Аға менеджер (көшбасшылық және тарту) (уақытша позиция)

  • Full-time
  • Department: Department of Student Services
  • Job Type: Administrative staff

Company Description

Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Job Description

Аға менеджер келесі міндеттерді орындайды:

1) студенттердің өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдарын ұйымдастырады және басқару мәселелерінде студенттердің қызметін үйлестіреді;

2)  мәдени-көпшілік студенттік іс-шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады және студенттерді іс-шараларды ұйымдастыруға тартады;

3) әр түрлі салаларда студенттік конкурстар мен жарыстар өткізуге ықпал етеді;

4) сабақтан тыс қызметті жақсарту мақсатында Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс жасайды;

5) студенттік өзін-өзі басқарудың және студенттік ұйымдардың жұмыс істеуіне жәрдемдеседі және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді;

6) қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде басқа жоғары оқу орындарының студенттерімен және жастар ұйымдарымен достық және әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

7) сабақтан тыс қызметке талдау жүргізеді, Бөлімшенің жұмысы туралы жиынтық есептерді дайындауға жәрдемдеседі;

8) басқа жоғары оқу орындарының сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделейді және талдайды, оны пайдалану және жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

9) Университет басшылығына сабақтан тыс қызметті дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды;

10) Бөлімше қызметі шеңберінде ұсыныстар енгізеді және ішкі нормативтік құжаттардың, жоспарлардың, бағдарламалар мен ұсынымдардың жобаларын әзірлеуге қатысады;

11) сабақтан тыс қызмет бойынша ақпаратты (хабарландырулар, плакаттар және т.б.) уақытылы және сапалы тарату жұмысын үйлестіреді;

12) кіріс хат-хабармен, құрылымдық бөлімшелердің сұрау салуларымен жұмыс жүргізеді, Бөлімше қызметі шеңберінде хаттарға, азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап береді;

13) жұмыс жоспарларын, орындалған жұмыстар бойынша есептерді дайындауды уақтылы жүзеге асырады және Бөлімше бойынша жиынтық жоспарлар мен есептерді қалыптастыруға көмек көрсетеді;

14) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;

15) Бас менеджер болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады).

16) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;

17) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

18) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді; 

19) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;

20) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Qualifications

Білім:

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Мамандықтардың басым бағыттары:

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар,  соның ішінде келесі бағыттармен шектелмейді:

- білім беруді басқару;

- менеджмент;

- педагогика;

- психология

Білімі тәжірибесі:

Кем дегенде бес жыл. 

Тиісті салада магистр дәрежесі бар кемінде үш жыл

Білімі:

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- Солтүстік Американың және Ұлыбританияның білім беру жүйесін білу;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген

Дағдылары:

- өзгерістер мен жобаларды басқару дағдылары; 

- таныстырылымдарды дайындау және өткізу дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- коучинг және менторлық дағдылары;

Additional Information

Басқа талаптар:

- Университеттің   мақсаттары   мен    құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- тіл табыса білу;

- топта және жеке жұмыс істей білу;

- жауапкершілік;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values