Қауымдыстырылған Провост (Дипломнан Кейінгі Бағдарламалар) Ассистенті

  • Full-time
  • Department: Office of the Provost
  • Job Type: Administrative staff

Job Description

1.       Ассистентке мынадай функциялар жүктеледі:

1)       Қауымдастырылған провостқа әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету (жұмыс кестесін жоспарлау, жиналыстарды ұйымдастыру, электрондық пошта арқылы кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдеу, Қауымдастырылған провосттың электрондық құжат айналымын басқару және т.б.);

2)       Қауымдастырылған провосттың қызметін жедел қолдауды қамтамасыз ету;

3)       Қауымдастырылған провосттың қызметіне қажетті мәліметтер мен материалдарды дайындауды және жинауды жүзеге асыру;

4)       Қауымдастырылған провостқа қол қоюға немесе шешім қабылдауға ұсынылатын құжаттаманың тиісті түрде ресімделуін және оның мазмұнының Университеттің ішкі нормативтік қағидалары мен ережелеріне сәйкестігін тексеру;

5)       Қауымдастырылған провосттың қызметтік іссапарларын жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыру (іссапарлар туралы құжаттарды дайындау, Университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс сапары туралы есеп беру);

6)       Қауымдастырылған провосттың сұрауы бойынша кездесулерде, қызметтік іссапарларда онымен еріп жүру;

7)       Қауымдастырылған провосттың сұрауы бойынша Қауымдастырылған провосттың және Басшының бастамасы бойынша өткізілетін жекелеген іс-шараларға әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

8)       Провосттың бастамасымен өткізілетін іс-шараларға әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

9)        Провост көмекшісі және/немесе Вице-провост ассистенті болмаған кезде (іссапарға, демалысқа, сырқаттануына байланысты) өзінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес Провост көмекшісінің және/немесе академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост ассистенті өкілеттіктерін орындау;

10)    Бөлімшенің міндеттері мен функцияларынан туындайтын хаттарды, сұраныстарды және басқа құжаттарды жасау;

11)   жоспарларды (операциялық жоспар, іс-шаралар жоспары, іс-шаралар жоспары, сатып алу жоспары) дайындауға қатысу, іс-шараларды орындау және Басшыға белгіленген есептік кезеңде орындалу мәртебесі бойынша есеп беру;

12)   белгіленген тәртіппен Бөлімшенің әкімшілік шығыстары бойынша Университеттің жылдық бюджетіне ұсыныстар мен түзетулерді жасауға қатысу;

13)  тұрақты түрде біліктілік арттыру;

14)   Қауымдастырылған провосттың және Басшының бұйрықтары мен тапсырмаларын тиісінше орындау;

15)  Бөлімше құжаттарының Университет архивіне сақтауға тапсырылғанға дейін есепке алынуын және сақталуын, олардың жай-күйін және сақталуын бақылау;

16)  Бөлімше номенклатурасына сәйкес істерді архивке сақтауға тапсыру;

17)  жыл сайын Бөлімшенің істер номенклатурасының жобасын әзірлеу;

18)  Бөлімшеде іс қағаздарын жүргізу;

19)  Бөлімшеде қорғалуы тиіс Университет бланкілерін беру, сақтау, есепке алу;

20)   жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

21)  өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Қауымдастырылған провост, Басшысы мен Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

2.       Жоғарыда көрсетілген функцияларды орындау мақсатында Ассистент:

1)       басшысы мен Университет басшылығының тапсырмаларын тиісінше және белгіленген мерзімдерде орындауға;

2)       Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;

3)       қызметтік міндеттерін адал атқаруға;

4)       еңбек және атқарушылық тәртіпті қатаң түрде сақтауға;

5)       Университеттің жалпыға міндетті сипаттағы ішкі құжаттарының ережелерін сақтауға;

6)       жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде басшы тағайындаған басқа тұлғаға қағаздағы, сол сияқты электронды жеткізгіштегі  барлық қолда бар құжаттама мен ақпаратты, ал оның есебіндегі мүлікті Университеттің материалдық жауапты тұлғаларына тапсыру-қабылдау актісі бойынша беруді жүзеге асыруға міндетті.

Qualifications

1) Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

2) Мамандығы

Мамандықтардың басым бағыттары:

- білім беру;

- мемлекеттік саясат

- әкімшілендіру немесе ұқсас сала

3) Жұмыс тәжірибесі

Мүмкіндігінше білім беру ұйымдарында және/немесе халықаралық топтарда 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі

4) Кәсіптік құзыреті

- Ақпарат пен материалдарды талдау және жүйелеу қабілеті;

- қысқа мерзім болған кезде тиімді жұмыс істей білу;

- жеке, сол сияқты командада жұмыс істей білу;

- жобаларды ұсыну дағдылары;

- уақытты тиімді басқару және жоспарлау мүмкіндігі;

- жазу және сөйлеу дағдылары;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;

- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Additional Information

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values