Менеджер студенттердің мүдделерін қорғау жөніндегі, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті

  • Full-time
  • Department: Department of Student Services
  • Job Type: Administrative staff

Company Description

Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.
 

Job Description

Жоғарыда көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін, менеджер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:

  1. студенттерді мәдени-адамгершілік тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету және студенттердің ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу;

  2. студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және білдіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  3. Университет ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу;

  4. тәуекел аймағындағы студенттердің деректер базасын жүргізу;

  5. тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін менеджерге (тәртіпті үйлестіру жөніндегі) тәртіптік шараларды қолдануға және тәуекел тобындағы оқушыларға мониторинг жүргізуге көмектесу;

  6. әл-ауқатты қамтамасыз ету және бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу үшін тәртіптік жазаларды қарау кезінде және одан кейін Университет ережелерін бұзған студенттерге мониторинг жүргізу;

  7. Аға менеджерге (тәртіпті және студенттердің мүдделерін қорғауды үйлестіру жөніндегі) төтенше жағдайларда студенттерге көмек көрсету жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруде жәрдемдесу;

  8. бөлімше қызметінің аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

  9. тікелей басшының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындайды;

  10. Бөлімше қызметінің аясында ішкі нормативтік құжаттардың, жоспарлардың, бағдарламалар мен ұсынымдардың жобаларын әзірлеуге ұсыныстар енгізу және қатысу;

  11. тікелей басшының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және тиісінше орындайды;

  12. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды; 

  13. еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;

  14. заңнамаға, Жұмыс берушінің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуіне немесе таратылуына жол бермеу үшін жауапты болады;   

  15. жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа жұмыскерге уақтылы беру үшін жауапты болады. 

Qualifications

Жұмыс тәжірибесі:

Бакалавр: Кем дегенде 3 жыл.

Тиісті салада магистр дәрежесімен кемінде 1 жыл

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Мамандығы

Мамандықтардың басым бағыттары:

- білім берудегі көшбасшылық;

- менеджмент;

- педагогика;

- психология

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді.

Жастармен және/немесе студенттермен жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс

Кәсіптік құзыреті

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- Солтүстік Американың және Ұлыбританияның білім беру жүйесін білуі;

- өзгерістер мен жобаларды басқару дағдылары;

- таныстырылымдарды дайындау және өткізу дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- коучинг дағдылары;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру

Жеке қасиеттері

- Назарбаев Университеті құзыретінің моделі;

- Университеттің   мақсаттары   мен    құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- тіл табыса білу;

- топта және жеке жұмыс істей білу;

- жауапкершілік;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values