Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (адами ресурстарды басқару) менеджері

  • Полная занятость
  • Job Type: Administrative staff

Описание компании

Назарбаев Университеті (НУ) – Астана, Қазақстан қаласында орналасқан бүкіл әлемнің басқа да жетекші серіктес ЖОО-ның қолдауымен құрылған батыс стиліндегі жаңа ағылшын тілді институт. НУ халықаралық әріптестері Висконсин-Мэдисон, Кембридж университетінің, Лондон Колледж Университеті мен Сингапур ұлттық университетін, соның ішінде әлемнің ең үздік 30 жоғары оқу орындарының алтауын қамтиды. Университет халықаралық серіктестермен әзірлеген қатаң стандарттарды ұстанып, аймақтың үздік студенттерін ғана қабылдайды. НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2013 жылы өзінің алғашқы студенттерін қарсы алды. Мектептің әріптес мектебі Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі болып табылады.

Описание вакансии

·         Бөлімшеде адами ресурстарды басқару саласында, соның ішінде адами ресурстарды басқару саясаты мен стратегиялары саласында Университеттің ішкі құжаттарын енгізілуін қамтамасыз ету және ұстану;

·         персоналды жалдау бойынша мәселелерді әкімшілендіру (бос лауазымдарды талдау,  жеке еңбек шарттары және өзге кадрлық құжаттар мерзімдерін мониторингтеу);

·         Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімшенің әкімшілік персоналын іріктеу процесін әкімшілендіруге қатысу

·         Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімшенің оқытушы-профессорлар құрамын (бұдан әрі – ОПҚ) іріктеу бойынша халықаралық конкурстық комиссияны өткізу процестеріне дайындық және оларды толық әкімшілендіру

·         Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бөлімшенің ОПҚ-сымен еңбек шарттарын ұзарту бойынша комитеттердің отырыстарын ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсету;  

·         Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімшенің ОПҚ-ны лауазым бойынша ілгерілету жөніндегі комитеттерінің отырысын өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындау және өткізуге көмек көрсету;

·         Бөлімше қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді уақтылы енгізу;

·         жеке құрамы бойынша кадрлық құжаттар есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ,  кейін Университеттің тиісті әкімшілік бөліміне тапсыру;

·         дерекқорларды және  адами ресурстарды басқару бойынша ақпараттық жүйеде  кадр есебін жүргізу;

·         адами ресурстарды басқару саласындағы Университеттің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу;

·         Университеттің Академиялық және Басқарушы кеңестерінің күн тәртібіне сондай-ақ Бөлімше қызметкерлерінің штат санына өзгерістер енгізуге байланысты мәселелерді енгізу үшін қажетті құжаттарды дайындау;

·         Бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу/ жаңарту және бекіту;

·         Бөлімше қызметкерлерінің медициналық сақтандыруды алу, сондай-ақ қызметкерлерге медициналық сақтандыру қағидалары мен талаптары бойынша консультациялық қолдау көрсету бойынша құжаттарды жинау, дайындау және беру;

·         Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімше қызметкерлерінің жеке істерін дайындау және Университет Мұрағатына тапсыру;

·         Университет ұйымдастыратын семинарлар мен тренингтерден өтуде Бөлімшенің академиялық персоналына көмектесу;

·         Бөлімшенің қызметкерлері бойынша тәртіптік процестерді жүргізу және сүйемелдеу;

·         Бөлімше қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу;

·         Бөлімше бюджетін оның құзыретіне енетін бөліктер бойынша қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау;

·         Бөлімше бюджетінің оның құзыретіне енетін бөліктері бойынша орындалуы туралы есептерді талдау және жасау;

·         Бөлімшенің негізгі қызметі бойынша шешімдерді әзірлеу, өзара іс-қимыл процестерін жақсарту үшін ұсынымдарды дайындау;

·         стратегиялық серіктестен келген оқытушылар мен делегацияларға визалық қолдау көрсету;

·         Университеттің әкімшілік бөлімшелерімен қажеттілігіне қарай есептер мен деректерді ұсынуда ынтымақтасу;

·         Университет басшылығының Бөлімшеге берген оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейін Бөлімшенің Басшылары үшін олардың орындалуы бойынша есептерді дайындау;

·         Бөлімшенің ОПҚ-сы мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдарында тіркелу мәселелері бойынша қажетті құжаттарды алу процесі бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

·         Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша Басшылардың келісімімен оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша есептер мен деректерді ұсыну;

·         Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша сақталуын мониторингтеу;

·         жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

·         өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Бөлімше Басшылары мен Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс.

Мамандықтардың басым бағыттары:

- Юриспруденция;

- Адами ресурстарды басқару;

- Менеджмент;

- Бизнес әкімшілендіру.

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді;

CIPD, SHRM кәсіби сертификатының болғаны дұрыс.

Кәсіптік құзыреті

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;

 - персоналды іріктеу саласындағы процестер мен құралдарды білу;

- халықаралық және жергілікті нарықта персоналды іріктеу дағдылары;

- адами ресурстарды басқару және кадр іс қағаздарын жүргізу саласындағы процестер мен құралдарды білу;

-  келіссөздер жүргізудің жеткілікті дамыған дағдылары, персоналды іріктеу үдерісін жоспарлау дағдылары;

- үміткерлермен сұхбаттасуды жүргізу дағдылары;

- жоғары аналитикалық және ұйымдастырушылық дағдылары;

- кадр іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу;

- құжаттаманы ағылшын тіліне аудару дағдылары;

- 1C, MS Office (Microsoft Word, Excel, PowerPoint), сондай-ақ адами ресурстарды басқару бойынша ақпараттық жүйені меңгеру;

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

Жеке қасиеттері

- Университет құзыретінің моделі;

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- жауапкершілік;

- тіл табысуға бейімділік;

- командада жұмыс істей білуі;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері;

- әр түрлі мәдениеттер және ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білуі.

Дополнительная информация

Бос орындар толтырылмайынша ашық болады. Қысқа тізімге енгізілген үміткерлер ғана хабарланады.