауіпсіз еңбек пен оқу жағдайларын жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

10) Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарына денсаулық сақтау мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсету;

11) Университет басшылығына жүктелген міндеттерді ескере отырып, басқа да функцияларды жүзеге асыру;

12) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

13) тікелей басшысы мен Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындайды;

14) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

15) еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;

16) заңнамаға, Жұмыс берушінің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жариялануын немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;

17) денсаулық сақтау саласындағы бөгде ұйымдармен сұрау салулар мен жауап хаттарды уақтылы және өзекті дайындауды қоса алғанда, хат-хабарларды жүргізу;

18) Университетте денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету саласында өзін-өзі дамытуды жоспарлау және жүзеге асыру;     

19) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа жұмыскерге уақтылы беруі үшін жауапты болады.

 

Qualifications

Білімі

Жоғары кәсіби, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында:

- медицина;

- қоғамдық денсаулық сақтау;

- қоғамдық денсаулық сақтау

Магистр дәрежесінің болғаны дұрыс.

Жұмыс тәжірибесі

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

- магистр дәрежесінде мамандығы бойынша, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі; немесе

- бакалавр дәрежесінде мемлекеттік қызметтегі немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.

Білімдері

Басым мамандықтардың кәсіби білімінен басқа:

- қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық бақылау саласындағы ҚР заңнамасын және тәжірибелерді білу;

- денсаулық сақтау саласындағы халықаралық тәжірибелерді және аурулардың профилактикасы бойынша эпидемияға қарсы талаптарды білу.

Дағдылары

- Есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу тәжірибесі;

- техникалық, қаржылық, медициналық құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары;

- тәуекелдерді басқару дағдылары;

- жобаларды басқару дағдылары;

- презентациялар мен келіссөздер жүргізу дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау дағдылары;

- санитариялық-ағартушылық жұмыс дағдылары.

Басқа талаптар

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

- қысқа мерзімде тиімді жұмыс істей білу;

- жеке және командада жұмыс істей білу;

- әртүрлі мәдени ортада жұмыс істей білу;

- тамаша жазу және қарым-қатынас дағдылары;

- жауапкершілік;

- дамыған көшбасшылық қасиеттер

- бейімділігі мен үйрену қабілеті;

- стресске төзімділік.

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values