Біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша менеджері

  • Qabanbay Batyr Ave, Nur-Sultan 020000, Kazakhstan
  • Полная занятость

Описание вакансии

- іске асырылатын білім беру жобалары мен біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша қаржы-шаруашылық қызметке кешенді талдау жүргізу;

- Мектеп іске асыратын білім беру жобаларын әкімшілік қолдауды жүзеге асыру;

- білім беру жобалары мен біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша қаржылық кемшіліктерді жою және қаражатты жұмсау бойынша Мектеп басшылығына ұсыныстар енгізу;

- іске асырылатын жобалар мен біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша бюджетті қалыптастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті жасау;

- жетекшілік ететін бағыт аясында шарттардың орындалуына уақтылы мониторинг жүргізуде біліктілікті арттыру бағдарламаларын сапалы жасау және олар бойынша директорға жәрдемдесу;

- іске асырылатын білім беру жобалары мен біліктілікті арттыру бағдарламалары аясында баяндамалар, талдамалық материалдар мен хаттар дайындау;

- бюджеттік заңнамаға сәйкес негізделген құжаттаманы дайындау, іске асырылатын және жоспарланатын жобалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді және техникалық ерекшелікті жасау жөніндегі жұмыстарды келісу және жоспарлау;

- Мектептің жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, өзінің құзыреті аясында есеп беру;

- өзінің құзыреті аясында Мектеп басшылығына атқарылған жұмыс туралы есеп беру;

- жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

- өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Мектеп Деканы мен басшысының және Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Жоғары кәсіби, ағылшын тілінде оқытылған жоғары оқу орындарында білім алғаны құпталынады.

Мамандықтардың басым бағыттары:

- Экономика;

- Қаржы;

- Білім саласындағы менеджмент.

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді;

- ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы артықшылық болып табылады

- Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;

- ұйымдастырушылық және коммуникациялық дағдылар (ауызша және жазбаша);

- аналитикалық дағдылар;

- бюджет жасау дағдылары;

- өзгерістер мен жобаларды басқару дағдылары.

Дополнительная информация

- Назарбаев Университеті құзыретінің моделі;

- сын тұрғыда ойлау;

- командада жұмыс істей білу;

- жауапкершілік;

- стресске төзімділік;

- қысқа мерзімдерде тиімді жұмыс істей білу.

Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.

MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу.