Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Ғылыми және операциялық мәселері бойынша маманы

  • Полная занятость
  • Отдел: School of Humanities and Social Sciences
  • Job Type: Administrative staff
  • School: School of Humanities and Social Sciences

Описание вакансии

1)       Бөлімшенің барлық ғылыми жобалары бойынша Университеттің әлеуметтік саясаты шеңберінде гранттарға (бұдан әрі - гранттар) өтінімдер жинау;

2)       Бөлімшенің барлық ғылыми жобалары бойынша сарапшылармен және тапсырыс берушілермен шарттар дайындау, келісу;

3)       оқытушы-профессорлар құрамының ( бұдан әрі - ОПҚ) гранттарды орындауын мониторингілеу;

4)       Бөлімшенің барлық сыртқы/ішкі ғылыми жобалары бойынша қаржылық есептер дайындауға көмектесу;

5)       Бөлімшенің ғылыми жобалары қызметі бойынша Университет бөлімшелерімен және сырт тараптармен хат-хабар алмасуды жүргізу;

6)       Университеттің мүдделі бөлімшелерімен бірлесіп Бөлімшенің гранттары бойынша жұмысты әкімшілендіру;

7)       ғылыми жобалар бойынша Университетпен жұмыста ОПҚ-ға көмектесу; ғылыми іссапарларға өтінімдер мен өкімдерді дайындау және ресімдеу;

8)       Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұратуы бойынша Басшылардың келісімімен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептер мен деректер ұсыну;

9)       ғылыми бөлікте Бөлімше бюджетінің қалыптасуына көмек көрсету;

10)  ғылыми бөлікте Бөлімше бюджетінің орындалуы туралы есептер қалыптастыруға көмектесу;

11)  Университеттің әлеуметтік саясатында көзделген Оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі - ОПҚ) шығыстарын өтеуге арналған өтініштер мен қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асыру;

12)           Бөлімше ОПҚ-на өтелетін шығыстарын мониторингілеу, есепке алу және талдау; 

13)  өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының сақталуын мониторингілеу;

14)  Университет басшылығының Бөлімшеге оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейіннен олардың орындалуы бойынша Басшыларға есептерін дайындау;

15)  өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімше қызметкерлеріне  консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

16)  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингілеу процестеріне қатысу;

17)  өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігі шегінде Бөлімше Басшылардың өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс.

Мамандығы

Мамандықтардың басым бағыттары:

 - Қаржы;

 - Экономика;

 - Менеджмент

 - Юриспруденция.

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді.

Кәсіптік құзыреті

-  бюджеттендірудің негіздерін білу;

-  құжаттардың қаржылық есептемесін қалыптастыруды білу;

-  жобалармен жұмыс істей білу;

 - жоғары талдау және ұйымдастыру дағдылары;

- іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу дағдылары;

- құжаттамаларды ағылшын тіліне аудару дағдысы;

- MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын кәсіби меңгеру;

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі.

Жеке қасиеттері

- Университет құзыретінің моделі;

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- жауапкершілік;

- тіл табысуға бейімділік;

- командада жұмыс істей білуі;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері;

- әр түрлі мәдениеттер және ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білуі.