Зертхана Координаторы, Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы

  • Полная занятость
  • Отдел: Department of Chemical and Materials Engineering
  • Job Type: Administrative staff

Описание компании

Инженерия және Цифрлық ғылымдар мектбі, Назарбаев Университет

Описание вакансии

Зертхананың координаторына мынадай атқарымдар жүктеледі:

1)       Деканға, Басшыға және Мектеп зертханасының аға координаторына жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсету және зертхана ассистенттерінің жүктемесін бөлу;

2)       жабдықтар мен зертханалардың қажетті жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, зертханалар мен жабдықтардың жай-күйіне мониторинг жүргізу;

3)       зертханаларда бар материалдар тізімін түгендеуді және өзектілеуді тұрақты негізде жүргізуді бақылау;

4)       шығындар бойынша қолда бар деректердің негізінде зертханалық жабдықтарға, материалдарға және реагенттерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

5)       Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментімен бірге жетекшілік ететін бағыт шеңберінде Мектептің зертханаларында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті құралдары туралы ақпаратты шоғырландыру;

6)       Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірге зертханаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру;

7)       зертханада жұмыс істеу үшін тағайындалған тұлғалар үшін жабдықтарды пайдалану жөнінде тренингтерді өткізу;

8)       өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде зертханада жұмысқа тағайындалған адамдар үшін зертханада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде нұсқамаларды жүргізу;

9)       Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес зертханаларда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын бақылау;

10)  ықтимал қауіпті жұмыстар түрлері үшін жабдықтар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарға арналған стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) әзірлеуде зертхана ассистентіне көмек көрсету және тексеру;

11)  жетекшілік ететін бағыттағы зертханаларда СОР, ықтимал қауіпті жұмыстар түрлері үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың және басқа да қауіпсіздікпен байланысты құжаттардың бар болуын қамтамасыз ету;

12)  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тиісті есепті кезеңге бюджеттік өтінімді дайындау;

13)  операциялық бюджет жоспарына сәйкес шығыс материалдарын уақтылы есептен шығару;

14)  зертханалар үшін сатып алу жоспарын (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) ұйымдастыру;

15)  нұсқаулыққа немесе техникалық сипаттамаларды растайтын басқа да құжаттарға сәйкес сатып алуға арналған техникалық сипаттізімін тексеру;

16)  қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде зертхана үшін сатып алынған жабдықтар мен шығыс материалдарын қабылдау, тексеру, сынау процестеріне қатысу;

17)  техникалық сипаттізімдерін әзірлеуге қатысу және шарттар мен қосымша келісімдер жасау үшін құжаттарды дайындау;

18)  өз құзыреті шеңберінде Мектептің басшылығымен келісе отырып, Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының сұрауы бойынша есептер, ақпарат пен мәліметтер беру;

19)  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

20)  өзінің ақтарымдық міндеттері шеңберінде хат жазысуды жүргізу;

21)  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

22)  өз лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Университет басшылығы мен Деканның басқа да тапсырмаларын уақылы орындау.

6. Жоғарыда көрсетілген атқарымдарды орындау мақсатында Зертхананың координаторы:

1)       Деканның, Басшы мен Университет басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде және белгіленген мерзімде орындауға;

2)       Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;

3)        қызметтік міндеттерді адал орындауға;

4)       еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға;

5)       Университеттің жалпыға міндетті сипаты бар ішкі құжаттарының ережелерін сақтауға;

6)        жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде Басшы белгілеген басқа тұлғаға барлық қолда бар құжаттар мен ақпаратты қағаз, сондай-ақ электронды тасығыштарда, ал оның есебіндегі мүлікті Университеттің материалдық жауапты тұлғаларына қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсыруды жүзеге асыруға міндетті.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алғаны жақсы

Мамандықтардың басым бағыттары:

- инженерлі-техникалық;

- химия-технологиялық;

- инженерлі-құрылыс;

- компьютерлік ғылымдар

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады

Дополнительная информация

Кәсіби құзыреті

-      Ақпараттың ауқымды көлемімен жұмыс істей білу;

-      зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары;

-      зертханалық жабдықтарды және шығыс материалдарын сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру процестерін білу;

-      зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын білу;

-      аналитикалық қабілеттер;

-      сауаттылық;

-      MS Office бағдарламасының тәжірибелі пайдаланушысы;

-      ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Жеке құзыреті

-      Назарбаев Университетінің құзыреттілік моделі;

-      Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;

-      өз бетінше және командада жұмыс істей білу;

-      адамдармен тіл табыса білу;

-      жауапкершілік;

-      стреске төзімділік;

-      бастамашылдық;

-      жұмысқа жауапты көзқарас

Процесс подбора персонала

Пожалуйста откликнитесь на вакансию через сайт https://nu.edu.kz/working-at-nu/jobs-at-nu

Подбор персонала  в Назарбаев Университете включают следующие процессы: предварительный отбор на основе опыта и квалификации, оценки (например, технические навыки, способности, личность, образцы работы, неформальные собеседования) и мотивацию.

Финальное собеседование - это заключительный этап процесса . Обычно  собеседования основаны на ценностях и поведении  и проводятся на английском языке. Вам будет предложено поделиться своими взглядами и ценностями, чтобы определить, насколько они соответствуют основным ценностям Назарбаев Университета.