АҒА МЕНЕДЖЕРІ (ЖАТАҚХАНАЛАР БОЙЫНША)

  • Full-time
  • Department: Department of Student Services
  • Job Type: Administrative staff

Company Description

Еуразияның жүрегінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық университет – Назарбаев Университетіне қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) негізі қаланған болатын. НУ негізгі қағидаты білімді, ғылым мен инновацияларды интеграциялау болып табылатын халықаралық танылған зерттеу университеті болуға ұмтылады. НУ ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға, сол арқылы еліміздің ілгері дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.
НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі, оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар, сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

Job Description

3.      Жоғарыда көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу үшін, аға менеджер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:

1)      «Кампустағы өмір» тұжырымдамасын әзірлеу;

2)      Университеттің білім алушыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде ішкі нормативтік құжаттар шеңберінде Университеттің тұрғын үй қорын басқарудың ақпараттық жүйесін жүргізуді және пайдалануды бақылау;

3)       «Кампустағы өмір» тұжырымдамасының іске асырылуын мониторингтеу және тиімділігін бағалау;

4)       бағдарламалар бюджетін мониторингтеуді және бағдарламалардың тиімділігін талдауды қоса алғанда, бағдарламалық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;

5)      бакалавриат студенттері қатарынан жатақхана көмекшілерінің (Resident Assistant) және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар студенттері қатарынан жатақхана старосталарының (Head Residents) қызметін үйлестіру;

6)      жатақхана бойынша көмекшілерге (Resident Assistant) және жатақхана старостасына (Head Residents) олардың қызметі бойынша тренингтер өткізу және консультация беру;

7)      жатақхана көмекшілері (Resident Assistant) және жатақхана старостасы (Head Residents) қызметінің тиімділігін мониторингтеу және талдау;

8)      Университет кампусының аумағында қоғамдастықты дамыту жоспарын әзірлеу (қоғамдастыққа қатыстылық сезімін дамыту; достық, сыйластық және инклюзивті орта құру және т.б.);

9)      Бөлімше басшысына Университет кампусы аумағында студенттердің тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, студенттік өмірді жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау;

10)  Университет кампусының аумағында студенттердің сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруға оқытушыларды тартуға жәрдемдесу;

11)  Бас менеджер болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);

12)   Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;

13)   Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;

14)   Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;               

15)   заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;

16)   жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.

Qualifications

Жұмыс тәжірибесі:

Бакалавр: Кем дегенде бес жыл.

Тиісті салада магистр дәрежесімен кемінде үш жыл

 

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Мамандығы

Мамандықтардың басым бағыттары:

- білім беру саласындағы басқару;

- заңгерлік;

- гуманитарлық

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді.

Қызмет көрсету, қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қонақүй бизнесі немесе сервис саласында тәжірибесінің болғаны дұрыс

Кәсіптік құзыреті

 - Қазақстан Республикасының білім беру салаласындағы заңнамаларын білу;

- Солтүстік Америка және Ұлыбританияның білім беру жүйесін білу;

- жобаларды басқару дағдылары;

- коучинг және менторлық дағдылары;

- тәрбие жұмысы дағдылары;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру

Жеке қасиеттері

- Назарбаев Университеті құзыретінің моделі;

- Университеттің   мақсаттары   мен    құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- тіл табыса білу;

- топта жұмыс істей білу;

- жауапкершілік;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values