Аға менеджер (қаржы жөніндегі), Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

  • Full-time
  • Department: Graduate School of Public Policy
  • Job Type: Administrative staff

Company Description

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Job Description

  Аға менеджер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:

  1. тиісті қаржы жылына және орташа мерзімді кезеңге Мектептің, оның ішінде академиялық-ғылыми қызмет бойынша бюджеттік өтінімі мен инвестициялық жоспарын қалыптастыру процесіне қатыс және үйлестіру;
  2. тиісті қаржы жылына Мектеп бюджетінің уақтылы және нысаналы атқарылуын жинақтау, талдау және бақылау;
  3. ішкі шаруашылық резервтерді айқындау, орындалатын жұмыстардың, қызметтердің және өнімнің өзіндік құнын төмендету, шығындар мен өндірістік шығыстардың алдын алу мақсатында материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды бақылау;
  4. Мектептің тиімді операциялық қызметіне қажетті Мектептің сатып алу (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді) жоспарын мониторингтеу, үйлестіру және бақылау;
  5. Мектептің қаржы-экономикалық мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, есептілік пен статистикалық деректерді дайындауға қатысу;
  6. қажет болған жағдайда Мектеп бюджетін жоспарлау мен атқару сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
  7. мектеп үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуда құрылымдық бөлімшелермен ынтымақтасу;
  8. Мектептің барлық шарттарын мониторингтеу;
  9. мектептің инфрақұрылымын басқару және мониторингтеу;
  10. жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
  11. Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Әкімшілік директоры болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады;
  12. Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
  13. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
  14. Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;  
  15. заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
  16. жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Qualifications

Білімі:

Жоғары кәсіптік, оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін шетелдік жоғары оқу орнында болғаны жақсы; магистр дәрежесі болғаны жақсы.

Мамандығы:

Мамандықтың басымды бағыттары:

  • Менеджмент;
  • Экономика;
  • Қаржы;
  • Іскерлік әкімшілендіру.

Жұмыс тәжірибесі:

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді.

Кәсіптік құзыреті:

  • бюджеттеу процесін жоспарлау дағдылары;
  • бухгалтерлік есеп жүйесі, қаржы есептілігінің тәртібі мен нысаны туралы білу;
  • ұйымның қаржылық қызметі туралы белгіленген есептілікті білу;
  • 1С: Кәсіпорын программасында тәжірбиесі және білімі;
  • аналитикалық дағдылар;
  • MS Office бағдарламаларын білу;
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру

Additional Information

Жеке қасиеттері:

  • Назарбаев Университетінің құзыреттілігінің үлгісі
  • көшбасшылық қабілеттер;
  • стреске төзімділік;
  • қарым-қатынас дағдылары;
  • жауапкершілік;
  • командада жұмыс істеу дағдылары;
  • қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу
  • қабілеті;
  • түрлі мәдениет және ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу.

 

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values