Маман (жатақхана бойынша) (грейд 11)

  • Full-time
  • Department: Department of Student Services
  • Job Type: Administrative staff

Company Description

Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.
НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі, оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар, сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

 

https://nu.edu.kz/kk/biz-turaly

Job Description

Маманға мынадай функциялар жүктеледі: 

1) студенттерді жатақханаларға орналастыру және менеджерге (жатақхана мәселелері бойынша) Университет жатақханаларындағы старосталардың қызметін үйлестіруге жәрдемдесу;

2) Университет аумағында тұруға байланысты студенттердің әртүрлі мәселелері мен сұрақтарын шешуге қатысу;

3) Университет жатақханаларында сабақтан тыс студенттік іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу және студенттерді іс-шараларды ұйымдастыруға тарту;

4) студенттердің жатақханаларда тұруына байланысты қызметке талдау жүргізуге жәрдемдесу, Бөлімшенің жұмысы туралы жиынтық есептерді дайындауға жәрдемдесу;

5) студенттердің жатақханаларда тұру ережелерін, мнез-құлық кодексін және Университеттің тәртіптік рәсімдерін сақтауын үйлестіруді жүзеге асыруға қатысу;

6) студенттердің жатақханада тұруына қатысты ақпараттық материалдарды (хабарландырулар, плакаттар және т.б.) уақтылы және сапалы тарату.

Qualifications

Жұмыс тәжірибесі:

Бакалавр: Кем дегенде 1 жыл.

Тиісті салада магистр дәрежесімен жұмыс тәжірибесі керек емес

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Мамандығы

Мамандықтардың басым бағыттары:

- жоғары білім беру және менеджмент саласындағы басқару;

- заң;

- гуманитарлық

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді

Кәсіптік құзыреті

- Талдай білу қабілеті;

- баяндамалар дайындау дағдылары;

- талдамалық жазбалар дайындау дағдылары;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;

- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген

Жеке қасиеттері

- Назарбаев Университеті құзыретінің моделі;

- Университеттің   мақсаттары   мен    құндылықтарына бейілділік;

- тіл табыса білу;

- командада жұмыс істей білу;

- көпұлтты ортада жұмыс істей білу;

- стресске төзімділік

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values