Бас менеджер (академиялық және студенттік істер жөніндегі), Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі

  • Qabanbay Batyr Ave, Nur-Sultan 020000, Kazakhstan
  • Full-time

Job Description

1)    Басшыға Мектептің академиялық және студенттік мәселелер жөніндегі әкімшілік персоналын қызметін ұйымдастыруға, жоспарлауға және үйлестіруге, сонымен қатар оларға тәлімгерлік және әдістемелік көмек көрсетуге көмектесу;

2)         Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің оқу бағдарламаларына халықаралық аккредитацияны дайындау және алу процесіне қатысу;

3)         Мектептің және Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің оқу бағдарламаларының оқу жоспарларын құру, қарау және жетілдіру процесіне қатысу;

4)         Мектептің және Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, сабақ кестесін үйлестіру, оқу процесі туралы есептер мен статистикалық мәліметтерді, сонымен қатар Мектептің барлық оқу бағдарламалары бойынша оқушылардың үлгерімін үйлестіру;

5)         Мектептің және Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, басқарылатын бағыт аясында Мектеп бастамашылық жасаған келісімшарттар мен қосымша келісімдердің жасалуы мен орындалуын бақылау;

6)         Мектептің академиялық бағдарламаларына жұмысқа қабылдау және оқуға байланысты процестерді бақылау, сонымен қатар Мектептің және Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірге мектепке қабылдау жоспарын жасау;

7)         Мектепті және академиялық бағдарламаларды ілгерілетудің тиімді маркетингтік стратегиясын іске асырумен, Мектептің жалдау жоспарын орындаумен, Университеттің интернационализация стратегиясын, Мектептің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен, Назарбаев Университетінің тәжірибесін қазақстандық жоғары оқу орындарына тарату іс-шараларымен байланысты мәселелерді үйлестіру және бақылау;

8)         оқу мәселелері және оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша Мектептің кафедра меңгерушілері мен профессорларына кеңес беру және көмектесу;

9)         қажет болған жағдайда оқу процесін, рекрутингтік қызметті, студенттерді қабылдау процесін және Мектептің академиялық бағдарламаларын ілгерілету бойынша ұсыныстар енгізу;

10)     жетекшілік ететін бағыт аясында ішкі аудиттің ұсынымдарының, сондай-ақ Университет басшылығының Мектепке жетекшілік ететін саланың құрамына кіретін хаттамалық нұсқаулықтарының орындалуын шоғырландыру, жүргізу және бақылау;

11)     жетекшілік ететін бағыт аясында тиісті қаржы жылына және орта мерзімді кезеңге арналған Мектептің бюджеттік өтінімі мен инвестициялық жоспарын жасау процесіне қатысу;

12)     жетекшілік ететін бағыт аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

Qualifications

Мамандықтардың басым бағыттары:

-     менеджмент;

-     экономика;

-     қаржы;

-     білім беруді басқару;

-     мемлекеттік басқару;

-     іскерлік әкімшілендіру;

-     педагогика;

лингвистика

доктор/ іскерлік әкімшілендіру докторы дәрежесі болғанда мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде 1-2 жыл басшылық лауазымда, немесе

магистр дәрежесі болғанда мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде 2-3 жыл басшылық лауазымда; немесе

            бакалавриат дәрежесі,  немесе жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес  маман, оның ішінде 5-7 жыл басшы лауазымдарда немесе нақты лауазымның қызметтік бағыттарына сай салаларда мемлекеттік қызметте, халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда немесе  «Назарбаев Университетінде» кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Additional Information

-     Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы заңнамасын білу;

-     білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу саласындағы білімдері;

-     үлкен көлемді ақпаратмен жұмыс істей білу;

-     студенттермен психологиялық және тәрбие жұмыстарын жүргізу дағдылары;

-     келіссөздер жүргізудің озық дағдылары;

-     бизнес-процестерді талдау және құру;

-     маркетинг қағидаттарын пайдалана білу;

-     тиімді жедел басқару дағдылары;

-     жұмыс процесін есепке алу, мониторинг және жоспарлау саласындағы озық дағдылар;

-     тәуекелдерді басқару негіздерін білу;

-     жоғары аналитикалық және ұйымдастырушылық дағдылар;

-     MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын; Google (Docs, Spreadsheets, Forms, Slides, Drive) өнімдерін білу;

қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру

Videos To Watch