Зертхана Көмекшісі, Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы

  • Полная занятость
  • Отдел: Department of Electrical and Computer Engineering
  • Job Type: Administrative-academic staff

Описание компании

Инженерия және Цифрлық Мектебі, Назарбаев Университет

Описание вакансии

Зертхананың көмекшісіне мынадай атқарымдар жүктеледі:

1)           зертханалық сабақтарды дайындауда Мектептің оқытушыларымен және оқутышылар көмекшілерімен ынтымақтастық орнату;

2)           зертханалық сабақтар үшін қажетті шығыс материалдар мен жабдықтарды дайындау;

3)           оқытушының ассистенттерімен бірге зертханалық сабақтарды модельдеу;

4)           зертханаларды жүйелі тексеру аралаударды жүргізу;

5)           зертханалық жабдыққа қызмет көрсетуге, оны орнатуға,  баптауға және ағымдағы сынақтауларды жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру;

6)           зертханалық жабдықтарды жақсы жұмыс жағдайында ұстау, қажет болған жағдайда Провост офисінің Инженерлік-техникалық қызметін тарту;

7)           зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарына түгендеу жүргізу;

8)            зертханада жұмыс істеу үшін Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментімен (бұдан әрі – ДСЕҚД) бірлесіп қорғау құралдарына және басқа да қажетті құралдарға қажеттілігін айқындау;

9)           зертханада (жұмыс орнында) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаманы тіркеу журналдарында жазба жүргізу;

10)      ДСЕҚД-мен бірлесіп ықтимал қауіпті жұмыстар түрлері үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жабдықтар мен нұсқаулықтар үшін стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) әзірлеу;

11)      зертханада жұмыс істеуге тағайындалған тұлғалар үшін жабдықтарды пайдалану бойынша тренингтер өткізу;

12)       негіздемелерді дайындауды қоса алғанда, тиісті есепті кезеңге арналған бюджеттік өтінімді дайындауға жәрдемдесу;

13)       бастамашымен бірге тауарларды сатып алуды жүзеге асыру үшін техникалық құжаттаманы дайындау;

14)      қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде зертхана үшін сатып алынған жабдықтар мен шығыс материалдарын қабылдау, тексеру, сынау процестеріне қатысу;

15)      Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің негізгі құралдарын жыл сайынғы түгендеуге қатысу;

16)      Университеттің қоймаларынан қажетті шығыс материалдарын есептен шығаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындау;

17)      Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының сұрауы бойынша, Мектеп басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шеңберінде есептемелер, ақпарат пен мәліметтерді беру;

18)       жетекшілік ететін бағыт шеңберінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

19)       өзінің атқарымдық міндеттерінің шеңберінде хат жазысуды жүргізу;

20)      жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

21)       өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Декан мен Басшының, сондай-ақ Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын уақытылы орындау.

6. Жоғарыда көрсетілген атқарымдарды орындау мақсатында Зертхананың көмекшісі:

1)       Деканның, Басшы мен Университет басшылығының тапсырмаларын тиісті түрде және белгіленген мерзімде орындауға;

2)       Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;

3)        қызметтік міндеттерді адал орындауға;

4)       еңбек және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға;

5)       Университеттің жалпы міндетті сипаты бар ішкі құжаттарының ережелерін сақтауға;

6)        жұмыстан босатылған немесе басқа лауазымға ауысқан кезде Басшы белгілеген басқа тұлғаға барлық қолда бар құжаттар мен ақпаратты қағаз, сондай-ақ электронды тасығыштарда, ал оның есебіндегі мүлікті Университеттің материалдық жауапты тұлғаларына қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсыруды жүзеге асыруға міндетті.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алғаны жақсы

Мамандықтардың басым бағыттары:

- инженерлі-техникалық;

- химия-технологиялық;

- инженерлі-құрылыс;

- компьютерлік ғылымдар

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады

Дополнительная информация

Кәсіби құзыреті

-           Жабдыққа немесе шығыс материалдарына техникалық құжаттаманы дайындаудың негізгі принциптерін білу;

-           базалық зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары;

-           зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын білу;

-           MS Office бағдарламаларын білу;

-           ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру

Жеке құзыреті

-           Назарбаев Университетінің құзыреттілік моделі;

-           Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;

-           өз бетінше және командада жұмыс істей білу;

-           адамдармен тіл табыса білу;

-           жауапкершілік;

-           стреске төзімділік;

-           бастамашылдық;

-           жұмысқа жауапты көзқарас

Процесс подбора персонала

Пожалуйста откликнитесь на вакансию через сайт https://nu.edu.kz/working-at-nu/jobs-at-nu

Подбор персонала  в Назарбаев Университете включают следующие процессы: предварительный отбор на основе опыта и квалификации, оценки (например, технические навыки, способности, личность, образцы работы, неформальные собеседования) и мотивацию.

Финальное собеседование - это заключительный этап процесса . Обычно  собеседования основаны на ценностях и поведении  и проводятся на английском языке. Вам будет предложено поделиться своими взглядами и ценностями, чтобы определить, насколько они соответствуют основным ценностям Назарбаев Университета.