1. Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Академиялық және студенттік істер жөніндегі менеджері

  • Полная занятость
  • Job Type: Administrative staff
  • School: School of Engineering and Digital Sciences

Описание вакансии

1)      Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларының студенттерімен, профессорларымен және түлектерімен академиялық және студенттік мәселелер бойынша операциялық және әкімшілік жұмыстар жүргізу;

2)      жетекшілік ететін академиялық бағдарламалар бойынша оқитын студенттер бойынша тәртіптік комиссиясының, сондай-ақ Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында өзге де комитеттерінің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

3)      Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында Мектеп бастамашылық еткен шарттар мен қосымша келісімдерді жасау және орындау бойынша іс-шараларды өткізу;

4)      Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларымен көзделген студенттердің өндірістік практикасынан өту процесін ұйымдастыру;

5)      қажет болған жағдайда студенттерді Мектептің академиялық бағдарламаларына қабылдау процесіне, сондай-ақ Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, оларды кейіннен Мектепте бағдарлауға және бейімдеуге қатысу;

6)      студенттерді тіркеу, ауыстыру, оқудан шығару және оқу бітіру процестерін, сондай-ақ Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жетекшілік ететін Мектептің академиялық бағдарламаларының емтихан процесін ұйымдастыру;

7)      студенттердің дипломдық және курстық жобаларын орындау барысында жұмсаған шығыстарын өтеу немесе төлеу мақсатында іс-шараларды, сондай-ақ Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары студенттерінің сапарларын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

8)      Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларының студенттерімен кері байланыс бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, алынған деректерді жинақтау және талдау;

9)      академиялық бағдарламаларды ілгерілету бойынша іс-шараларға, соның ішінде Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, академиялық бағдарламаларға студенттерді тартуға бағытталған Мектептің іс-шараларына қатысу;

10)  Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларына шақырылған дәріскерлердің қатысуымен қонақ дәрістерін, семинарларды, конференцияларды дайындау және ұйымдастыру;

11)   әр семестр аяқталғаннан кейін Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары студенттерінің дипломдық және емтихан жұмыстарын жинақтауды, сұрыптауды және мұрағаттауды қамтамасыз ету;

12)  профессорларға оқу процесін ұйымдастыру бойынша, студенттерге академиялық үлгерім мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламаларының "тәуекел топтары" деп аталатын топтарынан академиялық үлгермейтін студенттерді анықтау және қолдау көрсету;

13)  Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында тиісті қаржы жылына және орта мерзімді кезеңге арналған Мектептің бюджеттік өтінімі мен инвестициялық жоспарын қалыптастыру процесіне қатысу;

14)  Мектептің жетекшілік ететін академиялық бағдарламалары аясында кіріс хат-хабарлармен, Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұраныстарымен жұмыс, азаматтардың хаттарына, өтініштеріне уақтылы жауап беру;

15)  жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

16)  өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттілігі аясында Мектептің Деканы мен Басшының, сондай-ақ Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс

Мамандықтардың басым бағыттары:

-     менеджмент;

-     экономика;

-     қаржы;

-     білім беруді басқару;

-     мемлекеттік басқару;

-     іскерлік әкімшілендіру;

-     педагогика;

лингвистика

Дополнительная информация

-     Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы заңнамасын білу;

-     білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу саласындағы білімдері;

-     үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істей білу;

-     студенттермен психологиялық және тәрбие жұмыстарын жүргізу дағдылары;

-     келіссөздер жүргізудің озық дағдылары;

-     жұмыс процесін жоспарлаудың базалық дағдылары;

-     MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын; Google (Docs, Spreadsheets, Forms, Slides, Drive) өнімдерін, студенттерді хабардар ету және тіркеу, Moodle жүйелерін білу;

-     қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру