Жоғары бизнес мектебінің Сынып үйлестірушісі (12 грейд) (уақытша лаузым))

  • Полная занятость
  • Отдел: Graduate School of Business
  • Job Type: Administrative staff
  • Grade: 12

Описание вакансии

  • 1. Академиялық бағдарламалар менеджеріне немесе басшы қызметкерлерді оқытуда көмек көрсету;

    2. Оқу және студенттік іс-шараларды ұйымдастыру және насихаттау:

    - бағдарлау бағдарламасы;

    - шетелдік құрамдас бағдарлама;

    - студенттердің саяхаттары;

    - диплом тапсыру рәсімі.

    3. Студенттер, педагогикалық ұжым, мектептің стратегиялық серіктесінің өкілдері, оқу бағдарламаларының менеджерлері, оқу сабақтары, оқу-әдістемелік кешен және басқа да мәселелер бойынша мектеп басшылығы арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету;

    4. Оқу сабақтарына дейін, сабақ барысында және одан кейін туындаған сұраныстар бойынша педагогикалық ұжымға қолдау көрсету;

    5. Жоспарлы лекцияларға қатысу, оқу материалдарын ұйымдастыру, жинақтау және тарату;

    6. Емтихан материалдарын өз нұсқаушысының басшылығымен түзету және өңдеу;

    7. Оқушылардың Мектеп Ар-намыс кодексін сақтауын қамтамасыз ету;

    8. Студенттердің үлгерімін бақылау, студенттердің бағаларын Moodle жүйесіне енгізу, сондай-ақ қорытынды бағаларды Назарбаев Университетінің Тіркеуші кеңсесіне тапсыру;

    9. Студенттерге топтарда және шағын топтарда жеке консультациялар беру, студенттерге Skype, конференц-байланыстар, электрондық пошта және телефон арқылы қалыпты жұмыс уақытында, сондай-ақ кешкі уақытта шұғыл қажеттілік кезінде оқу мәселелері бойынша қолдау көрсету; өтілген материалды сабақта және сабақтан тыс уақытта, курс барысында қайталау;

    10. Жұмыс уақытында, сондай-ақ төтенше жағдайларда кешкі уақытта Skype, конференц-байланыстар, электрондық пошта және телефон арқылы оқытушыларға қолдау көрсету;

    11. Мектеп профессорларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолдау көрсету;

    12. Мектептің дамуына жәрдемдесу мақсатында мектеп жиналыстарына қатысу;

    13. Оқу процесінде қиындықтарға тап болған студенттерге тиісті көңіл бөлу және бағдарлама жетекшісімен тығыз байланыста студенттердің оқудағы мәселелерін шешуге бағытталған қолдау көрсету;

    14. Сабақтарды өткізуге қажетті материалдарды дайындау және/немесе жабдықтарды орнату, тазалықты қадағалау, аудиториялық сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;

    15. Пікірталастарға және/немесе семинарларға қатысу;

    16. Мектептің әкімшілік міндеттерін орындауда мұғалімдерге қолдау көрсету;

    17. Тәжірибесі аз нұсқаушыларды бақылау және үйлестіру;

    18. Дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету;

    19. Жоғары бизнес мектебінің сынып үйлестірушісі уақытша болмаған кезеңде (бір айға дейін) оның міндеттерін уақытша орындайды (алмаштырады);

    20. Тікелей басшының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісті түрде орындайды;

    21. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

    22. Еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуына жауапты;

    23. Заңнамаға, Жұмыс берушінің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, құпия және меншікті ақпараттың, сондай-ақ шектеулі ақпараттың жария етілуіне немесе таралуына жол бермеуге жауапты;

    24. Жұмыстан босатылған кезде ол тікелей басшының нұсқауы бойынша (қабылдау актісімен расталған) барлық қағаз түріндегі құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, тізімдемені басқа қызметкерге уақтылы беруге жауапты болады.

Требования к квалификации

Жоғары білім, оқуы ағылшын тілінде болғаны. Магистр немесе докторлық дәрежелерінің болғаны жақсырақ.

Басым мамандықтар: экономика; қаржы; бухгалтерлік есеп; статистика; мемлекеттік басқару; кәсіпкерлік басқару; және сәйкес мамандықтар.

Дополнительная информация

Кәсіби құзыреті

  • - таныстырылымдарды дайындау және өткізу дағдылары;
  • - тиімді ұйымдастыру дағдылары;
  • - жобаларды басқару дағдылары;
  • - ақпаратты іздеу және алынған ақпаратты жүйелеу дағдылары;
  • - міндетті түрде ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеру;
  • - талдамалық және ақпараттық жазбаларды жазу дағдылары;
  • - MS Office, Excel, PowerPoint және басқа да кәсіптік бағдарламаларды білу;
  • - ағылшын/қазақ/орыс тілдерін ауызша және жазбаша еркін меңгеру;

Жеке қасиеттері

  • - сыни тұрғыда ойлау;
  • - аналитикалық пайымдауы;
  • - жауапкершілік;
  • - дамыған көшбасшылық дағдылары;
  • - тіл табыса білушілік, жазбаша және ауызша дағдылары;
  • - мықты ұйымдастырушылық дағдылары;
  • - дербестік, бастамашылдық;
  • - командада жұмыс істей білу;
  • - алдына қойылған міндеттерді шешудің жаңашыл тәсілі.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values