Провост офисі/Инженерлік-техникалық қызметтің желдеткіш және газбен жабдықтау жөніндегі аға инженері

  • Full-time
  • Department: Office of the Provost
  • Job Type: Technical and support services staff

Job Description

  • газбен жабдықтау, желдету жүйелері және газбен жабдықтау мен желдетудің АБЖД  жүйелері бойынша инженерлердің жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
  • газбен жабдықтау, желдету жүйелері және газбен жабдықтау мен желдетудің АБЖД  жүйелерінің жұмыс істеу жағдайы мен эксплуатациялық тәртібін қамтамасыз ету;
  • газбен жабдықтау, желдету жүйелері және газбен жабдықтау мен желдетудің АБЖД  жүйелерінің қолдану  құжаттамасын жасау және жүргізу;
  • жүйелер мен жабдықтарды жөндеу және тексеру кестелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • ақауларды жою;
  • ауаның тозаңдануы, газбен ластануы және ауа қозғалысының жылдамдығы бойынша бақылау өлшемдерін жүзеге асыру;
  • өз жауапкершілігі аясында қажетті рұқсаттарды, лицензиялар мен басқа да құжаттарды уақтылы алу;
  • газбен жабдықтау және желдету жүйелерін жобалауға, салуға және пайдалануға беруге қатысу;
  • технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі, табиғатты қорғау, санитариялық органдар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Мекеменің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • Қызметтің тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу;
  • өз лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Басшының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Qualifications

  • Жоғары техникалық білім
  • Мамандықтардың басым бағыттары:
    - Техникалық
    - Инженерлік
  • Талап етілетін жұмыс тәжірибесі мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес.
  • Мамандығы бойынша 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі болғаны дұрыс.
  • Жобалау құжаттамасымен жұмыс тәжірибесі;
  • ғимараттар мен зертханаларды эксплуатациялау кезінде пайдаланылатын инженерлік-техникалық жүйелерді білу;
  • ҚР негізгі нормативтік-техникалық құжаттарын білу;
  • AutoDeck бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары;
  • MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу.
  • жауапкершілік;
  • өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;
  • командада жұмыс істей білу;
  • өз әлеуетін іске асыруға дайын болу.