Оқытушы Ассистенті, Компьютерлық ғылымдар кафедрасы

  • Полная занятость
  • Отдел: Computer Science Department
  • Job Type: Administrative-academic staff

Описание компании

Инженерия және Цифрлық Ғылымдар мектебі, Назарбаев Университет

Описание вакансии

Оқытушының ассистентіне мынадай функциялар жүктеледі:

1) тиісті курстың кемінде 90% лекциясына (немесе тең мәнді) қатысу;

2) Мектеп басшылығының жазбаша келісімі болған жағдайда Мектептің зерттеу жобаларына қолдау көрсету;

3) студенттерге арналған оқу материалдары мен тапсырмаларын дайындауға көмек көрсету;

4) профессорлар ұсынған тапсырмаларды меңгеру және оқыту тұжырымдамасын нығайту мақсатында оқушыларға жеке түрде немесе шағын топтарда оқыту және көмек көрсету;

5) үй тапсырмалары мен тестілерді бағалауға, нәтижелерді есептеуге және жазуға, жауаптарды немесе бағалау үшін электрондық құрылғыларды қолдану арқылы көмек көрсету;

6) Мектептің оқу бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету;

7) кафедра дәрістерін толықтыратын оқу материалдарын дайындауға, пікірталастар мен оқу сабақтарын өткізуге оқытушыларға көмек көрсету;

8) зертханалық сабақтар үшін шығыс материалдары мен жабдықтарын дайындау;

9) қабылдау сағаттарын өткізу және студенттердің зерттеу жобаларына қолдау көрсету;

10) оқытушы-профессорлар құрамы мүшесінің тікелей басшылығымен болған және Мектеп Деканы жазбаша келісім берген жағдайда дәрістердің жалпы санының 10%-нан артық емес оқу;

11) Декан және Кафедра меңгерушісі тағайындаған басқа да міндеттерді орындау;

12) өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде хат жазысуды жүргізу;

13) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

14) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттілігі шеңберінде Мектеп басшылығының, сондай-ақ Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

6. Жоғарыда көрсетілген функцияларды орындау мақсатында Оқытушы ассистенті:

1) Мектеп басшылығы мен Университет басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде және белгіленген мерзімде орындауға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;

3) қызметтік міндеттерді адал орындауға;

4) еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға;

5) Университеттің жалпы міндетті сипаты бар ішкі құжаттарының ережелерін сақтауға;

6) жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде Басшы белгілеген басқа тұлғаға барлық қолда бар құжаттама мен ақпаратты қабылдау-тапсыру актісі бойынша қағаз, сондай-ақ электронды тасығыштарда беруді жүзеге асыруға, ал оның есебіндегі мүлікті Университеттің материалдық-жауапты адамдарына тапсыруға міндетті.

 

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында болғаны жақсы;

Магистратура бағдарламалары бойынша оқытушылардың ассистенттері үшін тиісті білім саласындағы магистр дәрежесі міндетті шарт болып табылады.

Магистратура бағдарламасының түлектеріне және Университеттің докторантура бағдарламасының  студенттеріне артықшылық беріледі

Мамандықтардың басым бағыттары:

- Инженерлік-техникалық;

- Химия-технологиялық;

- Инженерлік-құрылыс;

- Компьютерлік ғылымдар

Дополнительная информация

Кәсіби құзыреті

 

- Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;

- таныстырылымдарды жасау және өткізу дағдылары;

- аналитикалық қабілеттер;

- зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;

- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Жеке құзыреті 

- Назарбаев Университетінің құзыреттілік моделі;

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;

- өз бетінше және командада жұмыс істей білу;

- адамдармен тіл табыса білу;

- жауапкершілік;

- стреске төзімділік;

- бастамашылық;

- жұмысқа жауапты көзқарас

Процесс подбора персонала

Пожалуйста откликнитесь на вакансию через сайт https://nu.edu.kz/working-at-nu/jobs-at-nu

Подбор персонала  в Назарбаев Университете включают следующие процессы: предварительный отбор на основе опыта и квалификации, оценки (например, технические навыки, способности, личность, образцы работы, неформальные собеседования) и мотивацию.

Финальное собеседование - это заключительный этап процесса . Обычно  собеседования основаны на ценностях и поведении  и проводятся на английском языке. Вам будет предложено поделиться своими взглядами и ценностями, чтобы определить, насколько они соответствуют основным ценностям Назарбаев Университета.