Зертхана көмекшісі, Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасы

  • Полная занятость
  • Отдел: Department of Mechanical and Aerospace Engineering
  • Job Type: Administrative-academic staff

Описание компании

Инженерия және Цифрлық Ғылымдар Мектебі, Назарбаев Университеті

Описание вакансии

Зертхананың көмекшісіне мынадай атқарымдар жүктеледі:
1)    зертханалық сабақтарды дайындауда Мектептің оқытушыларымен және оқутышылар көмекшілерімен ынтымақтастық орнату;
2)    зертханалық сабақтар үшін қажетті шығыс материалдар мен жабдықтарды дайындау;
3)    оқытушының ассистенттерімен бірге зертханалық сабақтарды модельдеу;
4)    зертханаларды жүйелі тексеру аралаударды жүргізу;
5)    зертханалық жабдыққа қызмет көрсетуге, оны орнатуға,  баптауға және ағымдағы сынақтауларды жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру;
6)    зертханалық жабдықтарды жақсы жұмыс жағдайында ұстау, қажет болған жағдайда Провост офисінің Инженерлік-техникалық қызметін тарту;
7)    зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарына түгендеу жүргізу;
8)     зертханада жұмыс істеу үшін Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментімен (бұдан әрі – ДСЕҚД) бірлесіп қорғау құралдарына және басқа да қажетті құралдарға қажеттілігін айқындау;
9)    зертханада (жұмыс орнында) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаманы тіркеу журналдарында жазба жүргізу;
10)    ДСЕҚД-мен бірлесіп ықтимал қауіпті жұмыстар түрлері үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жабдықтар мен нұсқаулықтар үшін стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) әзірлеу;
11)    зертханада жұмыс істеуге тағайындалған тұлғалар үшін жабдықтарды пайдалану бойынша тренингтер өткізу;
12)     негіздемелерді дайындауды қоса алғанда, тиісті есепті кезеңге арналған бюджеттік өтінімді дайындауға жәрдемдесу;
13)     бастамашымен бірге тауарларды сатып алуды жүзеге асыру үшін техникалық құжаттаманы дайындау;
14)    қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде зертхана үшін сатып алынған жабдықтар мен шығыс материалдарын қабылдау, тексеру, сынау процестеріне қатысу;
15)    Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің негізгі құралдарын жыл сайынғы түгендеуге қатысу;
16)    Университеттің қоймаларынан қажетті шығыс материалдарын есептен шығаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындау;
17)    Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының сұрауы бойынша, Мектеп басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шеңберінде есептемелер, ақпарат пен мәліметтерді беру;
18)     жетекшілік ететін бағыт шеңберінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
19)     өзінің атқарымдық міндеттерінің шеңберінде хат жазысуды жүргізу;
20)    жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
21)     өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Декан мен Басшының, сондай-ақ Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын уақытылы орындау.

Жоғарыда көрсетілген атқарымдарды орындау мақсатында Зертхананың көмекшісі:
1)    Деканның, Басшы мен Университет басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде және белгіленген мерзімде орындауға;
2)    Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
3)     қызметтік міндеттерді адал орындауға;
4)    еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға;
5)    Университеттің жалпы міндетті сипаты бар ішкі құжаттарының ережелерін сақтауға;
6)     жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде Басшы белгілеген басқа тұлғаға барлық қолда бар құжаттар мен ақпаратты қағаз, сондай-ақ электронды тасығыштарда, ал оның есебіндегі мүлікті Университеттің материалдық жауапты тұлғаларына қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсыруды жүзеге асыруға міндетті.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алғаны жақсы

Мамандығы

Мамандықтардың басым бағыттары:
- инженерлі-техникалық;
- химия-технологиялық;
- инженерлі-құрылыс;
- компьютерлік ғылымдар

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады

Дополнительная информация

Кәсіби құзыреті

-    Жабдыққа немесе шығыс материалдарына техникалық құжаттаманы дайындаудың негізгі принциптерін білу;
-    базалық зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары;
-    зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын білу;
-    MS Office бағдарламаларын білу;
-    ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Жеке құзыреті

-    Назарбаев Университетінің құзыреттілік моделі;
-    Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;
-    өз бетінше және командада жұмыс істей білу;
-    адамдармен тіл табыса білу;
-    жауапкершілік;
-    стреске төзімділік;
-    бастамашылдық;
-    жұмысқа жауапты көзқарас

Процесс подбора персонала

Пожалуйста откликнитесь на вакансию через сайт https://nu.edu.kz/working-at-nu/jobs-at-nu

Подбор персонала  в Назарбаев Университете включают следующие процессы: предварительный отбор на основе опыта и квалификации, оценки (например, технические навыки, способности, личность, образцы работы, неформальные собеседования) и мотивацию.

Финальное собеседование - это заключительный этап процесса . Обычно  собеседования основаны на ценностях и поведении  и проводятся на английском языке. Вам будет предложено поделиться своими взглядами и ценностями, чтобы определить, насколько они соответствуют основным ценностям Назарбаев Университета.