АҒА МЕНЕДЖЕРІ (ЖАҢА СТУДЕНТТЕРДІ БЕЙІМДЕУ ЖӨНІНДЕГІ) (grade 14)

  • Full-time
  • Department: Department of Student Services
  • Job Type: Administrative staff

Company Description

Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Job Description

Аға менеджер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:

1)       Университет алдындағы дайындық бағдарламасының студенттері мен бакалавриат бағдарламаларының бірінші курс студенттері (бұдан әрі – студенттер) үшін университеттік өмірге бейімдеу бағдарламасын (бірінші курс оқу бағдарламасы) әзірлеу;

2)       студенттерді университеттік өмірге бейімдеу бағдарламасын (бірінші курс оқу бағдарламасы) жүзеге асыру бойынша мектептердің жұмысын үйлестіру;

3)       студенттер үшін студенттік қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

4)       студенттерді сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуға тарту;

5)       студенттер тұлғасын жан-жақты дамытуға арналған тренингтерді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша мектеп жұмыстарын үйлестіру;

6)       оқытушыларды, жұмыскерлерді, түлектерді және өзге де мамандарды студенттерді университеттік өмірге бейімдеу бағдарламасын (бірінші курс оқу бағдарламасы) іске асыруға тарту;

7)       басқа жоғары оқу орындарының студенттері үшін университеттік өмірге бейімдеу бағдарламалары бойынша тәжірибені зерделеу және талдау (оқудың бірінші курс бағдарламасы), Бөлімшенің қызметін жақсарту мақсатында практикаларды енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

8)       оқудың бірінші жылындағы студенттік өмірге байланысты қызметке талдау жүргізу және Бөлімшенің жұмысы туралы жиынтық есепті дайындауға көмек көрсету;

9)       жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

10)  Бас менеджер болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);

11)   Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;

12)   Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

13)   Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді; 

14)   заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;

15)   жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Qualifications

Білім:

 

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Мамандықтардың басым бағыттары:

- білім беру және мәдениет саласындағы басқару;

- менеджмент және іскерлік әкімшілендіру

Білім тәжірибесі:

Кем дегенде бес жыл.

Тиісті салада магистр дәрежесі бар кемінде үш жыл

Білімі:

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- Солтүстік Американың және Ұлыбританияның білім беру жүйесін білу;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген

Дағдылары:

- өзгерістер мен жобаларды басқару дағдылары; 

- таныстырылымдарды дайындау және өткізу дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- коучинг және менторлық дағдылары

Additional Information

Басқа талаптар:

- Университеттің   мақсаттары   мен    құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- тіл табыса білу;

- топта және жеке жұмыс істей білу;

- жауапкершілік;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values